Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

Баймуханова Гульшат Уразаевна
Преподаватель казахского языка и литературы высшей категории
Жезказганский политехнический колледж

Кәсіптік білімнің сапалы жаңару бағыттарының бірі – кәсіби міндеттерді жүйелі шешу үшін арнайы және тілдік пәндердің мүмкіндігін саналы түрде қолдана алатын мамандарды дайындау болып табылады. Осыған тек пәнаралық бірігу (интеграция) негізінде ғана жетуге болады. Пәнаралық бірігу білімді дүниетанымдық жалпылау негізінде жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі оқу пәндеріне бірыңғай көзқарасын қамтамасыз етуге міндеттеледі. Сондықтан кәсіби қазақ тілі оқытушысы тек «өз» пәнінің теориялық білімін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің түрлі кәсіптік сұрақтарын шешу бойынша кеңес берудің заманауи әдістерін де білуі тиіс.

Арнайы орта оқу орындарында тілдік дамуының маңызды шарттарының бірі – тілдерді оқытудың толық құнды жүйесін тұрақты қолдануын, қоғамның жалпы мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылатын олардың кәсіби бағытталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Колледжде тілді оқып үйрену тек тұрмыстық қана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде де үйренуді қарастырады. Кәсіби бағытталған тілдік білім берудің басты мақсаты – тілдік білімді меңгерудің жоғарғы деңгейіне жету, студенттердің тіл мен арнайы пәндердің біліміне сүйенетін іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Біздің колледжде түрлі мамандықтардың иесін дайындайды. Солардың бірі- құрылысшылар. Болашақ құрылысшылар үшін кәсіби қазақ тілінде үймереттер мен ғимараттар, қаптама, әрлеу, сырлау, сылақ жұмыстары, қаңқалы-панелді ғимараттар, құрылыстың бас жоспары, құрылыс материалдары, зәулім үйлер т.б. тақырыптарды қамтиды. Өздерінің тікелей мамандықтарына байланысты мәтіндер студенттердің қызығушылығын туғызады. Оқыту кәсіптің ерекшелігіне байланысты студенттердің коммуникативтік-әрекеттік қажеттілігінің есебімен жүргізіледі. Кәсіби қазақ тілін оқыту оқу үрдісінде арнайы лексиканың белгілі бір біркелкі тобынан тұратын және студенттердің кәсіби бағдарын ескеретін мәтіндік материалды іріктеумен ғана ойдағыдай жүреді. Мұндай тілдік материалдарды іріктеуді жүргізу арнайы пәндер оқытушылармен тығыз байланысты орнатпағанша және ғылыми-кәсіптік әдебиетпен жұмыс жүргізбейінше мүмкін емес. Мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, тәрбиелік те мақсат көзделді. Оқытушы сабақта студенттердің кәсіби лексиканы, тілдің ғылыми-техникалық стилін меңгеруіне, арнайы және анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп тұруы керек. Бұл үшін оқытушы студенттерді таңдаған мамандықтарына байланысты тапсырмалармен пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Қазіргі кезде оқу орындарында материалдық-техникалық база мен компьютерлік техниканың қарқынды дамуының арқасында оқытудың тиімді әдістерінің бірі- демонстрациялау әдісі жиі қолданылады. Демонстрациялау студенттердің динамикалық бейнелерді көрнекі түрде ұсынуға негізінделген оқытудың әдісі болып табылады. Мысалы, кәсіби қазақ тілінен «Қаптама жұмыстары» тақырыбын өту барысында студенттерге үй жұмысына «Қаптауыш материалдары» жайлы тұсаукесер жасап келу тапсырмасы берілген болатын. Үйді бағалаудағы негізгі өлшемдерінің бірі- оның сыртқы келбеті. Қазіргі кезде құрылыс материалдары нарығында үйлердің сыртқы қабырғаларын және кейбір ішкі бөліктерін, ғимараттардың қасбетін, іргесін қаптау үшін арналған көптеген қаптауыш материалдары ұсынылады. Студенттер компьютердің қосымша құрылғылары, әрі оқытудың техникалық құралының бірі болып табылатын интерактивті тақтаның көмегімен вагонка, сайдинг, брекчия, стемалит, граниттік, мәрмәр тақтайшалары, қаптауыш кірпіштері жайлы айтып берді.

Кәсіби қазақ тілі сабағында студенттердің қызығушылығын арттыруға септігін тигізетін әдістерінің бірі - ойын. Ойын кәсіби өмірде әр түрлі жағдаяттарды моделдеуге мүмкіндік береді, ойын барысында кез келген студент өзін-өзі көрсете алады.

«ИӘ» - «ЖОҚ» ойыны. Бұл ойынның негігі мақсаты: студенттердің дұрыс шешім қабылдай алуына мүмкіндік туғызу. Ойынның шарты: ортаға 2 орындық қойылады. Оның бірі – «ИӘ» деген орындық, екіншісі «ЖОҚ» деген орындық. Ортаға 2 студент шығады. Екеуіне бірдей сұрақ қойылады. Студенттер сұрақтың дұрыс жауабын табу керек: ИӘ немесе ЖОҚ. Қай жауап дұрыс деп санаса, сол орындыққа отыруы қажет. Ескерту: Бір орындыққа екі адам отырмайды.

Сұрақтар:

1.Вагонка, планкен, блок-хаус ағаштан жасалатын қаптауыш материалдары ма? Иә.

2.Суретте темірбетонды қабырғалар көрсетілген бе? Жоқ. Бұл - қозынды бетон қабырғасы.

3.Бұл суретте бетонды қабырғаны кертіп жатыр ма? Жоқ. Еңістерді ерітіндімен толтырып жатыр.

4.Бұл үйдің қасбеті стемалитпен қапталған ба? Жоқ. Бұл үйдің қасбеті сайдингпен қапталған.

5.Тақтаны қондыруды ортасынан бастау керек пе? Жоқ. Тақтаны қондыруды бұрыштан бастау керек.

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

6.Бұл байлау-бау ма? Иә.

 

7.«Бірақ, алайда» қарсылықты жалғаулықтарына жатады ма? Иә

«Бермуд үштағаны» ойыны. Еденде бермуд үшбұрышы сызылады. Әрбір бұрышына «О», «Қ», «А» әріптері қойылады. О – орысша, Қ-қазақша, А –ағылшынша дегенді білдіреді. Алдымен орыс тілінде сөз айтылады, студент қазақ тілінде, содан соң ағылшын тілінде аудармасын айту керек, және әріптермен жылжып алға жүру керек. О-Қ-А. Егер де қазақ не ағылшын тілінде аудармасын айта алмай қалса, бермуд үшбұрышына жоғалып кетеді. Ал егер үш тілде аудармасын тапса, бермуд үшбұрышынан аман-есен шығады.

Архитектура – сәулет өнері – architecture

Строитель – құрылысшы – builder

Подрядчик – мердігер- contractor

Застройщик – үй салушы – developer

Этаж – қабат – floor

Блок – блок – block

Жилое здание – тұрғын үй – residential building

Кирпич – кірпіш – brick

 

Стекло – шыны – glass

Потолок – төбе – ceiling

Железобетон – темірбетон – reinforced concrete

Каркас – қаңқа – frame

Дом – үй – house

Крыша – шатыр – roof

Пол – еден- floor

Сооружение – ғимарат – structure

Здание – үймереттер – buildings

Стена –қабырға – wall

Камень – тас- stone

Дерево – ағаш – tree

Штукатурка – сылақ – plaster

Строительство – құрылыс – building

Фундамент – іргетас – foundation

Лестница – саты – stairs

Цоколь – ірге – plinth

 

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында артығын алып тастауды қажет ететін бейнелі тест-викторинасын жүргіземін. Бұл тестілеуді жүргізудің негізгі мақсаты – студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

«Артығын тап» тест- викторинасы. 4 сурет беріледі, сол суреттердің 3-уі бір тақырыпқа негізделген де, 4-іншісі басқа тақырыпта болады, демек артық болып келеді. Сол артық суретті табу керек.

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

 

Бірінші төрт суреттің ішінде артығы 4 нөмірлі сурет, себебі үшеуі – вантты-мембраналы ғимарат болса, төртіншісі – ірі блокты үймерет.

 

Екінші төрт суреттің ішінде артығы 2 нөмірлі сурет, себебі рәзеңке балға, болгарка, рулетка қаптама жұмыстарында қажет құрылыс аспаптары, ал білікше басқа жұмыста қолданылатын аспап.

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында «кубизм» деп аталатын әдісті, әрі сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданамын. Алдымен студенттерді екі топқа бөлемін. Берілген кубтың 6 жағы бар, әрқайсысында құрылыста қолданылатын аспаптар мен құралдардың суреті көрсетілген. Кубты тастаған кезде, қай беті жоғары қараса, сол беттегі суретте не көрсетілгені, не үшін қолданылатыны, пішіні қандай, қандай материалдан жасалатыны жайлы айтып беру керек. Ең бастысы студенттер өз тобының мүддесі үшін жауабын толық және нақты беруге талпынады.

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдеріМысалы: Полутерок (жартылай үккіш) — сылақ жұмыстары кезінде бетті жағу немесе алдын ала тегістеу үшін қолданылатын аспап. Полутерок табаннан және сабынан тұрады. Табанының ең қолайлы ұзындығы 70 см бастап 1 м-ге дейін. Замануи полутеркалар негізінен полиуританнан жасалады.

 

Диалог әлеуметтік коммуникацияның негізгі формасы болып табылады, ол студенттерді өз ойларын білдіруге, өз көзқарасын қорғай білуге үйретеді. Диалог оқытудың әдісі ретінде кәсіби қазақ тілі сабақтарында студенттердің кәсіби тілін байытып қана қоймай, болашақ кәсібінде кез келген жағдаяттарды оңай шеше білуге үйретеді.

Ситуациялық диалог жүргізу. «Құрылыс материалдары дүкенінде».

Ортаға екі студент шығады, біреуі – құрылыс материалы дүкенінің кеңес берушісі (консультанты), екіншісі - сатып алушы. Сатып алушы – қаптама материалын сатып алуға келді, ал кеңес беруші – сол материалдарды ұсынады.

Қорыта келгенде, колледж студенттері үшін кәсіби қазақ тілін оқып үйрену - болашақ мамандықты меңгеру құралы ғана емес, сонымен қоса кәсіби қызметтің динамикалық құбылмалы жағдайларға тез бейімделуіне мүмкіндік беретін білікті кәсіби-бағдарлы қарым-қатынасты іске асыру мүмкіндігі деп білемін.

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

 

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

 

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

 

Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

скачать dle 11.0фильмы бесплатно