ХХІ ғасырдың керемет өнертабыстары

Реклама
Серікханқызы Аяулым
студентка 1 курса
Жезказганский политехнический колледж

Научный руководитель: Баймуханова Гульшат Уразаевна

Преподаватель  казахского языка и литературы высшей категории

ХХІ ғасыр – ғылым жағынан да, өнертапқыштық жағынан да, техника тарапынан да өте дамыған ғасыр. Өткен ғасырда ойлап табылған көптеген өнертабыстар қазіргі кезде бізге қарапайым нәрсе секілді, себебі прогресс бір орында тұрмайды, ол алға қарай күн санап дами түседі. Білім мен ғылымның қай саласын алсақ та, ойлап табылған дүниелер адамның қазіргі өмірінің сапасын жақсартуға, өзгертуге, жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осындай өнертабыстардың бірі – биожасанды бауыр. Биожасанды бауырды жасап шығару идеясы Кеннет Матсумуре дәрігерінің ойына келіп түсті, ол бұл мәселені жаңашыл көзқараспен шешті. Ғалым жануарлардан алынған бауыр клеткаларын пайдаланатын құрылғы ойлап тапты. Бұл құрылғы биологиялық және жасанды материалдан тұратындықтан биожасанды деп саналды. 2001 жылы биожасанды бауыр ТІМЕ журналының хабарлауынша Жыл өнертабысы аталды.

Ал Берлинде өткен жаңа идеялар енгізу Оскарының финалына итальяндық ғалымдар ойлап тапқан материал өтті, бұл керемет материал қаланың ауасын химиялық ластанудан тазартуға мүмкіндік береді. Ойлап тапқыштардың айтуынша, осындай цементтің 1000 м2 80 жасыл ағашқа сайма-сай. Бұл итальяндық өнертабыстың артықшылығы неде? Цемент блогының барлық алаңын жабатын арнайы қабыршағының арқасында және оның күн сәулесіне әсерінен ғимараттың сыртқы қабырғалары ұзақ уақыт таза болып қана тұрмай, сонымен қатар қаланың тозаң қоспасына да қарсы тұра алады. Жаңа материал ластанған затттарды бейтараптандырып, ауаның сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді. Жаңашыл цементті ойлап тапқан профессор Луиджи Кассар өзінің жетістігін былайша сипаттап береді: «Біздің ерекше цемент қайырымды Құдай – Ата римдік Шіркеуінің құрылысында қолданылған. Оның зәулім жарқыраған аппақ бетон желкендерін салу әйгілі американдық сәулетшінің басшылығымен жүргізілді. Шіркеудің құрылысын салу кезінде біз жаңа ғимараттың айналасын қоршаған кеңістіктің бұған дейінгі жағдайына қарағанда едәуір таза болғанына көз жеткіздік. Біздің цементтің бір компоненті болып табылатын оксид титан күн сәулесінің әсерінен ауадағы ластанған заттардың ыдырау процесін тездетті, әрі оларды адамдарға және қоршаған ортаға қауіпсіз етті. Ғылыми зерттеулер осындай цементпен жабылған алаңдар ауада бар оксид азотты 70 пайызына дейін жояды. Оксид азот – өте зиянды зат, ол өте төмен биіктікте майда шаң-тозаңға айналады. Алайда қалада біздің цементті кеңінен қолданылса, ауаның сапасын мейлінше жақсартуға септігін тигізеді...»

Қазіргі кезде екінің бірі бүкіләлемдік ғаламтор тарамын пайдаланады. Ғаламторға кірсек, видеоны сақтау, жеткізу, қарау қызметін көрсететін You Tube сайтын пайдаланамыз. Ал You Tube осыдан 11 жыл бұрын ғана 2005 жылдың 14 ақпанда құрылды. You Tube негізін салушылар – Чед Харли, Стив Чен, Джавед Карим. Чед Харли сайт дизайнын құрды.

Біршама уақыттан кейін, дәлірек айтсақ 2006 жылдың қараша айында Google компаниясы You Tube 1,65 миллиард долларға сатып алды. You Tube ең бірінші видео – 18 секундтық Сан-Диего жануарлар бағында Джавед Карим түсірген әуесқой түсірмесі You Tube сайтында 2005 жылдың 23 сәуірінде орналастырылған. 2007 жылдың 13 қарашасында You Tubeпорталдың орыс нұсқасын жүргізе бастады. 2010 жылдың 9 шілдесінде Google You Tube –та ІМАХ –тың қолдауы жайлы хабарлады. 2011 жылдың 8 шілдесінде You Tube сайтының дизайнын түбегейлі өзгертті. «Cosmic Panda» жаңа графикалық интерфейсте ескі You Tube өзгеше түсті сызбасы қолданыла бастады. Логотипке өзгеріс енгізілді, дизайнерлер қызыл түстіден бас тартып, қара түсті таңдады. 2013 жылдың ақпан айында каналдардың дизайны өзгерді. 2013 жылдың тамыз айында беттің жоғары жағында жол пайда болды, ол видео жүктеудің статусын көрсетті. 2014 жылдың 27 шілдесінде You Tube секундына 48 және 60 кадр жиілігімен видеоны қолдай бастайтынын хабарлады. Бұл жаңару өз күшіне енді. 2015 жылды 27 қаңтарындаYou Tube стандарттыны Flash-ке ауыстырып, толығымен HTML 5 - плееріне көшті. 2015 жылдың 23 ақпанында You Tube балаларға арналған «You Tube Kids» қосымшасын іске қосты.

Кез келген адамға тіс асты шайнауға, әрі тіл дыбыстарын дұрыс шығаруға керек екенін білеміз. Ал жоғалтып алмайтын немесе ұрлата алмайтын мобилді телефон жайлы естулеріңіз бар ма? Тістің телефонға қандай қатысы бар? Әрине, тікелей қатысы бар. Екі британдық инженер Джеймс Огер мен Джимми Лойзо мобилді телефонның қызметін атқаратын тіс қондырымын ойлап тапты. Жаңа өнім кіп-кішкентай дірілдеткіш мен радиотолқындарды қабылдағыштан тұрады, әрі тіс дәрігерінің қабылдауына барғанда тіске енгізеді. Қабылдағышқа дыбыс сандық радиосигнал арқылы келіп түседі, содан кейін ол сүйек жаңғырығының көмегімен ішкі құлаққа жеткізіледі. Тіс телефонымен кез келген жерде және кез келген уақытта қолдануға болады. Технология қазір тексеруден өтіп жатыр, ал телефон таяу арада өзінің түпкілікті түріне ие болады.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно