Алтын кенорны Бақыршық

Реклама
Күнтай Еркежан Әсетқызы
5 сынып оқушысы
«Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

 Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі
Кусаинова Асемгуль Курмангалиевна

Алтын кенорны Бақыршық

 

«Қоршаған ортаға әсерін бағалау» (ҚОӘБ) бөлімін орындаудың мақсаты кенорнын ашық әдіспен өнеркәсіптік өңдеу Жобасында қабылданған шешімдерді бағалау болып табылады. ҚОӘБ болжанып отырған шаруашылық қызметінің нақты нысандары мен құрылыстарының қоршаған ортаға әсерінің барлық аспектілерінің толық көлемдегі нақты талдауын жасауды қарастырады.ҚОӘБ бөлімін дайындауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрінің 28 маусым 2007 жылғы № 204-п бұйрығымен бекітілген «Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен» анықталады. ҚОӘБ «ПОЛИМЕТАЛЛ ИНЖИНИРИНГ» АҚ дайындаған кенорнын ашық әдіспен өнеркәсіптік өңдеу Жобасында қабылданған жобалау шешімдерінің сипаттамасынан тұрады (2015 ж). «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі бар, кенорнын ашық әдіспен өнеркәсіптік өңдеу Жобасы мынандай мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі: Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекцияға; жер қойнауларын зерттеу мен пайдалану органдары, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрінің «Мемлекеттік экологиялық сараптама жұргізу Ережелерін бекіту туралы» 28 маусым 2007 жылғы № 207-п Бұйрығына сәйкес, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аймақтық инспекциясына. ҚОӘБ бөлімін «Лаборатория-Атмосфера» ЖШС (Өскемен қаласы) орындады.

1.2. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің заңнамалық негіздері

Кенорнын ашық әдіспен өнеркәсіптік өңдеу Жобасы, «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар ақпараттарға қолжетімділік, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау мен әділдікке қол жеткізуге ат салысу туралы мынандай халықаралық және қазақстандық нормативтік және заңнамалық талаптарға сәйкес жүргізіледі. 25 маусым 1998 жылы Орхус қаласында 46 ел қол қойған Орхус конвенциясына. Қазақстан Республикасының 23 қазан 2000 жылғы Заңымен ратификацияланған; 9 қаңтар 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне; ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрінің 7 мамыр 2007 жылғы № 135-п бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережелеріне; Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық ұйымдарының қоршаған ортаның жағдайы туралы жан-жақты және толық ақпаратты дер кезінде алу және экологиялық маңызды шешімдерді қабылдау процесіне қатысу жөніндегі конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2.1.Жалпы мәліметтер, Жобаның қысқаша сипаттамасы

Менің зерттеуім бойынша Бақыршық кенорны Қазақстан Республикасы, Шығыс қазақстан облысы, Жарма ауданының Әуезов кентінде орналасқан. 1953 жылы КСРО ІІМ «Алтынды барлау» тресті болып ашылған. Кенорын зерттеумен әр жылдары Семей геологиялық барлау экспедициясы, «Алтайалтын» КБК, «Қазалтын» өндірістік бірлестігінің Алтай ГБЭ, Бақыршық КМК айналысқан. Соңғы уақытта кенорнын барлауды Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны жүргізіп келеді. Кенорнын 1954 жылдан бастап «Алтайалтын» Бақыршық кен байыту комбинаты, «Бақыршық» кеніші – барлау-пайдалану кәсіпорны игеріп бастады. 1954 жылдан бастап 1997 жылға дейін кенорнында 3,8 млн тонна кен және 28,6 тонна алтын (орташа құрамы 7,5 г/т) өндірілді. Бүгінгі күнге дейін барланған учаскелердегі тотыққан кендер іс жүзінде толықтай игеріліп болды. Сонымен қатар, бастапқы кендер Қызыл аймағы көлемінде 1000 метрден артық төмендікке дейін таралған. Әртүрлі жағдайлардың әсерінен, Бақыршық кенорны ондағы кеннің алынуы қиын болып табылатын кенорны екендігі ескеріле отырып, бүгінгі күнге дейін кенді өндіру мен өңдеу өнеркәсіптік ауқымда жүргізілген емес. Карьердің оңтайлы шекарасын таңдау кенді ашық әдіспен өндірудің рұқсат етілген өзіндік құны бойынша анықталған кенді аршудың шекаралық (шектік) коэффициентін пайдалана отырып жүзеге асырылды. Карьердің оңтайлы шекарасы аршудың контурлық коэффициенті қолда бар құралдарды орнату қателігін ескере отырып, оған шекаралас немесе барынша жақын тереңдікте құрылатын болады.

2.2.Карьердің өнімділігі және жұмыс режімі.

Кен бойынша карьердің жылдық өнімділігі жобалау бойынша берілген тапсырмаға сәйкес – жылына 2 000 мың тонна. Карьердің жұмыс режімі жыл бойына, үзлдіксіз, тәулігіне 12 сағаттан екі ауысымда. Жару жұмыстарына және климаттық жағдайларға байланысты бос тұрып қалулар 26 және 3 тәулікті сәйкесінше құрайды, және жылына жалпы алғанда 29 тәулікті құрайды. Осылайша, карьер бір жылда 336 тәулік немесе 672 ауысым жұмыс істейтін болады. Бос тұрып қалған күндері қызметкер жөндеу – профилактикалық және қосымша жұмыстарға тартылатын болады. Кен өндіру жұмыстары 2018 жылы басталады, және осы жылғы карьердің кенді пайдалану жөніндегі өнімділігі– 500 мың тонна болады, сәйкесінше айлық өнімділік 42 мың тоннаны құрайды. «Тау-кен өндіру кәсіпорнында ашық әдіспен өңдеудің технологиялық жобалауы бойынша әдістемелік нұсқауларға» сәйкес жыл бойғы жұмыс режімінде және карьердің дайын кен қорын алуда көліктің дөңгелекті түрін пайдаланумен қамтамасыз етілуі 2,5 айдан кем болмайтын уақытты құрауы тиіс. Қабылданған жобалық шешімдерде дайын кен қорын алуға қамтамасыз етілуі 2018 жылдың басына (114мың.т) / (42 мың т/айына) = 2,7 айды құрайды.

Кен байыту фабрикасының құрылысы мен қосу-реттеу кезеңі 2018 жылдың екінші жарты жылдығына есептелген. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында карьерде өндірілген кен аралық (ортақтастырылған) қоймада жинақталатын болады.

Карьер жылына 2 000 мың тонна кен шығару қуаттылығына 2019 жылы шығатын болады. Кен карьердің бүкіл аумағында деңгейжиек бойынша өндірілетін болады, және осылайша кен кемерлерін өңдеуге, жұмыс істейтін деңгейжиектерді пайдалану тәжірибесін есепке ала отырып, дайын кен қорларымен қамтамасыз ету нормативтерінің шарттарына сәйкес орындалады.

2.3.Тау-кен күрделі жұмыстары

Кен өндіру жұмыстары 2018 жылы басталады, және осы жылғы карьердің кенді пайдалану жөніндегі өнімділігі– 500 мың тонна болады, сәйкесінше айлық өнімділік 42 мың тоннаны құрайды. «Тау-кен өндіру кәсіпорнында ашық әдіспен өңдеудің технологиялық жобалауы бойынша әдістемелік нұсқауларға» сәйкес жыл бойғы жұмыс режімінде және карьердің дайын кен қорын алуда көліктің дөңгелекті түрін пайдаланумен қамтамасыз етілуі 2,5 айдан кем болмайтын уақытты құрауы тиіс. Қабылданған жобалық шешімдерде дайын кен қорын алуға қамтамасыз етілуі 2018 жылдың басына (114мың.т) / (42 мың т/айына) = 2,7 айды құрайды.

Кен байыту фабрикасының құрылысы мен қосу-реттеу кезеңі 2018 жылдың екінші жарты жылдығына есептелген. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында карьерде өндірілген кен аралық (ортақтастырылған) қоймада жинақталатын болады.

Карьер жылына 2 000 мың тонна кен шығару қуаттылығына 2019 жылы шығатын болады. Кен карьердің бүкіл аумағында деңгейжиек бойынша өндірілетін болады, және осылайша кен кемерлерін өңдеуге, жұмыс істейтін деңгейжиектерді аршу үшін қабылданған пайдалану тәжірибесін есепке ала отырып, дайын кен қорларымен қамтамасыз ету нормативтерінің шарттарына сәйкес орындалады.

Кенорнының тау жынысы мен кені – тасты болып келеді, тиер алдында алдын-ала қопсытуды қажет етеді. Тау жынысын ойып алуға дайындау бұрғылау – жару әдісімен жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның кен және тау жыныстары бойынша қуаттылығына сәйкес, карьерді өңдеудің қабылданған технологиясы бойынша келесідей негізгі тау-кен жабдықтары қарастырылған:

-ЭКГ-20К типті электрлі экскаватор (Ресей), шөмішінің сыйымдылығы үйемемен есептегенде 20,0 м3 – кенді автокөлікке тиеу үшін;

-Komatsu PC-2000 типті гидравликалық экскаватор (Жапония), экскаватор 12,0 м3 – кенді және тау жынысының бір бөлігін автокөлікке тиеу үшін;

-Pit Viper 271 айналып бұрғылайтын бұрғылау станогы (Atlas Copco, Швеция)

-FlexiROC D65 соғып тұрып - айналып бұрғылайтын бұрғылау станогы (AtlasCopco, Швеция)

-D375A (Komatsu. Жапония) бульдозері 525 л. с. Карьердегі жұмыс алаңын тазарту үшін;

-«TDR 17/13» типті, қуаттылығы 420 л. с., шассилік IVECO‑AMT Trakker AD380T42W араластырғыш – қуат бергіш машина.

-Komatsu-PC220 экскаваторының базасындағы MB1000 (Atlas Copco. Швеция) габариті келмейтін кесек тасты ұнтақтағыш (күрегі артқы жағында);

-Komatsu HD-785 (г/п - 91т) типті жүкті өзі түсіретін көлік – кенді фабрика жанындағы буферлік қоймаға тасымалдауға және аршылған тау жыныстарының бір бөлігін үйінділерге тасымалдау үшін;

-БелАЗ 7518 (г/п - 180т) типті жүкті өзі түсіретін көлік – тау жыныстарын үйінділерге тасымалдау үшін.

Жер қойнауларынан кен қорын барынша толық айырып алуды қамтамасыз ету, оның тау жыныстарымен тотығуын төмендету мақсатында, тау-кен аймағы биіктігі 5 м. кемерлермен өңделетін болады.

2.4.Қоршаған ортаның қазіргі заманғы жағдайы

Бекітілген Бағдарламаға сәйкес, аккредитацияланған зертханаларды тарта отырып кәсіпорында тоқсан сайынғы өндірістік экологиялық бақылау жүргізіліп отырады. Бағдарлама келесідей компоненттердің мониторингісін қарастырады:

1. СЗЗ шекарасындағы атмосфералық ауаның;

2. Ластану көздерінен пайда болатын технологиялық сыртқа шығарылулардың;

3. Қадағалау бақылау жасау ұңғымаларынан алынатынжерасты суларының;

4. Жерүсті суларының;

5. топырақтың;

6. ағынды сулардың;

7. Шахта суларының;

8. Жиналып қойылған өндіріс қалдықтарының.

• Экологиялық талаптардың сақталуын ішкі тексеру бағдарламасына сәйкес, нормативтік талаптардан ауытқу орын алған жоқ.

• 01.07.2015ж. жағдайға қарағанда нормативтік құжаттарға сәйкес анықталған атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейі рұқсат етілген деңгейде болып отыр. Сараптама қорытындысы бойынша СЗЗ шекарасында ауаны ластайтын заттардың ПДК құрамында артуы тіркелмеген.

2.5.Атмосфералық ауаға әсер етуін бағалау

Бағалаудың мақсаты нысанды пайдалану кезеңінде және жобада көзделген технологиялық және өндірістік процестерді жүзеге асыру бойынша құрылыс жүргізу кезеңінде ластаушы заттардың ауаға таралуының сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау және болып табылады.

Бақыршықтың құрамында алтыны бар кенін ашық әдіспен өңдеуді жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаның ауасына тигізген әсері мынандай ластаушы заттардың ауаға таралуымен байланысты болады :

• Карьердегі бұрғылау жұмыстары;

• Карьердегі жару жұмыстары;

• Топырақты – өсімдік қабатын сылып алу (ГКР өндірісі кезінде );

• Карьердегі ГКР өндірісі;

• Карьердегі тиеу алаңы;

• Карьерде тау-кен массасын бір орыннан екінші орынға көшіру;

• Карьердегі көлікпен атқарылатын жұмыстар;

• Карьерде ДНУ-180/212 сорғысын орнату ;

• Автотракторлық техникаларға жанар-жағар май құю алаңы;

• Аршылған тау жыныстарының үйінділері;

• ПРС уақытша үйіндісі;

• Кенді жинақтайтын буферлік қойма;

• Арықтардың, тұндырғылардың, бөгеттердің құрылысы.

Атмосфералық ауаға әсер етуін бағалау.

• Есептеулерге сәйкес ауаға 22 түрлі ластаушы заттар бөлініп шығады.

• Ауаға шығатын ластаулардың жалпы салмағы – 1808,422768тонна/жылына құрайды, оның ішінде :

• Қатты күйде – 1296.875083 тонна/жыл;

•Газ түзуші түрінде – 511,547685 тонна/жыл. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту үшін мыналарды жүзеге асыру қарастырылады:

•Шаңның карьердің контурының сыртына шығып кетуін төмендететін, қолдан жасалған бөгеттер құру мақсатында жұмыс алаңының белгілерін үнемі төмендетіп отыратын ашық тау-кен жұмыстарын ұйымдастыру ;

•Электрлі тартпалы қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалану;

•Кенді самосвалға тиеу кезінде экскаваторлық забойларды суару, шаң басқыштардың тиімділігі - 80 %;

•Автокөліктің жұмыс істеуі кезінде - технологиялық жолдарда гидрошаңды басқыш;

•Шаң басу тиімділігі 97% болатын жабдықтардың ұңғымаларын бұрғылау кезінде пайдалану;

•экологиялық стандарттар мен нормаларды (Евро-5) міндетті түрде сақтай отырып, пайдаланылып отырған жабдықтардан және техникадан шығатын газдардың сапасын қадағалап отыру;

•Технологиялық және қосалқы жұмыстарға экологиялық бақылау жүргізу;

•Бұл шараларды жақсы өндірістік процесті және қоршаған ортаның жағдайын өндірістік қадағалауды ұштастыра отырып жүзеге асыру ауаға тараулардың рұқсат етілген шекті мөлшерінде болуының нормативтерін сақтауға және кәсіпорынды пайдалану кезінде ауа бассейніне тигізетін жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

1. Ашық карьерлердің құрғап кетуі салдарынан гидрогеологияға жер астындағы суларды енгізу мүмкіндігі.

2. Холодный ключ өзеніне және Ақбастаубұлақ өзеніне жауын суларының құйылуы.

Жұмыс істеп тұрған техниканың дизельдік отыны ағып кетуі мүмкін болатын тәуекелдер түрінде келетін, жерүсті суларының ластануы.

Жобаға сәйкес, заправка автотракторлық техникаларға жанар-жағар май (ЖЖМ) құюды жанармай құюшылар ЖЖМ-ның ағып кетуін болдырмайтындай, арнайы ыдыстарды пайдаланып жүзеге асыратын болады.

2.6.Өндіріс қалдықтары Қалдықтардың үстіңгі бөлігіне орналастырылатын негізгі көлемді аршылған тау жыныстары құрайды. Аршылған тау жыныстары улы емес, қауіптілік деңгейі бойынша қауіпсіз қалдықтар қатарына жатады.

Сырты үйінділерге орналастырылған аршылған тау жыныстарының көлемі, оларды өңдеу жылдары бойынша (бастапқы 5 жылда) мынаны құрайды

Қорытынды. Қоршаған орта жағдайының болжамы және мүмкін болатын салдарлары:

•Қоршаған ортаға әсері туралы жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша, Жобадан аймақтың экологиялық жағдайына барлық әлеуетті әсер етулер, дайындалған осы ұйымдастыру және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асырға жағдайда рұқсат етілген нормалар шегінде болады деген қорытынды жасауға болады. Бұл жұмыста Бақыршық кенорнында өнеркәсіптік өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаға әсер етуінің сапалық және сандық бағалаулары орындалған. Осы жұмыста келтірілген материалдар негізінде келесідей қорытындылар жасауға болады:

•1. Атмосфералық ауаға әсер етуі рұқсат етілген норма шегінде деп бағаланады - СЗЗ шегінде және тұрғын-жай аумақтарында ауаға шығарылатын ПДК мөлшерінің артып кетуі орын алмайды.

•2. Жерасты суларына және жерүсті суларына олардың ластануы жағынан алып қарағанда әсер етуі рұқсат етілген нормада деп бағаланады.

•3. Өңдеу жұмыстары кезінде топыраққа әсер етуі рұқсат етілген нормада деп бағаланады. Жобалық және технологиялық шешімдерді сақтау, жұмыстарды аяқтағаннан кейін бұл жерлерді мал жайылымына, карьерге, су қоймасы ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін топырақ қабатын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және үстіңгі қабаттың рельефін құру.

• 4. Биологиялық жүйеге әсер етуі рұқсат етілген нормада деп бағаланады. Ол өсімдік және жануарлар әлемінің қазіргі кездегі түрлілік құрамының өзгеруіне әкеліп соқпайды.

• 5. Әлеуметтік аспектілерге әсер етуі маңызды (оңды) деп бағаланып отыр.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер

1. Жатқанов.Ж.Ж. Экология негіздері, 2003жыл 22,24 бет

2. Пупонин А.И. Земледелие.-М. 2000 жыл 3-9б

3. Бараева.А.И. Почвозащитное земледелике. Под. Ред.акад. 1998 жыл 10-15 б

4. География және табиғат 2006 ж №5

5. География және табиғат 2010 №1

6. Қаженбаев.С. Табиғат қорғау.Алматы;1993ж 3-8б

скачать dle 11.0фильмы бесплатно