Таңғажайып 7 саны

Реклама
Жумагулова Перизат Жайыкбайкызы
8 «а» класс
КГУ «Тайбайская средняя школа»

Таңғажайып 7 саны

Ғылым жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі
Жагипарова Күльзария Жанабайқызы

 

 

Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.

Жобаның міндеттері:
– Қасиетті сандармен танысу.
– Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
– Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.

Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.Сондықтан осы жобада оқушылардың санасына кейелі сандардың мағынасын түсіндіре отырып,ұқыптылыққа даүлкен табысқа жеткізетінің дәлеледеу.

I.Негізгі бөлім

1. Сандардың шығу тарихы.
Математика –ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады.

Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.
Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.Жердің жүзін

мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.

Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген не бір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Әлем халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік. Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Жеті санына байланысты білетін «Ұлағатты ұлттық ұғымдарға »тоқталайық.

Осының ішінде жеті жетекшіге тоқтала кетейік.


1.Адамның басшысы – ақыл.

2.Жетекшісі –талап.

3.Жолаушысы – ой.

4.Жолдасы –кәсіп.

5.Қорғаны- сабыр.

6.Қорғаушысы- мінез.

7.Сынаушысы-халық.


Қазақтардың таным – түсінігінде жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.

Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:

1.Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.2.Жеті қазына.Ол жөнінде пікір таласы көп. Құрандағы жеті парыз.1.Құранның басы-дәріп,2.Құранның анасы-бата,3.Құранның қорғаны-аятыл күрс(дұға),

4.Құранның тілі-ясин(дұға),5.Құранның кілті-ысытайыл ықылас,6.Құранның шырығы-тәсбі,7.Құранды оқу-сүннәт,тыңдау-парыз.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:1.Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық.6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.
Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар.

Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты – тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады.

Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бүгін,ертең,бірсүкүні,арғыкүні,ауыркүн,соңғыкүн,азна.Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.

«Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай:
1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың

әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».

3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».

7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.

Жеті жұт. Бұлар:


1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба (ауру).
5. Соғыс.

6. Топан су.
7. Зілзала (жер сілкіну)


Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста

тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ 7 елжетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).
Жеті тозақ:


1. Сағир.
2. Лазо.
3. Сақар.
4. Жахим.
5. Жаһаннам.
6. Хауия.
7. Хатома.


Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.Өлімге себепкер жеті күнә:


1. Тамақсаулық.
2. Жалқаулық.
3. Нәпсіқұмарлық.
4. Өркөкіректік.
5. Ашу.
6. Қызғаншақтық.
7. Сараңдық


Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық .

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.
Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген.

Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет:
1. Рим колизейі.
2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар.
3. Қытайдың ұлы қорғаны.4. Англиядағы алып тас қорған.5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы.6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара.7.Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.

Татар халқы «етиган», тыва халқы «жадықан», хақастар «шатқан» т.б. халықтар аспапты өз тілінде атаған.Жетіген аспабының ноталық жүйесін белгілі этнографғалым Болат Сарыбаев анықтады. Бұл күнде аспап кеңінен насихатталып, халыққа танылып, дамып келеді.

Жетіген аспабының шығу тарихы. Баяғы заманда бір қарттың жеті ұлы болған екен. Ел ішінде бір жылдары қатты жұт болып, көпшілік қауым ашаршылыққа тап болады. Аштықтан жеті ұлы қайтыс болады. Қария есімді үлкен ұлы қайтыс болған кезде кепкен ағаш бөлігін ойын алып, ішек тартып, тиек тағады. Қайтқан тұңғыш ұлына арнап, «Қарағым» күйін шығарады. Қариядан соң, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде, екінші ішекті тартып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде "Құмарым", төртінші ұлы Бекенге арнап "От сөнер", бесінші ұлы Хауасқа "Бақыт көшті", алтыншы ұлы Жүлзарға "Күн тұтылуы" күйлерін шығарады. Ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда ақсақал жетінші шекті тартып, "Жеті баламнан айрылып құса болдым" атты күй шығарады. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсетеді. Бұл күйлер кеңінен таралып, әрі қарай дамып «Жетігеннің жеті күйі» не «Жетігеннің жетеуі» деп танылады. Аспап атауы жеті және ән сөздерінен құралып, «жетіген» деп аталған. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, "Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар.

Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды.

Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2- 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

Жеті саны : Киелі сан «жеті»деген, Байланысты жетіменен.Көп ұғымы халқымыздың, Белгісіндей салтымыздың. Жетіқат көк жер үсті, Жеті қабат жер асты. Жеті жарғы-заң жеті, Қазынамыз бар жеті. Жеті атамыз-тегі жұрт, Ағайынды жеті жұт. Қызықтыра құбыла, Жеті түсті шұғыла, Жерді бір жеті керемет, Жеті шелпек –берекет.

Жеті жас: Бір жасымда қаздан бастым, «Тұсау»деген таудан астым.Екі жаста еркін сөйлеп,Еркеледім менмін деп.Үш жасымда үлкендердің,Сөзін ұғып,соңына ердім.Төрт жасымда талаптанып,Тақпақ айттым,жаттап алып. Ұлдар бес жасымда «Сүндеттелді» «Мұсылмандық міндет»,-дедім.Алты жаста атқа мінді,Шауып желіп,тоқтай білдім.Жеті жаста мектепке бардым,Ұқтым білім,еңбек барын.

Жеті саны ертеден «Таңғажайып сана» болып саналады.Вавилондықтар жеті планета бар деп есептейді,олардың ғибадатханалары жеті деңгейлі болды.Таурат кітабында жеті саны 500 рет қайталанады.Жеті саны көп заттардың аттарында бар.Мысалы , «Боинг 747» ұшағы.Жетінші баланың жетінші баласы ерекше күшке ие болады.Жеті –адамзаттың сүйікті саны.Егер кез-келген адамға он көлемдегі санның ішінен бір санды таңда десек,ол міндетті түрде жеті санын таңдайды.

Қорытынды.
Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің
7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді.

Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі.

Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал,
«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...
Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бәрі де сандар туралы, Алматы кітап 2008жыл

2.Математика тарихы А.Көбесов

3.Математика Ә.Бибосов

4. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
5. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
6.Математика курсындағы кейбір мәселелер С.Отарбаев

7. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2003. - 28-33- б.

8.Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский

9. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ ескiлiктерi» Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. 2001.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно