Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру

Умбетова Нургуль Сериккалиевна
Преподаватель экономических дисциплин
Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий

Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру

 

«Мен шәкірттерімді ешқашан үйретпеймін,

мен тек олардың үйренуіне жағдайлар жасауға тырысамын»

А.Эйнштейн

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, ... бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру, әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай колледжімізбен ұстаздарға байланысты.

Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу – оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.

М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Оқыту үрдiсiнде иновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс - әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.

Бүгінгі күні кәсіптік білім беру саласында соңғы үлгідегі мультимедия кабинеттерімен, интерактивті тақталармен жабдықталуда, мұғалімдер компьютер, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл мұғалімнің ақпараттық құзырлығын – яғни, оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана білуге жол ашты.

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі- білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты.

Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі: компьютер техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бірі - бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады.

Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

• Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады

• Интернет желісіне қосылу көзделіп отыр.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардыоқыту мақсаты

• бағдарламалау дағдыларын дамыту;

• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету;

• желіден ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;

• желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.

Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Колледжден шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни оқытушының жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану.

Инновация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген. Жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология – мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.

Инновация сөзі латын тілінен аударғанда жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді.

Технология деген сөз грек тілінен алғанда техне – өнер, кәсіп, ғылым, логос – ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады.

Оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;

● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде оқытудың жаңа технологиясы енгізумен қатар білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, ксммуникациялық желілерге шығу – ХХІ ғасырдың басты талабы. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар мен білімді компьютерлендіру – білім беру үрдісіндегі негізгі мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде мультимедия технологиясын пайдалану кеңінен таралуда. Мультимедия жергілікті, аймақтық және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер, ақпараттық орта қалыптастырады. Сабақтарда мультимедия технологиясын қолданудың нәтижесінде оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы жоғарлайды.

Мен өзімнің сабақтарымда оқытудың әртүрлі әдістерін қолданамын, олар понарамдық сабақ, бинарлық сабақ, сайыс сабақ, конференция сабақ, PREZI com бағдарламасын қолданамын, сабақта интернет көздерінен ақпарат алып, сабағыма өндіріс орнынан маман иесін және банк қызметкерлерін шақырып, теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында,өз сабағымды күрделіндіре өкізуге тырысамын, осындай сабақтарды өткізу оқушылар үшін де қызықты болады, әрі оқушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, маман иелерінен алған ақпарат ала отырып, өздерінің білімдерін одан әрі тереңдете түседі деген ойдамын.

Педогогика саласындағы кәсіби іскерліктің жаңа түрі – инновациялық білім беру. Бұл – пәндердің мәнін тереңдетуге, оқушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа да жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған әрекет. Мұндай жаңа технологияларды қолдануға – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни, ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы арттады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өз заманындағы: « Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір оқытушы жадында сақтауы тиіс деп білемін. Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі – тек қана оқытушының шеберлікпен, шығармашылықпен ұштастыра білуінде. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, оқытушының өзі терең игеруі қажет деп ойлаймын.

Жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден басталады. Сондықтан кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында бірге ат салайық.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізе отырып, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқытудың мәңгілік сауалы: «нені оқыту, қалай оқыту» күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технолногия дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше, «Оқытушыға жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесін өз жұмысына арқау өткен оқытушының мақсаты төмендегідей болуы тиіс:

- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;

- өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;

- оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.

«Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек оқытушының кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.

Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу - тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім алушы іс - әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білімділік дағдыларын жетілдіру. Оқытушының міндеті білім алушының іс - әрекетін ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, білім алушыға бағыт, бағдар беру.

Сабақтың сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.

3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б.

4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б.

5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б.

6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно