Қазақ тілі мен кәсіптік қазақ тілі сабақтарында жаңа білім беру технологиялармен қолдану арқылы субъект-субъективтік қарым-қатынастарды жүзеге асыру

Елеманова Динара Сәлімжанқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК

Қазақ тілі мен кәсіптік қазақ тілі сабақтарында жаңа білім беру технологиялармен қолдану арқылы субъект-субъективтік қарым-қатынастарды жүзеге асыру

 

Білім берудің сапасы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады: студенттердің пәндік және жалпы білімдері мен біліктіліктерінің деңгейі, олардың құндылық бағдарлары. Мәселені талдау барысында оның пайда болуының талай себептерін тауып және оларды төмендегіше топтауға болады: оқудың төмен қызығушылығы, уақыттың жетіспеушілігі, студенттердің жеке және типологиялық ерекшеліктері, танымдылық қызметінің дағдылары мен іскерліктерінің дамымауы, оқытушы жағынан оқу үрдісінің тиімсіз ұйымдастырылуы. Осы жерде мәселелердің себептерін жою мүмкіншілігін және де қазіргі жағдайда оны қалай істеуге болатынын талдауға орынды.

«Қазақ тілі мен кәсіптік қазақ тілі сабақтарында жаңа білім беру технологиялармен қолдану арқылы субъект-субъективтік қарым-қатынастарды жүзеге асыру» менің мақаламның тақырыбы. Ең біріншіден, «субъект-субъективтік қарым-қатынастар» сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінемін? Менің түсінігім бойынша, педагог мен студент арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастық пен сұхбаттасу, бірлесіп қызмет пен қарым-қатынас жасау принциптеріне негізделуі тиіс. Оқытушы пәнді оқыту үрдісінде студент тәжірибесін анықтап, қажетті жағдайда оны түзетуге, ал содан кейін пәндік материалды оқыту барысында байытуы тиіс. Осы туралы біз «оқытушы субъект-субъективтік қарым-қатынас орнатты» деп айта аламыз. Осы жағдайды еске алып, мен өз сабақтарымды студенттермен бірлесіп қарым-қатынас, сұхбат негізінде қалыптастыруға тырысамын.

Өз қызметімнің ұраны ретінде «Студент – толтыруды қажет ететін ыдыс, жағуды қажет ететін шырақ" сөзді алдым .

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде жұмысымның негізгі бағыты – оқытудың сапасы мен нәтижесін арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыру әдістемелік кеңес жұмысы жоспары негізінде жатқан және оқытушылармен іске асырылатын талай мақсаттарының табысты орындалуымен байланысты. Білім беру сапасын арттырудың маңызды факторы – ол оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Бұл жерде айта кететіні, олардың көпшілігі қазақ тілін оқыту үрдісінде бұрыннан пайдаланылады және қазіргі уақытта жетілдіру, кеңейту және жаңғырту кезеңінен өтіп жатыр. Оқытушылардың педагогикалық қызметін талдауында оқу үрдісінде негізгі тұлғалық бағдарлы оқыту технологияларының барлығы пайдаланылатыны көрсетілді. Дегенмен қазақ тілі сияқты пәнді оқыту барысында жаңа технологиялармен қолдану икемді және шығармашылық көзқарасты талап етеді, сондықтан олардың әрқайсысының практикалық қолданылуының студенттер түрлі жас топтарында өз ерекшеліктері бар.

Бұл ретте, неғұрлым әмбебап, өнімді пайдаланылатын технологиясына М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы жатады. Модульдік оқыту технологиясында оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу жоспарлы қызмет және өз бетінше оқып-үйрену арқылы оқу қызметінде субъект-суъективтік қарым-қатынасты дамытуға үлкен мүмкіндіктер ұсынылады. Жұмыс оқу бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау модуль негізінде жасалған. Негізгі оқу мерзімі - модуль. Біз оқитын модульдер: Менің Отаным – Қазақстан. Фонетика. Ұлы адамдар. Лексика. Менің болашақ мамандығым. Морфология. Іс қағаздар. Синтаксис. Пунктуация. Кәсіптік қазақ тілін оқытуда қолданылатын модульдер – Болашақ мамандыққа кіріспе. Кәсіптік терминология. Болашақ мамандыққа көзқарас. Кәсіптің ұлылары. Іс қағаздар. Табысты нәтиже алу үшін модульдік бағдарламалар қолдануында келесі ережелерді сақтаймын:

1) Жаңа модульмен жүмыс істер алдында модуль бойынша шолу жасаймын: лексикалық және грамматикалық материалмен қысқаша таныстырамын. Модуль бойынша жұмыс істеуге дайындық деңгейі бойынша ақпарат алу үшін, негізгі грамматика бойынша, шағын бақылау жұмысын өткіземін. Осымен қатар, білімдердің тиісті түзетуін жүргіземін және қайталауға материал беремін.

2) Әр грамматикалық ережені оқудан кейін ағымды бақылау өткізілуі маңызды (өз-өзін бақылау, өзара тексеру, кілт арқылы тексеру).

3) Модуль бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін модульді меңгеру деңгейін көрсететін қорытынды бақылау жүргіземін. Бақылау алдында міндетті түрде жалпы тақырып бойынша қысқаша шолу жасап, қиын сұрақтарға назар аудартқызамын. Бекіту барысында түрлі әдіс-тәсілдермен қолданыламын.

4) Оқу мазмұнының саралап берілуін жүзеге асырамын: көпдеңгейлі тапсырмалар беремін.

Технология ең алдымен қазақ тілін оқытуда негізін қалаушы болып табылатын оқу үрдісінде коммуникативті тәсілдің белсенді қолданылуын көздейді. Оқыту технологияға сәйкес сабақ жүйесі сабақтардық модульдік құрылымы негізінде құрылады, олардың көпшілігі қазақ тілін оқыту барысында жетекші болып табылады, өйткені олар оқытудың дәстүрлі және жаңа өнімді әдістемелерін оңтайлы үйлесімін тапқан. Осындай сабақ түрлеріне сабақ-мәжіліс, сабақ-әңгімелесу, мәдение-тарихи аналогтармен танысу бойынша сабақ-дәріс, іскерлік ойын, сабақ-өзара тексеру және т.б.

Модульдік технология сабақтарда басқа да тәсілдермен қолдануға мүмкіндік береді, мен Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының элементтерімен /стратегияларымен/ белсенді қолданыламын. Менімен жиі қолданылатын стратегиялар: жаңа тақырыпқа деген қызығушылық арттыру мақсатымен «Ой қозғау», «Ассоциация», «Таза тақта» стратегиялар; жаңа тақырыпты меңгеруінде –мағынаны тани білу барысында - «Білемін. Білгім келеді. Білдім», «Екі жазба күнделігі» стратегиялар; материалды бекіту барысында - «Дөңгелек үстел», «Семантикалық карта» рефлексия стратегиялары. Ал «Кластер», «Бес жолды өлең», «Эссе» атты стратегиялар сабақтың әр кезеңінде қолдана береді. Осы бағдарлама тиімділігі – материалдың жеңіл меңгерілуі, ауызша тілінің дамуы, өз пікірін жеткізе алуы, жұ пен топта жұмыс істеу жұмысының белсенділігі.

Білімдерін бақылау мен бағалау студент пен оқытушының оқу қызметіндегі негізгі құрылымдық элементі болып саналады. Мен негізгі бақылау түрлерімен қолданыламын: ағымды, тақырыптық, қорытынды. Педагогикалық бақылаудың негізгі тәсілдері тақырыптық тесттер, бөлек дағдылар бағалауына арналған тесттер, бақылау жұмыстар, рефераттар, шығармашылық тапсырмалар, ауызша сұраулар, сынақтар, емтихандар болып табылады.

Модульдік оқыту мен Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы, сөзсіз, басқа оқыту әдіс-тәсілдер алдында артықшылықтары бар деп санаймын.

- Студент өзі оқиды. Студент кез келген уақытта оқытушыдан түсініксіз сұрақтар мен тапсырмалар бойынша ауызша кеңес ала алатыны да маңызды.

- Осы технологиялар әр студентке білім беру стандартының меңгеруіне және оқытудың жоғары деңгейіне жылжуына кепілдік береді.

- Сабақтарда, ережеге сай, тәртіп бойынша мәселе тумайды, студенттерде ойын-сауыққа тіпті уақыт жоқ.

- Жоғарыда айтылған технологиялар негізінде жасалған сабақтар студенттердің білімдерін анықтауға көмектеседі, себебі әр сабақ тест немесе басқа бақылаумен немесе шығармашылық тапсырмамен аяқталады.

- Оқытушы-студент қарым-қатынастары өзгереді. Субъект-субъективтік қарым-қатынастар дамып, қалыптасады. Енді оқытушы мен студентте жеке де, топта да қарым-қатынас жасауға көбірек уақыт бар. Олардың арасында жанжалды болдырмайтын мейірімді қарым-қатынас пайда болады. Әр студент оқытушыдан кеңес алады: қалай жұмыс істеу, жауапты қайдан табу, өз ойын қалай тұжырымдау. Студент өз бетінше жұмыс жасап жатқанын сезінеді, дегенмен оқытушы студенттердің оқу-танымдылық қызметін жұмсақ және мақсатты түрде басқарады.

Субъект-субъектілік қарым-қатынаста оқытушының орны қандай?

- студенттің танымдылық қызметін басқару, білім тасушы тұрғысынан студенттердің жеке танымдылық қызметін ұйымдастырушы тұрғысына көшемін;

- коммуникация, өзара түсіністік арқылы сабақта студенттің танымдылық қызметін орнатамын және пәнге деген оңды қатынасқа жетемін;

- әр студентті ұжымдық шығармашылық қызметіне қосатын оқытудың ұжымдық тәсілдерімен қолданамын, өзара жәрдем көрсетуді ұйымдастырамын;

- қызмет үрдісінде студентке жәрдем көрсетемін, оның өздік қызмет нәтижесіне ерекше көңіл бөлемін;

- табыс жағдайын жасаймын, әр студентке лайықты әдістеме жасап, тапсырмалар ұсынамын;

- ізгілік оқу қарым-қатынастар жүйесінде жүзеге асырылатын оқу ынтымақтастықтың оңды эмоционалды жағдай жасаймын;

- студенттің жеке қызметінің өзін-өзі талдауын ұйымдастырамын және барабар өзін-өзі бағалауын қалыптастырамын.

Өз мақаламды келесі сөзбен аяқтағым келеді: «Білім беру үрдісінің тиімділігі біз педагогикалық мақсатты іске асыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылып жүрген педагогикалық технологиямен тікелей байланыста».

Пайдаланған әдебиет тізімі:

1.М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»;

2.К.О.Бітібаева «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту технологизациясы»;

3.«Мұғалім шеберханасы» журналы №11, 2014 ж., 2-3 б.;

4.Кәсіптік қазақ тілі №3, 2013 ж. 4-5 б.;

5.Қазақ тілі мен әдебиет №3, №4,2014 ж.;

6.«Дауыс пен көрініс» журналы №3, 2006 ж. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно