Көктөбе телемұнарасы

Рамазанова Раушан Елюбаевна
учитель казахского языка
КГУ «Средняя школа № 5», Петропавловск

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Көктөбе телевидение мұнарасы туралы мағынаны түсіндіру, мәтіннен керекті ақпаратты таңдай алуға үйрету . Үстеу сөздеріне тоқталу, мәтіннен ажырата білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттері, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуі, шығармашыл ізденіске бағытталады, сөйлесу мәдениетін дамытады, жетілдіреді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау,көрнекілік, диалогты оқыту, СТО әдістері, топтық, жұптық жұмыс.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Алматы қаласының, әлемдегі мұнаралардың суреттері, интерактивті тақта, бағалау парақтары, постерлер, А4 қағаз, стикерлер, смайликтер, түрлі-түсті қарындаш пен маркерлер.

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе. Амандасу.

2.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялқ ахуал.Әуенді серуен..... (2 мин)

3.Топқа бөлу үшін әр оқушы өзіндегі сурет бойынша бөлінеді ( теледидарладың суреттері бойынша 3 топқа бөлінеді) (3 мин)

4.Үй тапсырмасын тексеру: «Домино» әдісі арқылы етістіктің 3 шақтарын қайталап кетеміз: ( 7 мин)

Етістіктің шақтары

Жұрнақтары

Нақ осы шақ

ып,іп,п,а,е,я

Келер шақ

болжалды

ар,ер

Өткен шақ

жедел

ды,ді,ты,ті

 

Бағалау 1 топ 2 топқа ұсынады өз жұмысын, 2 топ 3 топқа ұсынады, 3 топ 1 топқа ұсынады, балалар өздерін бағалау кестесінде баға қояды.

Сонымен 1 оқушы қорытып кетеді: Қазақ тіліндегі етістік формасы туралы мәлімет ұсынады (дара,күрделі.....) , рай түрлерін, шақ бар: олар НОШ мысалы, КШ мысалы,ӨШ мысалы.

5.Оқушылардың назарларына бағдарламалардың суреттері слайдқа түседі:

Қазақстан- Петропавл, Қазақстан-ОРТ, МТРК, КТК, Астана, 31-канал, 7 канал

Көктөбе телемұнарасы

 

Көктөбе телемұнарасы

 

Көктөбе телемұнарасы

 

Көктөбе телемұнарасы

 


Одан кейін әлемдегі мұнаралардың бейнелері назарға ұсынады:

Көктөбе телемұнарасы

Париждегі Эйфель башнясы, 

Көктөбе телемұнарасы

Мәскеудегі – Останкино башнясы

 

Балалар қалай ойласыңдар,біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Қазақстандағы тұңғыш телевидение мұнарасы қайда пайда болды?

Дұрыс. Алматыда. Өйткені Алматы қаласы бұрын Қазақстанның астанасы болған. (3 мин)

6.Оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызу:

Мына суреттерді көрдік, қалай ойлайсыңдар біздің сабағымыздың мақсаты қандай болады? Бір оқушы айтып шығады. Жаңа сабақтың тақырыбы слайд арқылы тақтада көрсетіледі.( 2мин)

7.«Көктөбе телевидение мұнарасы» атты мәтінмен жұмыс атқарады:


«Оқылым» Мәтін ауызша оқылады, оқушылар 2 рет мұқият тыңдайды, содан кейін мәтіннен а) сөйлемді толықтырыңдар ....... , б) Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз ........, в) Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз ......., г) Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз..... д) мәтіннен үстеулер түрлерін белгілейді

Әр топ өз тапсырмаларын басқа топқа ұсынады, өздері бағалау кетесінде бірін-бірі бағалайды өздерінің түрлі-түсті маркерлермен.( 10 мин)

8.Сергіту сәті (2 мин)

 

9.Берілген мәтінмен жұмыс атқару: Топтарға семантикалық карталар таратылады

Белгілеу үшін +, - белгісін қояды (3мин)

үстеулер

Мекен

Мезгіл

Мөлшер

Сын-бейне

Күшейту

Мақсат

Себеп-салдар

Топтау

Лезде, көзімше,шалқасынан, әрең-әрең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төмен,кейін,әрі, жоғары, алға, ілгері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеше, бүгін, ертең, қыстыгүні, биыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрі,бері, сыртта, тысқары, төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Онша, сондайлық,бірталай, талай, зорға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жорта, қасақана,көре тұра,біле тұра

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Босқа, текке,құр босқа, жоққа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екулеп, аз-аздан, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.Үстеу грамматикалық тақырыпқа тоқталып кету

Үстеу дегеніміз не ?

Үстеудің неше түрлерін білесіңдер?

Әр түрлеріне мысал келтіріңдер

11.Берілген мәтінге коллаж құрастырады (10мин)

Тақтаға шығып қорғайды

 

Коллаж құрады «Көктөбе телевидение мұнарасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

12.Қорытындылау кезеңде мәтін бойынша синквейн құрастырады (3 мин)

Мұнара сөзіне

1.Зат есім

2.Сын есім.

3. Естістік

4. Синоним 1-ші сөзге

5. Сөйлем

12. Үй тапсырмасын беру: 

«Болашақтағы телевидение мұнарасы» интервью құрастыру

Бағалау. Бағалау кестелерінде қандай ұпай жиналғанын санайды, соның орташа ұпайы бағаланады.

Кері байланыс : Мұнара суретіне стикерлерді жапсырады, ойларын білдіреді.(3 мин)

скачать dle 11.0фильмы бесплатно