Қазақстандағы көркем аударманың ХХІ ғасырда жалғасын табуы

Реклама
Алипова Жанайым
студентка 1 курса, специальность «Учет и аудит»
Жезказганский политехнический колледж
Научный руководитель: преподаватель казахского языка и литературы
Баймуханова Гульшат Уразаевна

"Аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін пошта аттары, ағартушылық шабармандары” деген екен кезінде А.С. Пушкин. Расында дәл солай. Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап оның аудармаға қажетті қос тілдің екеуін де - өз ана тілі мен аударылатын шығарма жазылған бөтен тілді де барынша жақсы меңгерумен байланысты. Әлгіге қоса, аудармашы тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркемдік, әсемдік тұрғысынан ұғына алатындай қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы да керек.

Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-берістің, айырбастың құралы. Аударма - елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе-тағлым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол - бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі. Аударма ісі дәл өзінің танымал мағынасында, яғни тіларалық көркем аударма ретінде қазақ мәдениетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл - орыс әдебиетінің алдыңғы қатарлы шығармаларын аудару мезгілі еді. Осы бағытты бастаған Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар болды. Солардың арқасында қарапайым халық арасында ғылым-білімге, сауаттылыққа деген ынталылықты туындатқан, «білім дегеніміз күш», «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегізген ағартушылық үрдістері басталды десек қателеспейміз.

Қазақ тілінің сөздік құрамның баюына көркем аударманың үлесі зор. Көркем аударма қазақ тілінің лексикалық қоры және терминологиясын байытудың бірден-бір сәтті жолы. Ана тілімізге аударылған көркем шығармалар терминологиялық лексиканы қалыптастыруға үлкен үлес қоса алатын құнарлы қайнар көздердің бірі. Осы арада белгілі орыс жазушысы Л. С. Соболевтің мынадай сөзін айта кеткен жөн: «Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса, егер сол халықтың тарихын, дәстүрін, негізгі жұмысын, салтын жақсы білсе табиғатын сүйсе, осы халықты сезінсе, онда аударма ісінің нәтижесі де керемет болмақ». Ұлы аудармашы болу үшін ұлы ақын, немесе ұлы жазушы болу шарт емес, немесе екі тілде еркін сөйлеп еркін аудару да емес. Аударып отырған шығарманың мазмұнын жүрегімен қабылдап, туған тілдей жазылған тілін сезіне білу керек. Сонда ғана аударма оқырманға аударма емес түпнұсқадай түсінікті әрі жақын болады деп есептеймін. Қазақ аудармасының тарихы тереңде жатыр, оның тарихи өркендеу сатысын белгілі жүйемен зерттеп, ғылыми-әдеби жағынан бір ізге, бір арнаға түсіру қажеттілігі байқалуда. Ғылым тілі мен көркем әдебиет тілін бір-бірінен бөліп жаруға болмайды. Ұлттық әдеби тілдің лексикалық қорының, атқарымдық стилінің өзіне тән ерекшеліктері бар, дегенмен олар халық тілінің ажырамас бөлігі ретінде үнемі өзара тығыз байланыста дамиды. Сондықтан тіліміздегі термин шығармашылығын тек ғылыми әдебиеттермен, терминологиялық сөздіктермен ғана байланыстырмау керек. Өйткені, ғылым тілі ұлттық әдеби тілден бөлек өмір сүрмейді. Бұл зерттеу жұмысымда мен көркем аударманың сөздік құрамымызды байыту мәселелері қарастырылған және шығармалардан алынған жекелеген мысалдар көрсетілген. Мысалы Ги де Мопасанның "Өмір” романың аударған Әбіш Кекілбаев "сиделка”, "исповедальня” сөздерін "бағымшы”, "тәубехана” деп аударады.

Француз қаламгерінің "Томпыш” хикаятын аударғанда жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы"сайдауыт”(авангард) ,"тоңтәртіп”(формальность) атауларын қолданады. Оноре де Бальзактың белгілі ауармашы Жұмағали Ысмағұлов қазақша сөйлеткен "Шегірен былғары” романынан "азапшы”(инквизитор), "дәршімай”(духи), "жарқылдақ "жойымпаз”(ликвидатор),"қайырхана”(богадельня),"қиырсыздық”(бесконечность) сияқты атауларды кездестіреміз. Көркем аудармамен айналысқан кәсіби аудармашылар қаламынан туындаған атаулар жаппай қолданысқа көшіп, лексикалық қорымызды байытып жатыр.

Қазақ тіліндегі ХХІ ғасыр басында жасалған көркем аударма қорының негізгі басым бөлігі орыс тілінен аударылған. Әлем әдебиетінің екі жүзден астам шығармасының қазақша аудармасын орыс тіліндегі нұсқасымен салыстыра отырып қарастырғанда мол сөз байлығы жинақталды. Кірме сөздердің көркем аудармалардағы қолданысын , оларды жазушы қауым мен аудармашылардың қалай игеріп жүргенін анықтау да аударма тілін зерттеушілер тарапынан атқарылуға тиісті жұмыстардың бірі деп есептеймін. Кейінгі жылдары жасалған аудармаларда зауыт, кәстөм, нөмір, пойыз, пошта, рөл, шенеунік тәрізді көптеген атаулар біркелкі жазыла бастапты себебі тілімізге икемділе жазылуында. Кеңестік кезеңмен салыстырғанда жүздеген жаңа атаулар әдеби тілдің қорына еніп, жалпы қолданысқа көшті. Олар баспасөз беттерінде, жазушыларымыздың көркем шығармаларында да кеңінен қолданылады. Бізде бірқатар ғалымдар, кейбір тіл мамандары, көркем мәтіннің ғылыми мәтінге, термин шығармашылығының көркем әдебиетке ешқандай қатысы жоқ деп санайды. «Терминжасам көркем әдебиет тілінен бөлек ғылым тілі аясында дами беруі тиіс» деген сыңайлы көзқарастарын білдіріп жатады. Терминдерді шет тілдерінен өзгеріссіз ала беруден де жалпыұлттық тілге келетін ешқандай зиян жоқ деп түсінеді. Бұл біржақты, жаңсақ пікір. Олай болатыны жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі мен ғылым тіліндегі арнаулы терминдердің бейтерминдену үдерісі үздіксіз жүріп жатады. Жалпы лексикалық өріс пен терминологиялық өрістің арасын мүлдем бөліп тастау мүмкін де, қажет те емес. Мәселен, соғыс тақырыбына жазылған көркем шығармаларды әскери атақтар мен шендер, әскери техника атаулары мен әскери бұйрықтар, командаларсыз елестету мүмкін емес. Қорыта айтар болсақ, көркем аударма жасау үдерісінде жаңадан туындайтын , әр түрлі лексикалық қабаттардан алынып қолданылатын жүздеген атаулар тіліміздің сөздік құрамын, терминдер қорын байытудың құнарлы көзі. Қоғам дамуының қай кезеніңде де мұндай сөз байлығына мұқият болу, оны жинап, іріктеп алып қолданысқа енгізу арқылы тіл байлығының еселене түсуіне қызмет ету әр ұрпақтың міндеті.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно