Қазақстан Республикасының Қостанай облысына салынған инвестициялар

Реклама
Шалгимбаева Эльмира Барыбековна
cтудентка 2 курса
ГККП «Рудненский горно-технологический колледж»

 

Научный руководитель: преподаватель экономики
Султанова Карлыгаш Тулегеновна

Қазақстан Республикасының Қостанай облысына салынған инвестициялар

 

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда «Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды. «Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

Инвестициялар - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Капитал- тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

Қостанай облысына салынған инвестицияларына келетін болсақ, 2013 жылы Индустрияландыру картасы инвестициялардың жалпы көлемі 369,5 млрд. теңге 79 объектіні қамтиды. Олардың 331,2млрд. теңге сомасына 25 жобасы индустрия саласында және 38,3 млрд. теңге сомасына 54 жобасы облыстың агроөнеркәсіп кешенінде.

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асырылып отырған 3 жыл ішінде 62,2 млрд. теңге сомасына 58 жоба іске асырылды. 3304 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

 

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы»

2010 жыл

2011 жыл

2012жыл

2013жыл

2010 жылы жалпы құны 16,8 млрд. теңгеге 10 объекті пайдалануға енгізілді, 1075 жаңа жұмыс орны құрылды.

2010 жылы енгізілген 10 кәсіпорын ішінде 3 жоба бойынша жобалық қуаттылықты игеру шамамен 100% құрайды, 2 жоба шамамен 90% өндірістік қуаттылыққа шықты, 2 кәсіпорын 65-тен 75%-ға дейін игерді, 2 объекті өнім шығаруды 40-тан 55%-ға дейін игерді және 1 объект 19%.

 

 

2011 жылы жалпы құны 24,6 млрд. теңгеге 28 объектіні пайдалануға енгізілді, 1081 жаңа жұмыс орны құрылды.

2011 жылы енгізілген 28 кәсіпорынның ішінде 100% жобалық қуаттылыққа 7 кәсіпорын шықты, 3 кәсіпорын 90%-ға, 4 жоба өндіріс көлемдерін 60%-ға дейін, 7 - 50%-ға дейін, 6 кәсіпорын20%-ға дейін жеткізді және 1 кәсіпорын тұрып қалды.

 

2012 жылы пайдалануға жалпы құны 20,8 млрд. теңге 20 объекті енгізілді, 1148 жұмыс орны құрылды.

Қазіргі уақытта 2012 жылы енгізілген жобалар бойынша жобалық қуаттылыққа шығу кестесін келісу және бекіту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

 

2013 жылы 1009 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 36,8 млрд. теңгеге 13 инвестициялық жобаны пайдалануға енгізу жоспарланып отыр, соның ішінде: индустрия саласында 724 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 29,5 млрд. теңгеге 4 жоба, АӨК саласында 285 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 7,3 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылып отыр.

Бірінші жарты жылдықта 182 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 4077 млн. теңгеге 4 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

Екінші жарты жылдықта 827 жұмыс орнын құра отырып, сомасы 32,7 млрд. теңгеге 9 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

 

Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешені бойынша 57 инвестициялық жоба жүзеге асты 2013-2020 агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы кең ауқымды қамтыған. Алдағы 7 жылға арналған бұл құжатта ауылшаруашылығын өркендетудің барлық тетіктері қарастырылған. Бұл – қостанайлық шаруалардың пікірі. Соңғы жылдары Тобыл диқандары мол өнім алудың тәсілін тапты. Алқаптардың 80%-да ылғал сақтау технологиясы қолданылады. Өнім молайған соң, егістік көлемі де артты. Облыста 2008 жылы 3 млн гектар жерге тұқым себілсе, қазір ол 4 млн гектарға дейін ұлғайған. Нәтижесі – еліміздегі астық экспортының 1/3 Қостанайдың еншісінде. Үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешені бойынша 57 инвестициялық жоба жүзеге асты. Биыл Қостанай облысының индустриалдық картасына тағы 9 жоба енгізіліп отыр. Агроном-ғалым Валентин Двуреченский жаңа бағдарлама алдағы белгіленген міндеттерді іске асыру мүмкіндігін кеңейте түсетіндігін айтады.

SsangYong Қостанайдан шығады

Алтын астықпен және кен алыбымен даңқы шыққан Қостанай енді машина жасау өндірісімен де белгілі бола бастады. Индустриялық-инновациялық бағдарламаның басынан орын алатын «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамы Кореяның SsangYong, Украинаның Chance, италиялық IVECO, ресейлік УАЗ және ауылшаруашылық техникаларын құрастыра бастады. Үстіміздегі жылы SsangYong жүрдек машиналарының 2500 данасын, 2000 Chance, 500 комбайнды, 400 IVECO машинасын қатарға қояды. Кәсіпорын мұнымен шектеліп отырған жоқ, таяу жылдарға жасалған жоба бойынша отандық Nomad және ұсақ-торапты құрастыру әдісімен құралатын автомабильдер қатарға қойылмақ. Бұл жобаның құны 11 миллиард теңгеге жуықтайды. CKD деп аталатын осы әдіс жүзеге асқанда Қостанайдан жылына 25 мың «темір тұлпар» иелеріне жол тартатын болады. Қазір «АгромашХолдинг» компаниясы жылына 8000 жүрдек жеңіл машина құрастыра алады. CKD жұмыс істегенде 300 қостанайлыққа жұмыс орны тағы ашылады. Ең бастысы, автомобиль құрастыру ісінде қазақстандық үлес көтеріледі, ол қазірдің өзінде 40 пайызды құрайды. Машинаны тек құрастырмай, оның қауын бояу, дәнекерлеу сияқты көп жұмыс түрлері зауытта атқарылады. Бұл жұмыс орнын да көбейтпек.Негізі Қостанай облысы елімізде тұңғыш автомобиль құрастырушылардың бірі болып табылады. Бұрынғы дизель двигательдері зауытына арнап салынған ғимарат еліміздің экономикасы енді бауырын жаза бастаған 2003 жылы 36 миллион доллар қаржы салудың арқасында машина шығаратын ірі кәсіпорынға айналды. Үстіміздегі жылдың жеті айында «Агромаш Холдинг» акционерлік қоғамынан SsangYong, Chance жүрдек машиналарының 2000 данасы сатылды.Бұл кәсіпорынның еліміздегі ауылшаруашылық техникасы паркін жаңалауға да үлесі үлкен. ESSIL КЗС-740 астық жинау комбайндары мен басқа да ауылшаруашылығы техникаларын құрастыру», «SsangYong жүрдек машиналарын құрастыру» жобалары Қазақстанның индустрияландыру картасына енген. Жыл басынан бастап Қостанайда 2136 комбайн сапқа қойылды.

Қорытынды: Қортындылап кететін болсам, Қостанай облысында 2010 және 2013 жылдар аралығындағы инвестицияларды салыстыра кететін болсақ, 20 млрд.тг.ге өскенің көріп отырмыз. Бұл көрсеткіш Қостанай облысының экономикасы жылдар сайын дамып келе жатқанын көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2030- жолдауы.

2. Бочаров В.В « Методы финансирования инвестиционной деятельности предприятель 1997.

3. Назарбаев Н.А Рынок и социально- экономическое развитие.

4. Инвестиции в Казахстане учебник.

5. Дербисов Е Диалоги о Бюджете преходного периода 1994.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно