Қазақстан Республикасының білім беру процессіндегі, ғылымның даму жолындағы жаңашыл кезеңі

Реклама
Байкаметова Талшын Болатовна
студентка 1 курса
РМҚК «Р.С.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі
Научный руководитель: преподаватель математики
Мамаева Айгерим Талгатовна

 

Қазақстан Республикасының білім беру процессінде, ғылымның даму жолындағы ең басты жаңашыл бағыттарды қарастыру. Біздің еліміздің дамыған елдердің қатарында болу үшін, ең басты білімнен бастау алуымыз қажет. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Солардың ішінде білім беру жүйесі өте жоғары деп Қазақ-британдық технологиялық университетін, IT университетін, Назарбаев университетін айтуға болады.

ҚБТУ (Қазақстан-Британ техникалық университеті, KBTU) - Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. 2010 жылғы қорытынды бойынша "Ең үздік техникалық университет" атағын иеленді. Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, ғылым, білім және өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген халықаралық акрредитацияға ие зерттеушілік бағыттағы университет болуға ұмтылады.

Қазақстан-Британ техникалық университеті – британдық жоғары мектеп тарапынан беделге ие және толық мойындалған, өзінің басты миссиясы етіп жоғары білікті мамандарды дайындауды, Қазақстан экономикасының айтулы салаларында зерттеулер жүргізу мен ғылыми жасалымдарды енгізуді алып отырған қазақстандық білім беру саласының көшбасшысы.

Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылым саласындағы жетекшілік позициясын күшейту мақсатында университеттердің әлемдік білім кеңістігі мен интеграциясын дамыту болып табылады. Әлемнің көшбасшы университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық байланыстарын кеңейту арқылы жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Білім берудің бакалавриат-магистратура- докторантура бірлігіндегі үшсатылы жүйесін жетілдіре отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін жаңа ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытады. Студенттердің кәсіби, ғылыми-зерттеушілік және жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру мен жетілдіреді. Өнеркәсіптік мекемелермен байланысты кеңейту, өндірістік практиканы өткізу және түлектерді жұмысқа орналастыру. Сапа менеджментінің жаңа ұстанымдарына негізделген басқару жүйесін жетілдіру ең басты мақсат етіп қою керек.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – Қазақстандағы алғашқы IT университет – 2009 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ашылған.

Халықаралық IT университеті салалық технологиялардан ғана емес, озық менеджменттен, экономикадан білімі бар, коммуникативті дағдылармен және ағылшын тілінен терең біліммен қаруланған жаңа буын мамандарын дайындайды.

АТ – Университетінің құрылтайшылары «Ұлтық инфрокоммуникациялық холдинг «Зерде »» АҚ және Халқаралық бизнес Университеті (UIB) болып табылады. Биылғы жылы жоғары оқу орны тек Қазақстандық студенттерді қабылдайды. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін жоғары білімі деңгейін, сапалы дайындықтарын iCarnegie ЖОО серіктестігі қамтамасыз етеді, Carnegie Mellon университетінің құрлымдық бөлімшесі болып табылатын (SEI) – ғылыми – зерттеу орталығы өнеркәсіп өндірісін бағдарламалық қамтамасыз етуде екі онжылдық бойы жетекші орын алып келуде.

Оқыту ең үздік әдістемемен ғана жүргізілмейді, сонымен қатар заманауи оқыту әдістері де қолданылады. Кафедрада соңғы үлгідегі компьютерлік техникамен және бағдарламалармен жабдықталған төрт зертханалық сынып, интерактивті тақтамен жабдықталған екі лекция залы бар. Сондай-ақ кафедрада студенттер мен оқытушылар жұмыс істейтін екі ғылыми-зерттеу лаборотория ұйымдастырылған. Осы лабороторияларда бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары шоғырланған. Студенттерге лабороторияда жұмыс істеу өз мүмкіндіктерін байқауға және алған білімдерін қолдануға, АТ бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.

Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Миссиясы:

Дарынды, бәсекелестікке қабілетті адамзат капиталымен Еуразияның ғылыми-білім және мәдениет орталығы ретінде Астананың қарқынды өсуіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамыту және халықаралық деңгейге шығуды қамтамасыз ету.

Университеттің миссиясына жетуге бағытталған мақсаттар Ғылым мен технологияда жаңа тенденцияларды құруға және дамытуға қабілетті профессионалдардың жаңа ұрпағын қалыптастыру. Білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оны жан жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру. Оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым – қатынас арқылы әлемдік білім сезімін қалыптастыру. Білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымын құру. Әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу; Әлеуметтік профессорлық – оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру. Университеттің ұлттық және халықаралық беделін құру.

Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде интеллектуалды мектептер ашылды. Ең алғаш болып Астанада ашылған Назарбаева зияткерлік мектебінің мақсаты – әр түрлі салалар үшін бәсекеге қабілетті менеджерлерді дайындау. Әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде мектеп дамуының басты бағыттары айқындалған. Олар – әлемдік сапа және білімнің өтімділігі, дара оқыту және қабілетті дамыту, тілдердің үштұғырлығы, ақпараттық-коммуникацичлық инфрақұрылым. Ал оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптасытруға бағытталған біртұтас білім жүйесі құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлығы үнемі басышылыққа алынады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің ерекшелігі – электрондық оқудың e-learning жүйесімен жарақталған. Бұл ата-ана өз баласының білім алу үдерісін қадағалап отыратын білім порталы. Яғни әрбір оқушыға портфолио ашылып, оған оқушының барлық бағалары мен мінездемелері тіркелген. Осылайша, баланың дамуына тұрақты мониторниг жасап, оның білім алуының нәтижелігін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта мектеп заманауи оқу жабдықтарымен, smart-сыныптарымен, тіпті телестудиямен жабдықталған.

Сондай-ақ, мектепте педагогикалық және ақпараттық технологиялардың ықпалдастық орталығы, медиатека, рототехникалық зертхана, ақпараттық анықтама жүйесі жұмыс жасайды. Мектептердің оқу бөлмелерінің барлығы жылдамдығы жоғары Интернетке қосылған.

Жалпы алғанда Назарбаев зияткерлік мектебінде бірнеше ғылыми сыннан іріктеліп, сүрінбей өткен таңдаулы оқушылар ғана білімін жалғастырады. Физика-математика пәндері тереңдетіліп оқытылатын білім ордасында бүгінде 800-ден астам шәкірт оқып жатыр. Оларға дәріс өтетін мұғалімдердің жиырма жетісі шет елдің таңдаулы оқу орындарынан келген. Шетелдік педагогтар негізінен жаратылыстану бағыты бойынша сабақ береді.

Назарбаев зияткерлік мектептері базасында білім берудің 2 үлгісі жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі — жаратылыстану-математика бағытындағы тәжірибелік ықпалдасқан білім бағдарламасы. Бұл бағдарлама Зияткерлік мектептерге енгізіліп, сынақтан өткен соң елдің орта білім беру жүйесіне трансляцияға ұсынылады. Аталған бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия, биология пәндерінен тереңдетіліп, үштілді ортада білім алады.

Екінші білім беру үлгісі негізгі және жоғарғы мектептерде балаларды Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуды қамтиды. Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) бағдарламасы — шетел университеттеріне түсу үшін мақсатты дайындық курсы.

Зияткерлік мектептердің 11-сынып түлектері халықаралық SAT-1, SAT-2, SET, IELTS, TOEFL және BCEPT емтихандарын тапсырады. IELTS емтиханы ағылшын тілін білудің академиялық деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі, — дейді Күлфарида Бабағұмырқызы.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» базасында жасалып жатқан жұмыстардың барлығы болашақта орта білім беретін мектептерге беріледі. Сондықтан біз қазір көпшілік назарына заманауи орта білімнің қандай болу керектігін жеткізуге күш салудамыз. Бұл ретте орта білімнің құрылымы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл динежүзінде өзгеріп жатқандығын баса айту қажет», - деп атап өтті К. Шамшидинова.

Бұл іс-шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізеді. Шараға халықаралық және қазақстандық спикерлер, ҚР БҒМ өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындары, Ұлттық тестілеу орталығы, елдегі Зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінен 400-ге жуық адам қатысты.

Конференцияда «Білім парадигмасының өзгеруі», «Білімдегі жаңа әдістемелер мен технологиялар», «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру», «Мектептерде үштілдікті енгізу», «Қазақстан тарихы, қазіргі замандағы Қазақстан пәндері арқылы патриотизмді қалыптастыру», «Оқушыларды сыни бағалау», «Тест арқылы дарынды және талантты балаларды анықтау», «Мектеп - университеттің серіктестігі», «Зерттеушілік, жобалау жұмысы» және т.б. тақырыптар талқыланады.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беру жүйесін өзгертудің басты бағыттары қарастырылған.

Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Білім беру саласын демократияландыру мен ізгілендіру идеясы негізінде мектеп географиясы мазмұнына өзгерістер енгізу болашақта білім берудің мақсат-мазмұнын, оқыту әдістерін жаңартуды талап етуде. Жаңа білім парадигмасы оқушыны оқу процесіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап етуде.

 

скачать dle 11.0фильмы бесплатно