Математика аралына саяхат

Кабенова Батиха Аспаровна
Преподаватель казахского языка
КГКП я/с № 18 «Гномик»

Баланың тілі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері мен жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруге саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Қазақ тілі сабағын математика әлемімен байланыстырып көрейік.

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың білімдерін көрсете білуге ,сөздік қорларын молайта отырып, 10 көлеміндегі сандардың қатарын жаттықтыру, геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың орналасу орнын, көлемін,пішінін бақылай отырып меңгерту.

Дамытушылық: Шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге,ойынды қызығушылықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ есеп жасыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ағаш кеме, якорь, штурвал, ту.

Билингвальды компонент: Саяхат-путешествие, кеме-корабль, арал-остров.

Әрекеттердің кезеңдері:

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Шаттық шеңбері:

Сәнденіп даламыз,

Сәулетті қаламыз.

Сәулеңмен құлпырып,

Сәлем, Күн, анамыз!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң,достарым!

-Жылдың қай мезгілі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай сабақ?

-Балалар, сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?

-Ал, немен саяхаттауға болады?

(Интерактивті тақтадан көліктің түрлері көрсетіледі)

-Бүгін немен саяхатқа шығатынымызды мен әзірге айтпаймын.

Ол үшін мына сандарды 1-ден 10-ға дейінгі сандарды өсу ретімен қосып шығыңдар. Сонда белгілі болады. (Балалар кезекпен интерактивті тақтада нүктелерді түзеулеп қосады).

 

1-тапсырма.

 

Математика аралына саяхат

 

-Қандай сурет шықты?

-Сонымен, немен саяхатқа шығамыз?

-Кемемен.

-Ал көлікке мінуге рұқсат етілетін қандай құжат болуы керек?

-Билет.

-Әрине. Ендеше қазір мен билетімізді қандай болады тақтадан көрсетемін, жақсылап қарап алыңдар.

2-тапсырма.

Математика аралына саяхат

 

-Қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрмыз?

-Түстері қандай?

Сары дөңгелек. Қызыл тік төртбұрыш. Көк үшбұрыш.

-Қайталап, естеріңе сақтап алыңдар. Жарайсыңдар!

-Билетіміз дайын, балалар,біз осы кемемен саяхатқа аттанамыз. Мен капитан, ал Тимур матрос.Матросқа бұйрық беріледі. Матрос Тимур кемеге кіріп, туды көтереді, штурвалды ұстайды. Содан соң «Кеме дайын,жүзуге әзір!»-деп капитанға баяндайды.

 

Капитан:

-Құрметті қонақтар, кемеден орын алуларыңа болады.

(Балалар келіп, жайғасады)

Капитан: Матрос Тимур, якорьді көтер!

Матрос: Құп! (Якорь көтеріледі)

Капитан: - Бар жылдамдықпен алға!

Матрос: -Құп!

Капитан: Қонақтар, біз математика аралына жүзіп келеміз.

 

Бой сергіту жаттығуы:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

 

3-тапсырма.

Математика аралына саяхат

 

Сұрақ-жауап:

-Жоғарыда не бар?

-Төменде ше?

-Артымызда не бар?

-Алдымызда не көрінеді?

-Аралдағы ағаштарды салыстырайықшы?

-Мына ағаштың діңі қандай?

-Ал мына ағаш ше?

-Қайсысы биік?

-Оң жақтағы ма? Әлде сол жақтағы ма?

 

Капитан:

 

-Қонақтар,біз жұмбақтар аралына келдік.Бұл аралда жұмбақ гүлдерді шешулерің керек, әйтпесе біз, келесі аралға жете алмаймыз. Мынадай сұрақтар:

 

4-тапсырма.

 

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Жапалақта ше?

-Машинада неше дөңгелек бар?

-Аспанда неше күн бар?

-Қонжық біреу,табаны нешеу?

-Еменде 5 алма тұрды, оның 1-і шөпке құлап түсті. Неше алма қалды?

 

-Жарайсыңдар, сұрақтарды дұрыс таптыңдар.Балалар келесі аралға келеді.

 

5-тапсырма.

-Балалар, мына үйшіктердің әр қайсысында неше нүктелерден бар екенін дұрыстап қарап алайық. Барлық үйшікте неше сан бар, дұрыстап санайық (дұрыс), яғни 10(он) бар екен.

 

Ендігі тапсырма:

-Мына бос тұрған үйшікте неше нүкте салғанда болу керек, соны орындаңдар.

-Енді мына бос тор көзге санның таңбасын жазуларың керек және екі қатардағы санды қосқанда 10 саны шығу керек.

 

Математика аралына саяхат

 

Қорытынды бөлімі:

Балалар,бүгінгі саяхат сабағымыз сәтті аяқталды. Өйткені барлығың да жақсы көңіл күймен, бар ынталарыңмен қатыстыңдар. (мадақтау арқылы бағалау)

 

Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Қөріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайқ!

Балалар қол ұстасып шеңберге тұрып, оқу іс-әрекетін аяқтайды.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно