Тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеп шешу тәсілі

Қасенова Гүлнәр Жұмабайқызы
математика пәнінің мұғалімі
№ 54 мектеп-лицей

Сабақтың мақсаты:

● Тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеп шешудің әдістерін талғау

●Көбейткіштерге жіктеп шешу тәсілін ҰБТ- ға дайындалу үшін бекіту; әр- түрлі деңгейдегі есептерді шығару.

●Оқушылардың тақырыпқа деген өзіндік ізденіске, белсенділікке, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі және керекті құрал жабдықтар: интерактивті тақта, үлестірмелі дидактикалық кеспе қағаздар, есептер жинағы.

Сабақтың түрі :аралас сабақ.

Сабақ әдісі: топтық жұмыс, деңгейлеп оқыту, әр - түрлі тапсырмаларды орындау, ой бөлісу, талдау т.с.с

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Ұйымдастыру кезені. (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дайындығын қадағалау, топқа бөлу)

Жаңа тақырып: Тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеп шешу тәсілі.

Оқулықтағы формулалар мен берілген мысалдарды қолдана отырып тақырыпты түсіндіру. Негізгі тригонометриялық формулаларды және қосу формулаларын қайталау. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы және тригонометриялық функцияны - формулаларды қолдана алатын түрге келтіріп шешуді көрсету.

Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларын алады.

1- ші деңгейдегі есептер.

I.cos2x+cos4x=2cos3x

II.sin2x-sinx=0

III. cosx+2cos2x=0

 

Берілген есептердің шешуін топ арасында талғап, сыныпқа шешімін көрсету. Ой бөлісіп, тиімді шешу тәсілдерін қолдану. Оқушылар арасында қосымша шығару жолдары жайлы ой қозғау.

 

Оқулықпен жұмыс. №___ және №___

 

2- ші деңгейдегі есептер.

I.(1-cos6x)cos2x=sin23x

II.2sin23xcos2x-sin23x=0

III. sin23x(2cos2x-1)=0

Берілген есептердің шешуін топ арасында талғап, сыныпқа шешімін көрсету. Ой бөлісіп, тиімді шешу тәсілдерін қолдану. 1-ші деңгейдегі есептермен салыстырып, қосымша шешу жолдарын ұсыну.

 

Тақырыпты бекіту. Сабақтың басында белгіленген мақсаттар іске асты. Оқушылар өткен тақырыптарды қайталап, білімдерін жаңа тақырыпты меңгеру үшін қолдана алды. ҰБТ жинағындағы белгіленген тақырып бойынша есептерді шығара отырып осы тақырыптың білімі бекітілді.

Сабақты пысықтау сұрақтары:

● Негізгі тригонометриялық формулалар.

● Тригонометриялық формулалардың қандай қасиеттері көбейткіштерге жіктеуде қолдана алады?

● Көбейткіштерге жіктеуде тригонометриялық функцияның қандай қасиетіне назар аудару керек?

Үйге тапсырма: ____________

Бағалау.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно