Әмбебап бұрғылау станогы

Реклама
Қуандық Бексұлтан
студент
Шымкентский колледж транспорта, коммуникации и новых технологий

Научный руководитель: Кушерова Таннуры Маратовна

Преподаватель предмета «Общая электротехника с основами электроники»

 

Актуалдылығы

Менің жұмысым әмбебап бұрғылау станоктарына арналған.

Жоба барысында мен, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару үшін оқытушының көмегімен ғылыми жұмыс жүргіздім.

Кез-келген машина, көптеген технологиялық жабдықтар, қондырғылар, приборлар, өңдеу және өлшеу аспаптары мен құралдары негізінен металдан жасалатыны баршаға мәлім. Сол сияқты құрылыс, көлік, ауылшаруашылығы, тау-кен, металлургия, мұнай және газ салаларында металдың көптеп тұтынатыны белгілі.

Металл кесу станоктарында өңдеу кезінде дайындама мен кескіш аспапатар белгілі қозғалыс жасауы қажет. Олар жұмыс немесе кесу қозғалысы, қондырғы және қосымша қозғалыстар болып бөлінеді.

Металл кесу станоктарында негізгі қозғалыс айналмалы (токарь, бұрғылау, фрезерлеу, ажарлау станоктарында) немесе тік сызықты (ілгірі-кейінді қозғалыс-сүргілеу және қашау станоктары) болады.

Мақсат: жылжымалы, салмағы аз, тоқ көзі жоқ жерлерде, аз мөлшерлі электр тоғы арқылы жұмыс жасайтын әмбебап бұрғылау станогын жасап көру.

 

Орындалу жоспары:

1.Бұрғылау станктары туралы жазылған әдебиеттермен танысу;

2. Эксперимент арқылы жасаған станокты жұмысқа қосып, оның металды тесуін тексеру;

3. Экономикалық үнемділігін анықтау.

 

Орындалу жолдары:

1.Тақырып бойынша информацияларды жинақтау (оқулықтар, энциклопедиялар, журналдар, Интернет желісінен);

2. Экспериментті өткізу;

3.Қортынды анализі.

 

Сұрақтар бойынша әдебиеттерге шолу

Тескіш және кеңейжонатын бұрғылау станоктарында тесіктерді теседі, үңгілейді, кеулейжонады және ұңғылайды, бұранда ойғыштармен бұраманы ояды. Тескіш бұрғылау станоктардың құрылымдары бойынша үстелге қоятын, бағанда вертикаль бұрғылайтын, радиал бұрғылайтын, терең бұрғылауға арналған білдектерге; айналдырықтардың саны бойынша – бір және көп айналдырықты болып; айналдырықтардың орналасуы бойынша - айналдырықтары вертикаль, горизонталь және көлбеу орналасқан болып; автоматтандырылуы бойынша – әмбебап жартылай автоматты және автоматты болып бөлінеді.

Кеңейжону бұрғылау станоктарында аталған жұмыстардан басқа жоңғылауды, цилиндрлік және жақтаулын беттерді жонуды, кескішпен ішкі және сыртқы бұрамаларды оюды орындауға болады. Кеңейжону бұрғылау станоктары келесі: горизонталь кеңейжонатын, координатты кеңейжонатын, алмаспен кеңейжонатын және арнайы типтерге бөлінеді.

Тескіш бұрғылау станоктардың аса кең таралғаны айналдырығы вертикаль орналасқан білдектер.

Вертикаль бұрғылайтын бұрғылау станоктарды бірлі-жарым және аз сериялы өндіріс цехтарында қолданады. Ең үлкен өңдеу диаметрі үстелге қоятын бұрғылау станоктары үшін 6 мм-ден, ауыр бұрғылау станоктары үшін 75 мм-ге дейін болады.

Горизонталь кеңейжонатын бұрғылау станоктары кең әмбебап болып табылады. Оларда кескіш құралдардың үлкен тобын пайдаланатын әрекеттерден тұратын күрделі операцияларды орындауға болады. Бірқатар жағдайларда бұл осы бұрғылау станоктарда дайындамаларды толық өңдеуге мүмкіндік береді, бұл ауыр машина жасау үшін өте ыңғайлы. Айналдырықтың айналуы өңделетін дайындамалардың сыртпішінін қалыптастырушы болып табылады, ол кескіш құралға беріледі және атқарушы механизмдермен дайындамаға немесе кескіш құралға өтетін беріс қозғалысына беріледі.

Кеңінен таралған бұрғылау станоктары 220 В-ты электр тоғы арқылы жұмыс жасайды.

 

Зерттеулер

1.Әмбебап бұрғылау станогын жасау.

1.1.Жұмыс жасар алдында, таңдап алған үлгі бойынша, оған керекті шикізат пен құрал-жабдықтарды анықтап, дайындаймыз:

станоктың үстелі

- 1;

ұстатқыштар

- 2;

жылжыту тұғыры

- 1;

вертикаль бағыттағыш

- 1;

электр қозғалтқыш

-1;

атауыз

- 1;

айналдырық

- 1;

бұрғы

-комплект (Ø 1...10 мм);

белдік

- 1;

шкив

- 2;

қосқыш

- 1;

сымдар

- 2.

 

1.2.Жасау технологиясы:

1)40 х 40 өлшемдегі металдан жасалған кескіндіні станоктың үстелі ретінде қабылдаймыз.

2)Үстелге жылжыту тұғыры орналасқан вертикаль бағыттағышты дәнекерлеу арқылы тұрғызамыз.

3)Вертикаль бағыттағышқа ұстатқыштар арқылы электр қозғалтқышын орналастырамыз.

4)Жетекші және жетектегі шкивтерді ретімен орналастырып, оған белдік кигіземіз.

5)Айналдырыққа бұрғы орналастырамыз. Бұрғылардың диаметрін 1...10 мм дейін қолданамыз.

6)Айналдырыққа параллель станоктың үстеліне дәнекерлеу арқылы атауызды орналастырамыз.

7)Екі сымның бір үшын электр қозғалтқышқа қосып, оған қосқышты жалғаймыз.

8)Екі сымның екінші үшын 12 Вт-тық аккумуляторға, бір үшын минус (-) бір үшын плюс (+) – ке жалғаймыз.

 

1.3.Эксперимент:

Өңделетін дайындаманы атауызға бекітеміз. Электр қозғалтқышты үстелге вертикал бағыттағыштарды дәнекерлеп бекітеміз. Аспапты негізгі қозғалысты жылдамдықтар қорабы арқылы электр қозғалтқыштан және автоматты беріс қозғалысын беріс қорабынан алатын айналдырыққа бекітеміз. Электр қозғалтқыш күш қуатын беріс қорабына беру үшін белдікті қолданамыз. Электр қозғалтқышқа жалғанған сымдардың бір үшын 12 Вт-тық аккумуляторға қосамыз. Бір үшын аккумулятордың плюс (+) үшына, екінші үшын аккумулятордың минусына (-) қосамыз. Айналдырыққа кигізіліп тұрған диаметрі 1...10 мм бұрғы,айналмалы қозғалысқа келтіріліп, қалыңдығы 0,5...2 мм өңделетін дайындамаларды тесіп шығарды.

Осы жұмыстарды жасау барысында, аталған станок бұл жұмысты 12 Вт-тық электр тоғы арқылы жасай алды.

 

Әмбебап бұрғылау станогы

 

1.4.
Экономикалық үнемділігін анықтау.

 

Әмбебап бұрғылау станогын жасауға қажет болған шикізаттардың бағалары:

 

Шикізат атауы

Саны

Бағасы

Станоктың үстелі

1

200 теңге

Ұстатқыштар

2

100 теңге

Жылжыту тұғыры

1

500 теңге

Вертикаль бағыттағыш

1

500 теңге

Электр қозғалтқыш

1

1000 теңге

Атауыз

1

200 теңге

Айналдырық

1

200 теңге

Бұрғы

комплект

500 теңге

Белдік

1

50 теңге

Шкив

2

200 теңге

Қосқыш

1

150 теңге

Сымдар

2

100 теңге

Барлығы

3700 теңге

 

Кестеде көрініп тұрғандай, бұрғылау станоктың жасауына барлығы 3700 теңге шығын кетті.

 

Қорытынды

Жасаған эксперимент бойынша келесі қортындыларды шығаруға болады:

-Кеңінен таралған бұрғылау станоктары 220 В-ты электр тоғы арқылы жұмыс жасаса, біздің жобалаған станок сол жұмысты 12 В-тық электр тоғы арқылы жасай алатынына көз жеткіздік.

-Станок жылжымалы болып, жұмыс барысын жеңілдетіп, электр қуатын үнемдейтін болып табылады.

-Аккумулятор заряды бітіп қалған жағдайда күн сәулесі батареясын қолдануға болады.

-Экономикалық үнемдеуі бойынша басқа станоктармен салыстыра отырып, жобалаған станоктың құны арзан болып келеді.

 

Әдебиеттер

1.Қ. Мұстафин «Механиканың физикалық негіздері», 2010 ж.

2. Б. Сыздыкова, С. Абдрахманов «Конструкциялық материалдар технологиясы», 2007 ж.

3. М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков «Материалдар кедергісі», 1994 ж.

4. С.Д. Тәжібаев «Қолданбалы механика», 1994 ж.

5. С.Д. Тәжібаев, М. Серікбаев «Машина детальдары», 1983 ж.

6. В. Никифоров «Технология металлов и конструкционные материалы», 1980 г.

7.Интернет – ақпарат көздері.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно