Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен ерекшеліктері

Реклама
Ерман Ақерке Ерманқызы
1 курс
Д. А. Қонаев атындағы Колледж
Научный руководитель: преподаватель
Абекова Бақытгүл Қажымуратовна

Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен ерекшеліктері

 

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

Мемлекттік тілді – дамытамыз.

Ағылшын тілін – үйренеміз.

(Н. Ә. Назарбаев)

Ана тіліміздің бай, көркем тіл екенін біз өте жақсы білеміз. Сол себепті ана тіліміздің ауыз әдебиетінде қалыптасқан, ойып тұрып орын алған ата-бабаларымыздың нағыз ақыл иелері данагөй болғандарын сипаттайтын мақал-мәтелдердің екі тілде қолжетімді болуы студенттер үшін қажетті деп ойлаймын. Сондықтан тіліміздегі мақал-мәтелдердің ағылшын тілінде бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас, жақын екенін анықтап, зерттеп, еліміздің дамуына балалық үлесімізді қоссам деймін.

Жобаның басты мәселелеріне тоқталатын болсақ: шетел тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», - деп Әл-Фараби айтқан. Яғни ең басты мәселелердің бірі балаларға 2 тілдегі мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi – мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Британ энциклопедиясында мақал-мәтелдерге келесідей анықтама берілген: "Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it".

Аудармасы: Этнолингвистика — тіл мен сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті арасындағы арақатынасты зерттейтін антропологиялық тіл білімінің саласы.

Этнолингвистика — гректің ethnos (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте кайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада этнолингвистика — мәдениеттің, психологиясының және мифологияның қарқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна.

Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов пен Н.Н. Березин болатын, архивтерде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған.

Мысалы қазақтардың "Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақалдың шығу тарихын айта кететің болсақ.

Қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.

Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Ағылшындардың көптеген мақал-мәтелдерінің арасында "My house is my castle" деген мақалдың шығу тарихы туралы айтсақ

Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Ағылшындардың көптеген мақал-мәтелдерінің арасында "My house is my castle" деген мақалдың шығу тарихы туралы айтсақ

"My house is my castle" (c.c.a.: Өз үйім - қорғаным) десе, қазақ халқы "Өз үйім-өлең төсегім" деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар "түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек" деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы " My house is my castle " тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.

Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек ағылшын халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.

1. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланды;

а) Адам және оның қасиеті;

ә) Еңбек және кәсіп;

б) Ғылым-білім. т.б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды;

а) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

ә) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын) тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мыcалы:

Білім – қуат.

Knowledge is power.

Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

Екінші мысал:

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.

One drop of poison spoils the whole tun of wine.

Ал бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір.

Адам және оның қасиеті

Human being and human nature

 

Мақал-мәтелдерге тән көркемдiгi, ырғақты суреттеуi арқылы олар өте тез есте сақталып, ағылшын тiлiн үйретудiң әр түрлi аспектiлерi мен кез-келген басқа мақсат үшiн иллюстрация ретiнде қолданыла алады.

Мақал мен мәтелдердiң мағыналық кең диапазонына байланысты оларды студенттермен жұмыс iстеуде ғана емес, сонымен бiрге тiлдi өз бетiмен меңгеруге бел байлаған адамдарға да қолдануға болады.

Бұл қысқа нақыл сөздердiң терең мағынасы студенттердің ой өрiсiн кеңейтiп, дамытып қана қоймай, өзiнiң тәрбиелiк маңыздылығымен құнды болып табылады.

Туыстас емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді саралап, зерделей келе келесідей тұжырым жасауға болады:

Екі тілде кездесетін мақал-мәтелдерге ұйтқы болатын жануарлар атауы екі ұлттың ділімен, кәсібімен тығыз байланыста болғандықтан ұлттық ерекшеліктер анық көрініс береді. Атап айтсақ, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер үй жануарларынан: қой, ешкі, жылқы, сиыр, түйе, ит, мысық; жабайы жануарлардан: қасқыр, қоян, түлкі, жылан ұйтқы болса, ал ағылшын тілінде үй жануарларынан: тауық, қораз, қаз, шошқа, есек, жылқы; ал жабайы жануарлардан: арыстан, қасқыр, маймыл, балық компоненттері жиі қолданылады.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің қайнар көзі: шаруашылық, кәсіп болса, тұрмыс-тіршілік, билер институты т.б. болса, ағылшын тілінде негізгі қайнар көзі қазақ тіліндегідей шаруашылық пен кәсіп, тұрмыс-тіршілік, және қасиетті Інжіл кітабы және заманауи ағылшын тілінде Шекспирдің нақыл сөздері болып табылатынын атап айтуға болады.

Зерттеу жұмысы барысында ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі тура баламаларын және әртүрлі тілдік бөлшектер қолданылғанымен мағынасы жақын, тіпті айтылар ой бір болған мақал-мәтелдерді байқадым.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно