Қазақтың ұлттық тағамы - құрт
SHOP.SEVIBA.COM
Интернет-магазин "SEVIBA"
канцтовары в Нур-Султане (Астане) с доставкой по Казахстану
ученица 7 класса
ГУ «Аманкарагайская средняя школа им. Н.Островского отдела образования акимата Аулиекольского района »
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам адам денсаулығына өте пайдалы. Жобамызда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кетемін.
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.
Үй жануарларының сүтінен жасалатын құрт тағамын алдым.
Құрт — қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді.
-Қазақтың ұлттық тағамы құртпен танысу;
.Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.
Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Осы орайда құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет деп таптым. Мәселен құрт:
1) Жас құрт
2) Көбік құрт
3) Ыстық құрт
4) Сықпа құрт, немесе сүзбе құрт
5) Малта құрт
6) Езген құрт
7) Ақ малта
8)Ұнтақ құрт
9) Ақ құрт
10) Қара құрт
11)Құрт май
Құрттың кептірудегі пішіндеріне тоқталатын болсам, олар:күлше, жарма, сықпа,шүйірмек.
Адам денсаулығына аса пайдалылығының дәлелі, құрт – кальцийдің көзі. Сондай-ақ құрт ақуызға өте бай. Сондықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы осындай болады:
А )Көздің жақсы көруі артады
В) Тіс түзу және қайратты азулы өседі
С) Шаш қалың және берік болады
Д) Асқазанда ас қорыту сөлін жақсы бөліп шығарады
Құрттан шыққан сарысуды пайдасы өте зор.
А)Малдың ыстығы көтерілгенде –малға ішкізуге болады,сонда мал емделеді.
В) Шаштың қалың және берік өсуіне де көмегін тигізеді. Басты жуғанда пайдалануға болады, шашіне ысқалап біршама уақытқа қалдырып,с одан кейін басыңды жуып шайсаң, шашың қалыңдайды және берік болады.
С) Беттің әжімденуінен сақтайды берік өсуіне ықпалын бар. Ол үшін бетті жуғаннан кейін бетке жағады, біраз уақыт ұстайды. Сосын таза сумен жуып,сары суды жуып тастайды. Әсері мол болу үшін үзбей, біршама уақыт сары сумен бетті жуып тұру керек. Сонда бет әжімденуден сақталады.
Сауалнама нәтижесі.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам деп айтқым келеді. Осы аса құнды тағамның жойылуына тырысуымыз керек. Сондықтан осындай ұсыныстарды жасағым келеді:
· Құрттың емдік қасиеттерін қазіргі медицина саласында пайдалану;
· Құрт шығаратын арнайы цехтер ашу;
· Болашақта құртты әлемдік нарыққа шығара отырып, шетелдерге таныту;
· Мектептерде технология пәнінде құрттың жасалу жолдарын оқушыларға үйрету.