Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

Дүйсек Анеля Ермұратқызы
студентка 1 курса специальности «Информационные системы»
Талдыкорганский колледж сервиса и технологий

Балбырова Асия Муратовна

Мастер производственного обучения

Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

 

Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары – қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық – әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады.

 

Бүгінгі таңда «Жаңа технологиялар» адамдардың өмірін, қарым- қатынасын және жұмысын өте аз уақыт ішінде қатты өзгертті. «Жаңа технологиялар» адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырды.

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Білімді игерудегі мектептің негізгі міндеті – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, тағы басқаларды жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады. Оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының бойында еңбекқорлық, шыншылдық, қанағаттылық, өзара қамқорлық, өтірік айтып алдамау, жамандылыққа жирене қарап, ондайлардан аулақ болу және әдептілік пен сыпайылықты бейнелеуі көрінеді. Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін білікті басқару, сабақтың әр кезеңінде түрлі мазмұнды жұмыстар ұйымдастыру (ойындар, өзбеттік жұмыстар, информатикалық диктанттар, сәйкестендір, автотест) оң нәтижелерге жетуге ықпал жасайды. Жаңа білім игеру кезінде барлық оқушылардың жеңіл тапсырмаларды өз бетінше орындауы, тіректік білімді өзектендіру мақсатымен тәжірибелік мағынасы бар өздік жұмыстарды орындауы, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыратын болжаулар тұжырымдауға үйрету, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Жаңа білімді енгізу кезінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін арттыру ұғымдарының анықтамаларын, ережелерді, заңдарды, қасиеттерді айқындауға жақсы жәрдемші болатын шығармашылық тапсырмарды орындау арқылы жүзеге асырылады. Алынған білім мен білікті тиянақтау кезінде түрлі мазмұнды танымдық тапсырмалар орындалады, мұғалімнің берген ақпараты оқушылардың білім деңгейіне сай келуі тиіс және тапсырмалардың қиындық денгейі үлгі бойынша орындалатын белгілі амалдардан жаңа жағдайларда орындалатын объектілер мен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары мен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын шығармашылық ізденісін, электрондық оқулықтарды жасау теорияларын және оларды іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда. Электрондық оқулық – ғылыми – педагогикалық құрал. Ол теориялық материалды өз бетімен оқуға, үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді, сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Зерттеу жұмысының кұрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: электронддық оқулық арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттырып және сабаққа деген қызығушылықтарын танытуға болады.

Мен бұл жұмысқа деген екі мақсат қойдым: біріншіден, қазіргі уақытта баспа беті мен интернетте жарияланған электрондық оқулық басылым материалдарына мүмкіндігінше ғылыми түрде шолу жасау арқылы оқулық әдебиеттер мен электрондық оқулық басылымдарды әзірлеудің теориялық негіздерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері, екіншіден, мультимедиа ұғымының көпмәнділігі және мультимедианы оның барлық мәндерінде педагогикалық қолдану ерекшеліктері, атап айтқанда, оны әзірлеудің негізін сипаттайтын технология, ақпараттың әр алуан түрін өңдеу құралдары және оларды қолдану, мультимедиа технологиясы негізінде әзірленген өнімдер және оларды оқыту процесінде пайдалану, мультимедиалық компьютерлік бағдарлама, компьютерлік аппараттық жасақтама, ақпараттың ерекше жинағының түрлері, өзіне ақпараттың әр алуан түрін біріктіруші ретінде жинақтың, мәліметтер базасының меңгерілуі туралы ақпарат, сондай-ақ, білім беруде мультимедианы қолданудың айрықша ерекшеліктері, мультимедианың негізгі техникалық және бағдарламалық құралдары, олардың топтары, білім беруге арналған гипермедиа ресурстарын әзірлеу технологиялары, мультимедиа ресурстарының жүйесі және мультимедианы пайдаланып оқытуда қолданылатын әдістер, мультимедиа ресурстарының сапасын анықтау амалдары туралы ақпараттарды белгілі бір жүйеге келтіріп, қазақ тілді мектеп мұғалімдеріне ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Уақыт алға жылжыған сайын адамзаттың қажеттілігі тек материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да үнемі өсіп, өркендеуді талап етері сөзсіз. Отандық ғылым беру саласы аталған талап тілекті жүзеге асыратын негізгі күш. Сана неғұрлым дамудың жоғары сатыларына көтерілген сайын қажеттілігін қанағаттандыратын тетіктердің де неғұрлым жоғары сапалы болуын қажет етеді. Дүние жүзін жайлаған ең күрделі жаһандану процессі тұсында бізде рухани ұлттық құндылықтарымызды жандандырып, жаңарта түсуіміз керек. Егер жаңа заман адамын қалыптастырамын дейтін болсақ, ең әуелі бірден-бір адамтану ғылымының негізі болып табылатын әдебиеттану ғылымының да көкжиегін кеңейту кезек күттірмейтін мәселе. Әлеуметтік өзгерістердің казіргі қоғамда жаңа қозғалыстың өркендеу процессі , білім мен тәрбие саласында жаңа ізденістерді қажет етуде. Осындай қажеттіліктердің бел ортасында тұрған мәселенің бірі - білім берудің жаңа да тиімді әдістемесінің ғылыми теориялық негізін дамыту.

Қазақ халқына жолдаған үндеуінде президент Н.Ә.Назарбаев ендігі жерде өсіп-өну, әлемдік өркениетке жетудің бірден-бір жолы білім мен ғылым саласында екендігінде баса назар аударды. Қазіргі кезде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде озық үлгідегі дүние жүзілік технологиялық жаңалықтарды қолдануға мол мүмкіндік бар. Болашақ мамандық иесі, қоғамның мүшесі жоғары оқу орнының студентіне жан-жақты өскелең білім беру үшін бұрынғы уақыттағы әдіснамалардың қажетісін қолданып, ескіргенін алыптастап, неғұрлым жаңа технологиялық әдістерді жүзеге асырудың тиімді жақтары анық байқалуда. Мәселен,жоғары оқу орнының студентіне оқытушы (мейлі ол профессор болсын), бір сарынды лекция оқумен шектелетін болса, онда болашақ маманға терең білім беру және оны меңгерту күрделі мәселеге айналмақ. Сол себепті де студентіне бүгінгі күнде көп ізденіп, шығармашылықпен айналысып, әлемдік, ұлттық озық үлгідегі әдістемелік технологияларды меңгеруге, оларды пәннің өзіндік ерекшеліктеріне, мақсат, міндеттеріне сай қолдануы кезек күттірмейтін мәселе.

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

 

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан түрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

 

Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

 

Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

 

Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

 

Оқу үдерісінде мультимедиялық электрондық оқулықты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

 

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно