Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

Сариева Айым Марсовна
Преподаватель социально-гуманитарных дисциплин
Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

 

"Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың

жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған

білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр"

Назарбаев Н.Ә.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.

Білім беруді ақпараттандыру :

• Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

• Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге ;

• Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

• Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болды.

1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.

2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .

3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.

Бұдан қол жеткізетін жетістіктер:

1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалықжәне лексикалық оқу маралдарын өңдеу.

2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.

3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.

4. Ғаламтор желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу. Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық үрдіс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады.Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;

- Этнопедагогикалық тәрбие береді;

- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- Оқытушының уақытын үнемдейді;

- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны, қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

Осы тақырып бойынша басқа жаңалықтар

Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану

Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы

Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информ

Білім беруді ақпараттандыру

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың болашағы мен дамуы

Ақпарат

Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сонымен қатар заманауи әлемдік үдерістерінің жағдайларында неге адам капиталы басты орын алатынын білу үшін жақын арадағы жылдарға және тіпті онжылдықтарға еліміздің алдында қандай тапсырма тұрғанына көз жеткізу керек. 2012 жылдың желтоқсан айында еліміздің Президенті айтып кеткендей «Қазақстан - 2050» мемлекет дамуының жаңа әрі маңызды стратегиясы мемлекет дамуының жаңа векторын көрсетіп қана қоймай, Республиканы өңірдегі көшбасшылар қатарына, және де Қазақстанда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді жадғдай жасауға бағытталған.Осындай шарттардың бірі білімді, бәсекеге қабілетті және дамыған ұлт қалыптастыру болып табылады. Басқаша айтқанда, болашақ Қазақстанның бәсекеге қабілетті және қуатты адами капиталын қалыптастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы.1999.

2 ." Қазақстан жолы-2050": Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ-ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауы.2014 жылы 17 қаңтар.

3. Омарбеков Т. "Қазакстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері".Алматы,Өнер 2003.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

☑ Современный урок: эффективная организация образовательного процесса (для учителей)

☑ Expo-2017 (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия