Студенттердің ғылыми-зерттеу мəдениетін қалыптастыру мəселелері

Алайдарова Наурызкүл Бекназарқызы
«Бастауыш білім беру» мамандығы, 2 курс студенті
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Жетекшісі: Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

Джумадилова Ардақ Қаратайқызы

Студенттердің ғылыми-зерттеу мəдениетін қалыптастыру мəселелері

 

Мəдениетті тұлғаны тəрбиелеуде қажетті жəне жеткілікті жағдайларды шығару компонентінде ғылыми ойлаудың жоғары мəдениеті өзін-өзі тану, өзін-өзі іске асыру, жеке тұлғалар арасындағы ғылыми диалог оқу орнындағы білім сапасын жетілдірудің басым стратегиялардың бірі.

Стратегиялардың іргетасы оқу үрдісінде студенттердің оқу-зерттеу жəне ғылыми-зерттеу қызметін тəрбиелеу мəдениеті болып табылады.

Жеке тұлғаның зерттеу мəдениеті өзіне сəйкес қызметінде жүзеге асырылатын болса, зерттеу мəдениетін талдау кезінде «қызмет тəсілін» нақты ұғым ретінде қарау оның ғылыми-зерттеу қызметіне дайындығын көрсетеді.

Ғылыми əдебиетте кез-келген қызметтің циклі жалпыланған схема ретінде көрсетіледі: «мақсат-құрал-жабдық-нəтиже». Мақсат зерттеу мəдениеті позициясында əрқашан ғылыми қоғамның немесе жеке зерттеушінің шындықты анықтау қажеттілігін көрсетсе, нəтиже жаңа білімнің меңгергенін сипаттайды. Мақсатқа жету тəсілі- зерттеушінің таным объектісімен байланысын қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу қызметінің əдіс-тəсілдерінің жиынтығы. Ұйымдастырылған, қайталанатын ғылыми шығармашылықтың əдіс-тəсілдердің жиынтығы осы қызметке сай келетін технологияны құрайды.

Студенттердің оқу-зерттеу жəне ғылыми-зерттеу қызметінде ғылымдағы тұлға, ақиқат, шығармашылық, ерік, мəдени-шығармашылық диалог сияқты ізгілік құндылықтарын тұлғаның игілігі болғанынан бастап қазіргі заманғы интеллектуалды жəне зиялы маманның қабілеттерін саналы түрде тəрбиелеуді қамтамасыз етеді.

Студенттердің оқу-зерттеу жəне ғылыми-зерттеу қызметі логикалық, интуитивтік, эвристикалық, рефлексивті, эмпатиялық компоненттердің интеграциясында қаланған шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тəрбиелеу тұтасты, қөпқырлы, көпжүйелі, «ашық тұлға-құндылық-бағыт» жүйесі ретінде қарастырылады.

Əдістемелік, интеллектуалдық, креативті, ақпарат мəдениеті, бір жағынан, студенттердің күнделікті интеллектуалды жəне креативті белсенділікті қамтамасыз ететін тұлға тəжірибесінің шығармашылық, зерттеу қызметінің дамуына қажетті жəне жеткілікті жағдай болып табылса, екінші жағынан, оның нəтижесі жəне ғылыми мəдениеттің жəне өздігінен жетілуін өзін-өзі тəрбиелеудің тұлғалық негізі болып табылады.

Зерттеушілік қызмет-студенттердің сабақтардағы жəне сабақтан тыс жұмыстағы танымдық əрекетін ұйымдастырудың тиімді тəсілдерінің бірі. Бұл процесс барысында студенттерде проблемаларды айқындай алу, түрлі дереккөздерінен ақпарат жинау, бақылау, тəжірибе өткізу, талдау, салыстыру, салғастыру, болжамдарды талқылау, жалпылауды тұжырымдау жəне тағы басқа зерттеу қабілеттіліктері мен дағдылары қалыптасады. Ол студенттерде жүйелі ойлауды дамытуға, проблеманы шешу құзыреттілігін, ақпараттық жəне тіл табыса алу білу біліктерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Осыған орай ғылыми-зерттеу жұмыс оқу материалын зерттеу, семинар сабақтарында сұрақтарды талқылау, əдебиетті таңдау, қызықтыратын мəселенің теориясын зерттеу, құралдарды талдау жəне тəжірибе болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы кезінде студенттерде кəсіби қызығушылық, өз жұмысының нəтижесі үшін жауапкершілік, өзін-өзі талдау жəне өзін-өзі дамыту қалыптасады. Олар нормативті жəне əдістемелік əдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді жəне ғылыми ізденіске қызығушылық дамиды.

Демек, оқу процесіне студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын енгізу ғылыми-зерттеу қызметінің эффективтілігін күшейтеді. Зерттеу бағыттылығын қалыптастыру студенттің оқу жəне тəрбиелеу объектіден өзін-өзі оқыту жəне өзін-өзі тəрбиелеу белсенді субъектіге айналуын қамтамасыз етеді.

Танымал психолог А.Н.Леонтьев айтуынша, тұлғаның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі- «өзіне» сын көзбен қарау нəтижесі ретіндегі бағыттылығы.

Біздің қарастырып жатқан мəселеміз бойынша студенттердің субъектік өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі тəрбиелеу динамикасы оқу-зерттеу жəне ғылыми-зерттеу қызмет жағдайында келесі кезеңдерденөтуді қажет етеді:

1-кезең: өзінен-өзі білім алу дағдыларын қалыптастыру, рефлексивті жəне эмпатиялық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі ұстау əдістерін оқыту; құндылықты-мотивациялық жəне білім мен зерттеу қызметінің аясындағы қажеттіліктерді жүзеге асыру; студенттерде оқу-зерттеу қызметін маңызды жəне мəнді оқиға ретінде қарастыру қабілеттерін дамыту; осы қызметте өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өздігінен жетілудегі альтернативті амалдарды іздеу. Рефлексия жəне эмпатия негізінде өзінің ішкі дүниесіне жəне басқа адамдардың ішкі дүниесіне қызығушылықты дамыту;

2-кезең: субъектік шығармашылық негіздерін меңгеру. Бұл кезеңде өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі тəрбиелеу жеке жобаларын құруға мүмкіндік туғызатын оқу-зерттеу қызметінің құндылықтар мен мəндерді меңгерудегі рефлексияны жүзеге асыратын «субъектік фон» құрылуы тиіс. Ол үшін құндылық-мəнді субъектік орта құру керек;

3-кезең: студенттерді кəсіби өзін-өзі анықтау қабілеттерін, болашақ кəсіби ғылыми мəдениетті жүзеге асырады. Зерттеу қызметінің, мінез-құлықтың, қарым-қатынастың «регулятивті механизмдердің дамуына» ерекше көңіл бөлінеді;

4-кезең: оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу қызметінде өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тəрбиелеу жеке үлгілерін практикалық жағына жүзеге асыру. Бұл кезеңде болашақ кəсіби қызметте белсенді субъектті позициясы дамиды. Құрылған субъект мəн ортада өзін-өзі жүзеге асыру, мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, қызметтің, тұлғалық жетістіктерді өзін-өзі бағалау жəне олардың динамикасы регулятивтерін толық жетілдіру тиіс.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің нəтижесі жүйелілік жəне бірізділік, ғылыми-педагогикалық қамтамасыз етілуі, оқытушылардың студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға дайындығы зерттеу қызметінің мотивациясына тəуелді.

Біздің пікірімізше, зерттеу қызметінде келесі деңгейлерді бөліп көрсетуге болады:

1-деңгей: шығармашылық жəне зерттеу міндеттері студенттерге рет бойынша жеке оқытушылар арқылы койылады;

2-деңгей: зерттеу қызмет жан-жақты дамып, оқу қызметіне енген кезде;

3-деңгей: зерттеу қызметінің жүйесіне ғылыми мекеме қосылған кезде.

Өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар студенттерде ғылыми дүниетану, ішкі мəдениет, белсенділік жəне тəуелсіздік элементтерінің дамуына қамтамасыз етеді.

Оны өзіндік мазмұны жəне оқу міндеттерін жүзеге асыратын əдістері бар оқу қызметінің перспективті формасы ретінде қарастыруға болады.

Конференцияның мазмұны əр түрлі білімнің аясында оқу деңгейінің ғылыми əдісті тануды жүзеге асырып, оқу міндеттері студенттер, оқытушылар жəне қатысушылар арасында қарым-қатынас үрдісінде жүзеге асырылады. Тұтас педагогикалық процесте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы шығармашылық, теоретикалық жəне қолданбалы мəселелерді тиімді шешуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға көмектеседі.

 

Әдебиеттер:

1. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. –Алматы, 1991;

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика - Алматы, 2004;

3. Әбілова З. Этнопедагогика. –Алматы, 1997;

4. Загвязинский В.И. Организация опытно-экспериментальной работы в школе. М.,1993.

5. Кыдыралин У., Кыдыралина Ж.У. Методика и техника научного-исследования. Атырау, 2006

скачать dle 11.0фильмы бесплатно