Бастауышым-балбұлағым

Тержанова Орунгуль Жаксылыковна
Учитель начальных классов
КГУ Новосельская средняя школа

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі – құралдар: суреттер,шарлар, бейнеролик.

Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер. Сіздер бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болып, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тағы бір той қосылмақ. Тойларыңыз құтты болсын.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «А» – сынып оқушыларын ортамызға!

Ер жігіті елімнің

Еркесі ол бір үйдің

Тұлғасы көкте самғаған

Қатысқан талай жарысқа

Спортшы Алишерсахнада.

Барлық істі алда жүретін

Ән ,айтып, биде билейтін

Сыныптың белсенді аруы

Камила біздің өнерлі.

І с келгенде алдына

Жан салмайтын қызымыз

Ер мінезді, көрікті

Замира біздің сымбатты.

Атыңнан айналайын Асландеген

Сенің жақсы ісіңе баға берем

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор осы сыныптың сағат деген.

Дараласа әкесі, аялаған анасы

Ән де, би де, өнер де

Бір өзінен табылған

Айымгүлге қарашы

Білімді, ақылдысы сыныптағы

Талай қиын есепті құрықтады

Жансаяның алдында талай іс тұр

Болашақта жандырар үміт отты

Үндемей бәрін тындырған

Сыныптың салмақты ұлысың,

Түрлі-түсті бояумен

Өрнектейтін әр істі

Эркинжонбіздің суретші.

Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға

беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік!

Алишер: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Айымгүл:Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Аслан:Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде бізді ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Жансая:«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Камила : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Замира : Дұрыс айтасың Камила, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Жансая : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Ән: «Аяулы мектеп»

Жансая:

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Замира:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Камила:Иә, дұрыс айтасыңдар . Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Айымгүл:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Алишер:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: «Аналар алтын»

Камила:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен бойымызға.

Қош келіпсіз мейірбан ұстаздарым,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен, жырына тарландарым сал құлақ.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ,

Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!

Замира :

Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына біздеп

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Жансая :

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4а сыныбым.

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Айымгүл:

4 жыл бойы білім берген мәпелеп

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рахмет сізге ұстаз апай мол алғыс

Ұмытпаймыз жүремізде дәріптеп.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен.

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

Алишер:

Байсалды мінезіңмен бірқалыпты

Меніңде көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттіңдер әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады.

Деуші едің біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Эркинжон:

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Аслан:

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған

Апайым әрқашанда қымбат маған

Сабырлы да, салмақты қалпы менен

Қажымай үйретуден бір танбаған

Көреміз көзіңізден мейірімді.

Сеземіз анамыздың алақанын.

Қыран ана секілді күтіп баптап

Ұшырған ұясынан балапанын

Ән: «Мектебім»

«Білім кілті – бастауышта» атты- слайдқа назар аударсақ.

«Испан» биі.

Алишер : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Камила: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Замира: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Аслан :Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Айымгүл :Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Эркинжон:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Ән: «Мектебім»

Ата –аналарға қызықты сұрақтар.

1. Сіздің анаңыз балаларыңызға кім болады?

2. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады?

3. Балаңыздың туған күні қашан?

4. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні кім?

5. Екі қыздың баласы бір - біріне кім болады?

6. Балаңыздың парталас көршісі кім?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?

8. Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады?

9. Балаңыздың сүйікті асы не?

10. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

11. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

12. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

13. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

«Кукарелла» биі .

Мұғалім : сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.

«Есеп».

Баласы:

Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:

Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың

Әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып

Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы:

Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:

Сынып бөлмесінің терезесін

Кім сындырды деген сұраққа…

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.

Жансая: Сөз сөйлесе жарқын- ақ,

Күлімдейді жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой- сананы.

Біздермен ойнап,күледі,

Сырымызды біледі,

Қасымызда жүреді,

Қамқоршымыз досындай,

Хормен: Біздің мұғалім осындай!

Замира. Түзеттіріп шалалықты,

Есейттіңіз балалықты.

Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жөнге салдыңыз,

Ел алғысын алдыңыз.

Сабырыңыз құрыштай,

Жөн айттыңыз ұрыспай,

Тұрғызбай- ақ бұрышқа.

Хормен: Біздің мұғалім осындай!

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Вальс 4-сынып.

Қағылды міне әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау.

Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,

Шындық па осы япыр-ау!

Соңғы қоңырау соғылады.

Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңдар!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно