Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын физикада және астрономияда пайдалану

Сдыкова Аружан Габиденовна
студент 1 курса
Каскеленский Гуманитарно – Технический колледж
Научный руководитель: преподаватель физики
Бекназарова Сапаргуль Молдабаевна

Мақсаты:Халық педагогикасының негіздерін физика және астрономияда пайдалану, оқушы білімімен тәрбиесін жүзеге асыруымен қатар халқымыздың салт дәстүрін қастерлеу, олардың ұлттық мақтанышын ояту.

Кіріспе: Білім мен тәрбиенің қайнар көзі-халықтық педагогика. Жастарды халықтық салт дәстүрін, әдет ғұрпын қастерлеуге , құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор.

Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану қажет. Сол себепті , физика және астрономияда мысалды алыстан іздемей ақ халқымыздың ежелден пайдаланып келген ұлттық құрал саймандарын, ұлттық атауларын қолдануға болады.

1-бөлім Теориялық: Деформация денелердің созылуын , сығылуын , иілу мен бұралуын уық пен керегені жасау кезінде байқалады. Киіз үйдің уық, кереге шаңырақтан тұрады, олар әр түрлі ағаштан жасалады. Бұл ағаштардыңәрқайсысының физикалық қасиеті әр түрлі. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын, осының бәрін ескерген. Уық , керегеге жасалатын ағаштар 45-50 күн шаңырақ пен босаға ағаштары 60-70 күн күнге ұстап , беріктігін қадағалаған. Ағашты иілу және бұралу деформациялары арқылы морға , ыстық қоламтаға салып балқытады. Денені балқыту үшін белгілі бір температураға дейін қыздыру керек. Осы арада меншікті балқу температурасы туралы айтуға болады.

Диффузия, конвекция құбылыстары тері илеу, ыстау кезінде пайда болады. Теріні бояғанда қынаны пайдаланады. Қынаны үйге әкелгенсоң шөп-шаламнан , топырақтан арылтып, сумен бір жуып тастайды. Қынаны басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтірдің бірін қосып , аздап май құяды. Кейде көк тікен , қызыл мойыл қосады. Сөйтіп бір затымсыз өздігімен екінші затпен араласып , диффузия құбылысы орындалады.

Тартылыс құбылысы, ауырлық күші физикалық ұғымдарды ұлттық ойын тас ату, найза тарту кезіндегі лақтырылған тас найзаның жерге түскенге дейінгі қозғалысын жердің барлық денелерді өзіне тарту құбылысымен байланысты. Серпімділік күш қазақтың байырғы аңшылық және жауынгерлік қаруы-садақ атумен байланыстырамыз. Садақ оғы-жебе, садақтың адырнасын кері тартқанда тарту күшіне қарама-қарсы серпілдік күші пайда болады. Қолдың тарту күшін жойғанда серпімділік күшінің әсерінен жебе атылады.

«Күштерді қосу тең әсерлі күш» физикалық шамаларды қазақтың ұлттық арқан тарту ойынымен байланыстыруға болады.

«Табиғатта және техникадағы үйкеліс» құбылыс кезінде бағанаға өрмелеуде басына көтерілу үшін бөрене мен өрмелеушінің аяқтары қолы арасындағы тыныштық үйкелісі болған жағдайда жоғары қозғалады.

«Қысымды арттыру және кеміту тәсілдері» физикалық құбылыстары аңшылықтың қазақ арасында кең тараған ең байырғы түрлерінің бірі құс салумен байланыстырамыз. Олардың тырнақ, тұмсықтары қатты, жылтыр, өте өткір, ауданы кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күш пен зор қысым жасалады да аң аулауға шамасы келеді.

Қатынас ыдыстар туралы түсінік ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс тіршілігінде жылқының терісі , сүйегі мен жал құйрығын пайдаға асыра білгендігін жылқы терісінен жасалған көнек , торсық сияқты ыдыстар қатынас ыдыстарға жататындығын атаймыз.

«Тербеліс және сыртқы күштер» ұғымдарын қазақтың салт-дәстүрлерімен байланыстыруға болады. Бесіктің қазақ өміріндегі орны, көшпелі өмірге ыңғайлы, жеңілдігі, мықтылығы, бала денсаулығын сақтаудағы бесіктің маңызын айта келе жер бесік пен жел бесіктің еріксіз тербелісін мысал ретінде қарастырамыз.

Дыбыс толқындарын қазақтың ұлттық домбыра, шертер, қылқобыз, қобыз, жетіген, сазген, даулпаз, керней, шаңғыауыз, қоңырау музыкалықаспаптарымен мысал ретінде қарастыруға болады.

Үрлемеші аспаптар- сыбызғы, кларнет, саксафон, сырнай т,б аспаптың ішінде ауаның таралуы арқылы пайда болатын дыбыстар.

Ішекті аспаптар-, домбыра, қобыз, шаң қобыз, қыл қобыз т,б бұнда ішектің өзін қозғалту, қолмен болсын, басқа да түрлі дыбыс шығаратын нәрселер арқылы болсын дыбысты шығару.

Аспан әлеміндегі ғылымдар қазақтың ұлттық тарихи этнографиялық мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Күннің қозғалысына негізделген қазіргі Еуропалық күнтізбе мен қазақ халқының бұрынғы ұлттық жүйелерін ғылыми тұрғыда дәлелдеуге болады. Қазақ өзінің ұлттық күнтізбесін, ай, күн, жұлдыздар қозғалысы негізінде алдын-ала болжап, айтып отырған. Сол арқылы табиғат апаттарынан егін-суларын , мал жандарын сақтап отырған.

Жұлдыздар ғылымы – «астрономия» ерте замандарда мал жайлаған жазық далаларда, жойқын өзендердің ағынында, егін салған аңғарларда, көгілдір ғаламшар кеңістіктерде туған. Оны тудырушылар- өмір талаптары, өндіріс үдерістері. Астрономия- мал өсіретін және егін салатын халықтарға жыл мезгілдерін айыру үшін сөзсіз қажет болған. Астрономия тек математика, физика, экология ғылымдарының жәрдеміміен дами алады.

2-бөлім Аналитикалық: Уақытты- айға, күнге және жұлдыздарға «Байлау»

Жерді 400-мың шықырым қашықтықта Айдың айналып жүруіне байланысты-«Ай күнтізбесі » пайда болды. Негізінен, мұсылмандар қолданатын бұл уақыт жүйесінде 354-355 күн бар. Сондай-ақ , 149 миллион шақырым қашықтықта орналасқан Күнді жердің айналып жүруіне байлапнысты- Күнтізбесі пайда болды. Күллі әлем қолданатын қазіргі Күн күтізбесінде 365-366 күн бар.

Халықтың табиғат құбылыстарына көп жылдық бақылауы нәтижесінде жинақталған астрономиялық түсініктері мен білімдерінен байырған қазақ; күнтізбесі пайда болды. Ежелгі есеп бойынша он екі ай –бір жыл , оны екі жыл бір мүшел болып алынған. Үш айды бір тоқсанға есептеген, яғни ай ішіндегі күн саны орташа есеппен отыз тәулік деп қарастырылып, жылдың төрт мезгілі үш айдан – тоқсан тәуліктен тұрады.

Қазақ атаулының күллесіне мәшһур «Темірқазық жұлдызы»ғылым тілінде «Кіші Аюдағы дейтін жұлдыз». Дүние полюсіне жақын тұрғандықтан, оны көбінесе Полярлық жұлдыз деп атайды.Арабша және орысша сөздіктерден оның арабша аты «Құтыб»екенін көреміз.

Ғасырлар бойы мәдениетті елдердің қолданып жүргені – күн календары. Қазақтың «Үркер есебі» де күн қозғалысына негізделген күн календары.

-біріншіден, Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда шоқтай болып, көзге бірден түседі.

-екіншіден, 14 мамыр мен 21 маусым аралығынан басқа уақыттарда

Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда көрініп тұрады.

-үшіншіден, Ай батыстан туып шығысқа қарай қозғалғанда , Үркер шығыстан туып, батысқа қарай қозғалады. Бір-біріне қарсы қозғалған екі аспан денесінің кездескен уақыты, яғни тоғысқан мезгілі уақытты дәл белгілеу үшін табылмас белгі. Қазіргі ғылымда мұндай уақыт мөлшерін «Жұлдыздық ай есебі» деп атайды. Оның мөлшерін жуық түрде 27 күн 7 сағат 43 минутқа тең.

Ертеде дәл есептейтін сағат болмағандықтан ата-бабаларымыз «Жұлдыздық ай»мөлшерін 28күн етіп белгілеген. Бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана тоғыса алатындықтан , нәтижесінде Тоғыс есебінде- 364 күн болған. Егер, ерте замандарда ең өркениетті деген халықтардың өзі, жыл есебін шатасып, 360 күн етіп белгілегенін ескерсек, онда ата-бабаларымыздың астрономиялық ілімі қай деңгейде болғаны айтпасақ та түсінікті.

Тілімізде Тоғыс есебіне тікелей қатысты сөз тіркестері көп сақталған. Солардың бірі- «қырқына шыдап қырық біріне шыдамапты»деген сөз. Енді осы тұрақты сөз тіркесін математика тіліне аударғанда мынадай қызық есеп пайда болады.

Халқымыздың тұрмысында бұл есептен басқа тоғыз шілде , «40 күн х 9шілде =360 күн», азаматтық ай «30 күн х 12 ай= 360 күн» және тағы басқа уақыт жүйелері болған.

Ал, қазіргі күнтізбедегі қазақша ай атаулары «азаматтық ай» есімдері болып табылады.

Аспан сағаты- Жетіқарақшы

Қазақтың бұрынғы сағаты Жетіқарақшы. Ол шырайланып жүреді. Ол таң қысқа кезде қысқа айналып, ұзарғандаұзын айналып, еңістеп барып, күншығысқа қарай көлденеңдеп жүріп, содан өрге ұмтылады.

Еңістегенде таң атады. Қысқа қарай, шығыстан шығып, айналып төбеге келіп, құбылаға қарай бұрылғанда таң атады.

Таңды айнытпай білдіреді. Қыс басында жетіқарақшы төбеге келгенде, таң атады. Түн ұзарған сайын төбеден ауа таң білінеді. Түн ұзарғанда қой мен жылқы күзетшілері Жетіқарақшының орынан қарап, ауысып күзетіп отырған.

Көне түркілердің тікелей ұрпағы болып табылатын Телеуіттер еліндегі ежелгі қорғаннан мүшел салынған медальон табылған.

Әйтсе де, бұл мүшел есебіндегі 12 хайуанаттың қазіргі реттіліктен сәл басқаша белгіленгенін байқамау мүмкін емес. Күннің сол жағынан жоғары қарай мүшел атаулары былай орналасқан:

1.Тышқан

2.Сиыр

3.Барыс

4.Доңыз

5.Тауысқұс

6.Жылан

7.Жылқы

8.Мешін

9.Қой

10. Тауық

11. Ит

12. Піл

Әрбір қала-қамалдары- Расытхана қызметін атқарған.

Көне расытхана жарты сақина түрінде табиғи тастардан қаланған. Оның ұзындығы 180метр, ен80 метр болады. Көктемгі және күзгі –күн мен түн теңелу кезінде шығыс көкжиектен көрінген Күн шапағының өткір сәулесі шығыс жақтағы тас обаны көктей өтіп, батыс жақтағы тас обаға түседі.

Жазғы күн тоқырауы күні- 22- желтоқсанда, оңтүстік-шығыстан түскен Күн сәулесі жарты сақинаның солтүстік жағындағы тас обаға түседі.

3-бөлім Қорытынды:

Халқымыздың сан ғасырлық дүниетанымының негізгі-күнтізбе. Ертезамандағы халықтар ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелерді пайдаланады.

Күнтізбенің негізігі ұғымдары-тәулік, ай және жыл. Бұлардан күнтізбенің көмекші ұғымдары шығады. Күнтізбе жасау үшін тәулікті, айды және жылды өлшеп арақатынасын білу керек.

Міне, қарап отырсақ біздің ата-бабаларымыз ғылым мен техника, астрономия ғылымы дамымыған ерте заманның кезінде де, білім мен ғылымның жетістіктерін өз өмірлерінде, тұрмыс тіршілігінде пайдалана отырып, бізге де мұра етіп қалдырғанын көріп отырмыз. Сол себепті, физика астрономия мысалды алыстан іздемей ақ халқымыздың пайдаланып келген ұлттық ілімдері мен білімдерін, ұлттық атауларын қолдануға болады.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно