Электр тогының биологиялық әсері

Ныгметжанова Гульнур Габдыхамитовна
студент 1 курса
Каскеленский Гуманитарно – Технический колледж
Научный руководитель: преподаватель физики
Бекназарова Сапаргуль Молдабаевна

Тұрақты тоқтың адам организіміне әсерін зерттеу бақанын бұлшық етіне эксперимент жасаған итальян ғалымы Л.Гальвани тәжірибесінен кейін басталды (1791).

Қазіргі заманның электротехникасы электр тогын медицинада пайдаланып организмнің органдарындағы ауытқуларды есінеуге, организм тканьдерінде әртүрлі физикалық өзгерістер жасауға мүмкіндік туғызады.

Организмнің электр тогына қайтаратын жауабы токтың күшіне, өту жылдамдығына, әсер етумерзіміне, организмнің күйіне, жағдайына байланысты болады. Электр тогымен емдеу де осы кезде тұрақты, айнымалы, жоғары және төменгі кернеудегі электр тастары жиі қолданылады. Электр тогымен емдеуде токты оргазимнің белгілі бір ауырған органына тікелей немесе рефекторлы әсер ету арқылы қолданады.

Электрохирургия – арнайы аппаратпен жоғары жиілікті электр тогын пайдаланып тканьдерді тілу, кесу, күйдіру, бөлуде қолданылатын хирургиялық әдіс.

Тканьдерді тілуде пышақ, ине, пластинка тәрізді активтелген электрод пайдаланылады. Электрохирургиялық әдістің ерекшелігі – тілінген тканьдердің қаны тез ұйиды. Асқазан ішек, бауырісіктерін емдеуде де, сондай-ақ көз тері ауруларын емдегенде, косметикалық операциялар жасағанда, тіс, құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдегенде электр қолданылады. Электрохирургияларда қолданылатын жоғары жиіліктегі токтың жай токтан айырмашылығы – ол коллоиды және сұйықортада такньдерді электромагниттік диссиоцацияға ұшыратпайды, ток күші қанша болғанымен нерв жүйесін тітіркендірмейді.

Жүрек соққанда организмде болымсыз электр тогы пайда болып, ол адам денесіне жайылады. Денеге жайылған осы электр тогын қағазға жазатын аппаратты электрокардиограф деп атайды. Бұл аппарат жүрек қызметін қисық сызықпен, арасында интервалы бар толқын түрінде қағазға сызады. Осы сызықтарды пайдалана отырып, жүректің ауруын,оның биоэлектрлік құбылысын айқындайды. Электр тогымен емдеу – электр тогын емге және профилактикада пайдалану.

Электрлі органдар – кейбір балықтардың жауыннан қорғану жемін аулау,өзара хабарласу үшін ауық – ауық сондай – ақ су астында жан-жағын бағдаулау үшін үздіксіз электр разрядын шығаратын органы.Электрлі органдар қазіргі балық түрлеріне қарағанда қазба балықтар мен балық тәрізділердің көптеген түріне тән болған.

Ірі балықтардың электр разряды адам үшін де қауіпті.

Электр органдары бар балықтардың бір ерекшелігі электр органдары жоқ балықтарды өлтіріп жіберетін электр қуаты мөлшеріне төзімді келеді.

Биологиялық объектілер әртүрлі пішінде болатындықтан,меншікті кедергілерін күрделі есептеулермен табады.Тірі биологиялық объектілерге электрлі өлшеу жүргізудің қиын болу себебі,тірі ағзалардың физикалық параметрлері уақыт өтуіне қарай тұрақты болмайды,өзгеріп отырады.Олар ағзадағы физиологиялық процесстерге байланысты,сондай-ақ олар арқылы өтетін токтың әсерімен де өзгереді.Тұрақты токтың өтуі цитоплазма диссоциясына.Ал бұл жасушаның өлуіне әкеп оқтырады.Сондықтан жасуша электр кедергісін өлшеуде,аз токты қолдану керек.

20° C-тағы тұрақты токтағы кейбір ұлпалардың меншікті кедергісі

Зат

Р,Ом*м

Зат

Р,Ом*м

Ми-жұлын сұйықтығы

0,55

Май ұлпасы

33

Қан Қоймалжыңы

071

Құрғақ тері

10⁵

Қан

07

Сүйек

10⁷

Бұлшық ет

2,0

Су таза

10⁶

Бауыр

3,3

Күміс

1,6*10⁻⁸

Ми

14

Янтарь

10¹⁸

 

Тұрақты токтың физиологиялық әсері жасуша мен ұлпаларды толтырып,тұратын электролиттерде өтетін процесстерге байланысты болады.Егер денеге екі электродты тақатсақ,тіпті аз тоқта қыздыру,ал ток көбейгенде күйдіру болады.Бұл ұлпа аралық сұйықтар мен цитоплазма екінші реакция кезінде сияқты заттардытүзеді.Ал бұл заттардың ұлпаларға әсер етуі нәтижесінде тері күюі болады.Сондықтан электр тогымен емдеу және биоэлектрлік өлшеулерді поляризацияланбайтын электродтар қолданады,және де маталл электрод пен тері арасында физиологиялық ерітіндегі батырылғаан марланы қояды.

Әлсіз токтардың терапиялық әсері бар.Әлсіз тұрақты токпен емдеу әдісі гальванизация деп аталады.Ағзаның барлық қалыпты функциялары электрлік өзара әсерлесуге негізделген.Бұлшық еттердің,сондай-ақ жүректің соғысы мен дем алуы электр токтарымен бақыланады,Әртүрлі сезім мүшелері арқылы алынатын мәліметтер электр сигналдарының көмегімен миға беріледі.Электр тогтары ағзаның қалыпты жұмыс істейіне қатысқанмен өте маңызды мүшелер арқылы сыртқы ток көздерінің берілген электр токтары өткенде,адам не жануар жарақат алып,тіпті өліп кетулері мүмкін.

Дене арқылы өткен ток көзіне әсерлесу жеріндегі дене жағдайына байланысты болады. Құрғақ терінің кедергісі жоғары, ал ылғал терінің ккедергісі төмен, өйткені ылғалда болатын иондар денеге тоқтың бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді. Құрғақ терідегі R=10⁵ Ом және одан да, ал ылғал терідегі кедергі осы мәннің 1%-ін ғана құрайды. Ылғал қолдың арасындағы толық кедергі 1500

J=120B\10⁵ Ом=1,2 мА (құрғақ тері үшін)

J=120B\1500 Ом=82 мА (ылғал тері үшін)

. Ағзадағы токтың әсер ету нәтижесі:

60 Гц жиіліктегі токтағы ток күші

Токтың әсер ету нәтижесі

0-0,5мА

Әсері жоқ

0,5-2мА

Сезімталдықтың жоғалуы

2-10мА

Ауру, бұлшық еттердің тартылуы

20-100мА

Бұлшық еттерге әсер етудің өсуі, кейбір зақымдаулар. 16мА – адам электродтарға жабысып қалуы мүмкін.

20-100мА

Демалу мүшелерінің жансыздануы.

100мА-3А

Құтқару жұмыстары реанимация жүрмеген жағдайда, жүрек қарыншаларының дірілдеп, әлсіреуі болады.

3 А жоғары

Жүрек соғысының тоқтауы

 

Электр тогына ерекше сезімтал келетін ағзадағы ми, кеуде бұлшық еттері, жүрек пен дем алуды бақылайтын жүйке центрлері. Электрокардиография арқылы жүректің жұмысы, аурудың бар – жоғын не оның жұмыс істеу қызметінің бұзылуын электр сигналдарының өзгерістерін бақылау жолымен қадағалайды.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно