Вы находитесь на старой версии сайта. Перейдите на наш новый сайт PROSVESHENIE.KZ

Инновациялық технологиялар – сапалы болашақ кепілі

Утеуова Алтын Магзумовна
Преподаватель экономических дисциплин
Уральский колледж газа, нефти и отраслевых технологий

Инновациялық  технологиялар – сапалы болашақ кепілі

 

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси –экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты соңғы жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу жас маманның саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа оқытушыға үшін өтілген материал тәрізді.

Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-білім алушының ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;

-барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Білім алушының бірден-бір әсер ететін орта және жоғары оқу орны. Орта және жоғары оқу мекеменің білім деңгейін көтеру үшін оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, барлық ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тең жолдарын, әдіс-тәсілдерін қалыптасыру қажет. Ол үшін білім беру жүйесінің мазмұны жаңа міндеттерімен толықтырылып, өмір талабына сай жаңа саналы тәрбие, сапалы білім берілуі керек.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).

Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологияларды айта кететін болсам төмендегідей:

. дамыта отырып оқыту әдістемесі

· тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

· деңгейлеп оқыту технологиясы

· тесттік жүйемен оқыту

· иммитациялық әдіс

· мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

· ойын технологияларын қолдану

· дискуссия сабақтары

· интеграциялық сабақ

· топпен жұмыс

· панорама сабағы

· проект әдісі (жоба)

· рольдік ойындар

· Лекция – семинар сабақтары

· Проблемалық оқыту әдісі

· «Миға шабуыл» әдісі

· Бинарлы сабақ

· Экскурсия сабағы

· Ынтымақтастық технологиясы

· Жеке адамға бағдарлы

· Дөңгелек үстел

· Дебат сабақтары

· Саяхат сабақтары

Оқытылатын сабақтың қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда экономикалық пәндерде оқытушының инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуіміз қажет.

Сондықтан қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.

Қорыта келгенде, инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;

- қазіргі экономикалық мәселелерді зерттей білуге үйрету.

Сонымен қатар жоғарыда аталған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ, болашақ маман сапалы білім, саналы тәрбие алатынына және мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдімін.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008

2. Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

4. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

5. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

6. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

7. В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар. Алматы.2002.

8. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008


скачать dle 11.0фильмы бесплатно

Конференции

Реформа образования: проблемы и перспективы (для учителей)

Наука XXI века: новые достижения (для учащихся)

Конкурсы для учащихся

➤ Взгляд в будущее (конкурс сочинений)

Русская поэзия последних десятилетий XX века (Литературный конкурс)

Конкурсы для учителей

Лучшая презентация к уроку

Лучшая разработка внеклассного мероприятия

Лучшая разработка классного часа

Лучший сценарий праздника

Лучший сайт педагога

Лучшая разработка урока с использованием ИКТ

Лучшая разработка открытого урока

Лучшая разработка урока в начальной школе

Лучшая разработка практического занятия

Лучший конспект занятия с использованием игровых приёмов

Лучший конспект занятия в детском саду

Лучшая разработка занятия по патриотическому воспитанию

Лучшая разработка родительского собрания

Лучшая разработка занятия по экологическому воспитанию

Лучшая разработка занятия в классе предшкольной подготовки

Лучшая разработка мастер-класса

Лучшая разработка спортивно-массового мероприятия

Лучшая разработка тренинга