Шығармашылықты дамыту – кәсіби шыңдалу кепілі

Реклама
Казыгулова Маржан Ясыновна
Гуманитарный колледж г. Астаны

«Шығармашылық-

адамның мақсатына жетудегі

талпынысы, сұранысы ізденісі

ақыл-ой сезімі, қиялы....»

Абай

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім берудің негізгі міндеті - маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай,сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениетінің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады.

Кәсіби білім берудің мақсаты- терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс жауапкершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты «Білім туралы» Қазақстан республикасының Заңына сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік білім саласында мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайды. Білім беру жүйесінде мамандар даярлаушы

кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игеру ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді өмірде қолдана білу» керек.

Кәсіби оқу орындарында оқу үрдісінде болашақ маман даярлауда мынадай басты міндеттердің шешімін табу мәселесі туындайды:

·оқытудың жетік жолдарын меңгерген маман даярлау;

·кәсіби пәндерді игерумен қатар, адамгершілік, рухани-мәдени құндылықтарды меңгерген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу;

·болашақ құзіретті маманның қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; әдіскерлік іскерлігін арттыру ;

·өз бетінше білім ала білу қабілеттерін қалыптастыру ;

·іскерлік пен шеберлігін үздіксіз арттырып отыру.

Болашақ мамандар даярлауда тұлғаның ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, олардың қызығушылығын арттыруда қоғамдық пәндердің де үлесі зор.

Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен,талпынумен бітеді. Келешек ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Мұны ең алдымен туған жер, атамекен, ел, жұрт деген ұғымдармен барынша кеңінен байланыстырған. Сондықтан да болар, соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым саналған. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары тұрған.

Тарихи білім берудің ең басты элементі - ол білім.Тарихты тану процесінде деректің маңызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет. Сондықтан да әр тақырып студенттің мүддесіне, шамасына сай болса, оларды құлшындыра түседі. Олардың шығармашылығы деректерді игеруден басталады.

Қажетті деректер, өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың мынадай талаптарға сәйкес келгені дұрыс:

- Алынған материалдың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және де жеке тұлғаға бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуіне ыңғайлы, қиындық келтірмейтін болуы;

- Анық, айқын эмоциолды фактілері олардың санасына да, сезіміне де әсер ететіндей болуы;

- Студенттерге қарапайым болса да зерттеушілікке қатыстыруға жағдай жасалуы;

- Жеке тұлғаның қоршаған ортаны бақылай алу білігін қалыптастыруы және оларда күнделікті қажетті істерге қатысу қабілетін дамыта алуы;

- Студенттердің туған өлкеге деген құрметін оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруы.

«Қазақстан тарихы» бағдарламасында маңызды тақырып мазмұндары көрсетілген. Туған өлке материалын қолдану бағдарламадағы негізгі материалға қосымша болып саналады. Сондықтан да ол ешуақытта бағдарламалық тақырыпты ауыстыра алмайды.

Туған өлке деректері өтіліп жатқан материалды нақтылау үшін, студенттерге таныс, жақын өмірден мысал келтіре отырып оларды ел3н34 тарихын білуге және тарих сабақтарына қызықтыру үшін қажет.Сабақ нәтижесінде бұл міндеттер өлке деректерін тиімді пайдаланған кезде ойдағыдай орындалады. Өйткені, өлке материалы оқушылардың түсінуіне қиындық келтірмейді, таныс болғандықтан тәрбиелік мақсатқа да, ойлау қызметін дамыту үшін де еркін пайдалануға болады.

Қазақ елінің өткен тарихымен танысу үшін арнайы топ құрылып, тақырып бойынша терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл топты таныстыру мақсатында олар мұражайға барып, тарихшы мамандарға барып сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, мұрағат деректерін пайдаланып, жалпы толық бейнематериал жинақтайды. Осындай жұмыс түрлерін жинақтау жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерінің шыңдалып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Студенттер өздігінен жан-жақты оқуға дайындалып, өздеріне таныс емес сұрақтардың жауаптарын тауып толықтыруға тырысады. Берілген тақырыпты ізденіп, тарихи деректермен байланыстырып оқытудың нәтижесінде:

·Студент әр түрлі тапсырма алып, өз бетінше бір нәтижені анықтайды

·Берілген тапсырманы өздігінен ізденеді

·Сабақ үстінде білуге деген құлшынысы, жауапкершілігі артады

·Қабілеті шыңдалып, талаптанады

Өлкетанудың тарихи деректерін тәрбие үрдісінде пайдалану - бұл жас ұрпақты еліміздің тарихи - мәдени мұраларын құрметтеуге, аға буын өкілдерінің игі істерін мақтан тұтып, үлгі ете білуге тәрбиелеу болып табылады. Өз елінің өлкетану тарихын жан-жақты білу ісіне тартудың бір түрі – үйірмелерге қатыстыру. Өлкетану ісіне тартудың тағы бір жолы – таным жорықтары мен саяхатқа шығу. Студенттер өзіндік жұмыспен айналыса жүріп, ғылыми конференцияға, жарыстарға қатысып, өз ой қабілеттерін, сөз өнерін жетілдіреді.

Тарихты білу – өзінің туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың, халқымыздың бостандығы мен гүлдену үшін күрескен ұл -қыздарымыздың ерлік істері бүгінгі жас ұрпақ үшін өнеге үлгі, әрі мақтаныш. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі сияқты маңызды істе тарихын, мәдени мұрасын білудің орны ерекше. Тарихты тану процесінде деректің маңызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет. Деректерді жинақтау және жүйелеу – тарихи танымның құралы.

Нақты тарихи деректерді сабақ материалдарында пайдаланудың мынадай тиімді жолдары байқалды:

·Туған өлке деректерін қосымша материал ретінде пайдалану тарих сабағына қызығушылығын арттырды;

·Тақырыпты өлке тарихымен байланыстыру студенттердің ойлау және таным қызметін дамытуға мүмкіндік берді;

·Сабақты жан-жақты меңгеруге берілген шағын көлемде тартымды, нақты материалдарды пайдалану ізденіске талпындырды;

·Өлке деректерінің тиімді әдіс-тәсілдерін (Тарихи орындарға саяхат, ескерткіштер мен қайраткерлердің есімі берілген көшелер туралы, таным жорықтарын ұйымдастыру және т.б) пайдалануда білімін жан-жақты дамытуға мүмкіндік туғызды;

·Мұрағат пен мұражайдағы өлке деректерін сабақтарда қолдану тиімділігі айқындалды.

«Қоғамтану» пәнінде студенттердің туған өлке жайында білімін, танымын кеңейтуге қол жеткізуге болады.

Туған жеріңді, Отаныңды бейнеле, болашақта қандай қоғамда өмір сүретініңді қалай елестетесің деген тапсырмалар беріп, жеке тұлғаның туған жерге деген сүйіспеншілігін тани білуін анықтауға болады. Өлкенің тарихынан ұрпақтарға білім беру, сол тақырып аясында шағын шығармалар жазу, зерттеу жүргізу арқылы аудан, облыс, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыстыру, олардың білімін арттыруға мүмкіндік алады. «Экономика негіздері» пәнінен шаруашылық-экономикалық мүмкіндіктері туралы мағлұматтар беру арқылы өз туған жерінің табиғи байлықтарын, қорғауға , үнемді пайдалану сезімдерін ояту арқылы мәселелерді шешуге болады.

«Мәдениеттану негіздері» пәнінің негізінде материалдық және рухани құндылықтарды қалыптастыруда мүмкіндігі мол. Өлкетану жұмысының мұндай түрінде табиғатпен танысып, әдеби шығармаларды оқып, өнерді, тұрмыстық бұйымдарды зерттеп, халық шаруашылығымен, көрмелермен танысады. Осының бәрі студенттердің эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелейді.

Ұстаздық шеберлік өз-өзінен тумайды, ол бірнеше жылғы жұмыс пен білімнің нәтижесі. Жеке тұлғаны білімділікке тәрбиелеу ұзақ та күрделі процесс.

Ø «Шығармашылық жұмыс». Бұл тақырыпта әр оқушы интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жасайды. Бұл жұмыстың ерекшелігі алдағы өткен білімді пысықтау мақсатында барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, тарихи деректермен жұмыс жасалынады.

Ø «Ой-қозғау». Оқытушы мен студент компьютерлерін арнайы бағдарлама арқылы байланыстырып, сабақта берілген тақырыпты орындайды.

Ø Интерактивті тақтаны әр сабақта тиімді қолдану арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыруға болады.

Ø Ғаламтор желісінен тақырыпқа байланысты тарихи деректерді өздігімен оқып, білімін толықтырады.

Білім берудің негізгі міндеті - болашақ мамандарды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениетінің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. «Жетістік өзі келмейді, біз оған жетеміз».

Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану және соған мүмкіндік жасау қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2.ҚР Мемлекеттік білім стандарты, 2011ж

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халқына Жолдауы, 2010ж

4.Тұрлығұл Т.Т «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» Алматы, 2003ж

5.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы , 3 том. Алматы 2001 ж.

6. Атабаев К.М, Қадыртаева М.А «Деректанудың теориялық мәселелері» Алматы, 1999ж


скачать dle 11.0фильмы бесплатно