Сабақ жоспары. 11 сынып. Алгебра және анализ бастамалары. Логарифмдік теңсіздіктерді тиімді тәсілмен шешу. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық

Касенова Гульнар Жумабайкызы
Преподаватель математики
Школа-лицей №54

Сабақтың мақсаты:

● Логарифмдік теңсіздіктерді шешу әдістерін және жолдарын үйрету, дағдыландыру

● ҰБТ - ға дайындау мақсатында логарифмнің теңдеулер мен теңсіздіктердің тиімді тәсілдерін қарастыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

● Оқушылардың алған білімдерін практикалық салада қолдана білу қабілеттерін, дағдыларын дамыту

● Оқушылардың тақырыпқа деген өзіндік ізденіске, белсенділікке, жинақтылыққа, математикалық тілде, терминдерді қолданып, сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және керекті құрал жабдықтар: интерактивті тақта, үлестірмелі дидактикалық кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі :аралас сабақ.

Сабақ әдісі: топтық жұмыс, деңгейлеп оқыту, ой қозғау т.с.с

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені.( оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дайындығын қадағалау, топқа бөлу)

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа тақырып: Логарифмдік теңсіздіктерді шешу.

Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларын алады.

Сабақ жоспары. 11 сынып. Алгебра және анализ бастамалары.  Логарифмдік теңсіздіктерді тиімді тәсілмен шешу. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық

І. Теңсіздікті шешіңіз: log7(3x+3)>log7(x-2)

II. Теңсіздікті шешіңіз: lg(x-5)>lg(7-x)

III. Теңсіздікті шешіңіз: log2(4x+3)<log2(x+12)

Топ мүшелері теңсіздіктердің шешімін тауып жауап береді.

Оқушылар тағы бір қатар тапсрыма алады.

І. log3(5-8x)>-2

II. log3(x)>log3(72)-log3(8)

III. log5(x)-log5(35)≤log5(1/7)

Оқулықпен жұмыс. №___ және №___

Тақырыпты бекіту. Осы кезеңде сабақтың басында қойылған оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және сабаққа белсенді түрде қатысуын арттыру мақсаты іске асты. ҰБТ жинағындағы белгіленген тақырып бойынша есептерді шығара отырып өткен тақырыптың білімі бекітілді.

Сабақты пысықтау сұрақтары:

● Негізгі логарифмдік теңбе теңдіктер.

● Логарифмдік функцияның негізгі қасиеттерін теңсіздіктін шешімін табуда қалай қолдану керек?

● Логарифмдік теңсіздіктің шешімін табуда логарифмдік функцияның қандай қасиетіне назар аудару керек?

Үйге тапсырма: ____________

Бағалау.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно