Шар қаласының экологиясы

Реклама
Мұхтар Мөлдір Мұратқызы
5 сынып оқушысы
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

Жетекшісі: География пәнінің мұғалімі

Кусайнова Асемгүл Курмангалиевна

 

Шар қаласының экологиясы

«Жер шарын ұшы-қиырсыз

Ғалам кеңістігімен

салыстырғанда бейне бір үзіліп

түсер моншақ па дерсің, сонша

нәзік қорғансыздығына ие боласың»

(Ғарышкер батыр Тоқтар әубәкіровтың

Галактика төрінде түйген ойы)

Экологиялық ластану көздері, шаң және аэрозольдармен ластану.

Қазіргі кезде дүниежүзінде ғылыми техникалық жетістіктің қауырт өсуі зиянды. Өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа, оның ең басты құрам бөлігі-жерге қастандық деп білемін.

Шар қаласы үлкен станция. Күніне қанша жолаушылар поезі мен жүк поездері өтеді. Қанша автокөліктер бар. Солардан шығатын түтіннің құрамында әр түрлі химиялық заттар ауаны ластайды. Сол ластанған ауаны жұтып, денсаулығымызды бұзамыз. Осыдан табиғатқа өзіміз зиян келтіреміз. Де, кейін өзімізге де зиян келетінін ойламаймыз. Осымен де күресуіміз керек. Мысалы, Гермадияда автокөлікті бес жылдан көп қолдануға болмайды. Себебі автокөлік өзгерген сайын одан шығатын зиянды заттар көп мөлшерде болады.

Ал бізде 20-30 жыл болған автокөліктер жетіп жатыр. Әрине, Қазақстан дамыған емлекет есес, бірақ сол санды 10-13 жылға түсірсек жақсы болар еді. Мысалы поездің түтіні, мұржадан шыққан түтіні СО-( көмір қышқыл газ) угарный газ болады. Бұл ауаны ластайды. 70 км сағатта Москвия автокөлігінің СО-ны шығаруы 0,2-0,3 пайз болса, 100 км сағатта СО-ның мөлшері 12 пайызға көтеріледі.

Дизельді мотормен істейтін поезд ауаға көп мөлшерде зиянды заттар шығарады. Сондықтан темір жолды электропоездарға көшіру күттірмейтін шаралардың бірі болуы тиіс. Электропоездарды пайдалану экологияның айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Ауаның жоғарғы қабаттарын әсіресе азот қабатын бұзуда биік ұшатын ұшақтар және космостық зымырандар болып отыр. Оның зиянын біздің мемлекет өз басымыздан өткеріп отырмыз. Осылайша автокөліктерден шығатын зиянды заттарды жіктеу зиянды заттардың көптігін көрсетеді. Олар табиғатта бұрын кездеспегендіктен табиғат оларға қарсы ештеңе істей алмайды. Бірақ бір жағынан адамзат болашақта экологиялық таза транспорт түрлеріне көшеді деген үміт бар. Өйткені қазірдің өзінде, газбен, электрмен, сутегімен, спиртпен жүретін автокөлік әлі жақсы жетілдірмегендіктерінен жаппай пайдалануға енген жоқ.

Таза табиғат үшін күрес-адам үшін күрес, келешек үшін күрес! Қоршаған ортаның ластануын айтқанда біз бірінші кезекте атмосфералық ластануды айтамыз. Экологиялық ластаушы зиянды заттарға атмосфералық шаң мен аэрозольдар жатады. Аэрозольдар ол коллойдты жүйе, олардың негізгі мекені немесе дисперсионды ортасы ауа. Аэрозольдардың диаметрі 0,01-0,001 мкм арлығында болады. Атмосфералық шаңға қарағанда олар қатты да, сұйық та бола алады. Атмосфералық шаң мен аэрозольдар тегі жағынан табиғи және антропогендік болып келеді. Шар қаласында ПМС және ДЕПО-дан шығатын қалдықтар, одан ұшқан күлдер әртүрлі қосылыстар, транспорт газдары, соның ішінде ең көбі де, көлемдісі сульфаттар. Негізінен атмосфераға жылына 1675 мегатонна шаң мен аэрозоль шығарылса, соның жартысынан көбі табиғаттың ұлесіне тиеді. Тозаңдардың атмосферада болу ұзақтығы тозаңның көлеміне, тығыздығына, және желдің жылдамдығына байланысты. Диаметрі 1 мкм астам бөлшектер инфрақызыл сәулелерді сіңіреді, сондықтан осындай бөлшектері көп ауа тезірек қызады, оның астынғы жағы салқын болуы мүмкін. Қара түсті бөлшектердің ауаның жоғарғы қабаттарында көп болуы жер бетінің едәуір салқындауына алып келеді. Бірақ қазіргі кезде аэрозольдардың әсерінен ауа температурасы не бәрі 1,5 С төмендетеді. Көріп отырғанымыздай аэрозольдар мен шаңдар бұрында табиғаттың өзінде болғандығын көрсетеді, бірақ оның өндірістің шаң тозаңдармен жағдайды қиындтатыны сөзсіз.

1.2. Экологияны ластаудың ең қауіпті көздерінің бірі ол өнеркәсіптегі қара метталлургиялық ластану, яғни ферроқорытпа зауыттар хром, никель, тағы басқа ауыр металдардың өндірісімен байланысты. Мысалы шойынды балқыту және қорыту атмосфераға әртүрлі газдардың бөлінуімен бірге жүреді. Бір тонна шойынды қорытып, шығарған кезде, ауаға 4,5, кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,1-0,6 кг марганец тарайды. Қазақстан Республикасында 15 маусымда 1997 жылдары « Қоршаған ортаны қорғау» заңы қабылданған. « Теміржол жөндеу» « ПМС» фирмасының өндіріс объектілері көлемі 30 гектар көлемінде орналасқан. Негізгі кәсібі, теміржол жөндеу жұмыстарымен айналысады. Экологияны ластаудың негізгі көздері: от жағатын жер, көмір қоймасы, тас қоймасы, аккумулятор зардкілеу орны, дәнекерлеу цехы, гараж, күл төгетін жер. От жағатын жерден, атмосфераға келесі ластайтын заттар бөлінеді; шаң құрамында жерден, атмосфераға келесі ластайтын заттар бөлінеді; шаң құрамында 20-70 пайыз кремнии (күл) екі атомды оксид азоты, көміртегі оксиді.

Көмір қоймада сақталады. Шлак ашық алаңда сақталады. Қоймадан бөлінетін ласты заттар: шаң биорганикалық құрамында 70-20 пайыз кремни. Аккумулятор зарядкілеу барысында атмосфераға күкірт қышқылы бөлінеді. Атмосфераға бөлінуі 5 м биіктіктен мұржа арқылы шығарылады. Қоршаған ортаға лас заттардың бөліну мөлшері жылына, сұйық және газ түрінде 23,083 тонна жылына. Автокөліктердің ғараждан шығу және кіру барысында диоксид азоты, күйе, күкірт ангидрид көміртегі оксиді, көміртекті сутегі, свинец және оның қосыоыстары, бензтерен тағы басқалары атмосфераға бөлінеді. Атмосфераға бөлінетін заттардың түріне және мөлшеріне байланысты бұл мекеме 4 категориялы қауіпті өнеркәсіп орнына жатады.

Шар экологиясын зерттегенде менің назарым өтіп жатқан көліктерге жол жиегінде өсіп тұрған өсімдіктерге назарым ауды, зиянды заттар жол бойында өсетін өсімдіктерді бойында жиналады, мысалы қорғасын терек, тал, сирень жақсы сіңіреді, төзімділігі байқалады, ластанған ауада өскен ағаштардың жапырақтары сайда, жиырылған болып келеді. Шөптесін өсімдіктер аласа болып келеді. Жел факторымен танысып зерттегенде Шарда үнемі құрғақ, ыстық жел болып тұрады, желді ұстап тұру өсімдіктің бөрік басына байланысты екенін байқадым, қорытынды өсімдікті отырғызғанда желдің бағытына қарай отырғызу керек. Жаңбыр Шар өңірінде өте аз жауады, өсімдіктер үшін ауаның тиімді ылғалдығы 30-70 пайыз су тұзды, сондықтан бет қабаттарына суды өте көп буландыру байқалады, өсімдік тез құрғап кетеді. Мамыр, маусым айларында өсімдіктердің тозадану кезінде бунақ денелілер көп кездеседі, байқалған сәт гүлді өсімдіктер балда көп балса бунақ денелілерге көп жиналады. Адам әрекетін зерттегенде менің байқағаным адамдардың өсімдіктерге жағымсыз әрекеті өзіне қажетті де қажетсіз де өсімдіктерді жұла беру.

Транспорт- бұл материалдық өндірістің маңызды саласы. Ол аймақтарды ортақ шаруашылық жүйесіне біріктіреді, бірде-бір өнеркәсіп саласы транспортсыз дами алмайды. Егер жекелеме шаруашылықтар белгілі жерде ғана дамыса транспорт саласы бүкіл жер бетін қамтыған. Неғұрлым өмірде шаруашылық интенсивті түрде дамыса, оның көрінісі соғұрлым табиғатта көрініс табады. Транспорттың қай саласы болмасын қазір жедел амуда оның жаңа түрлері шығуда. Оған жаңадан шыққан атомның күшімен жүретін кемелер, дыбыстан да жылдам ұшақтардың көбеюі, космосқа зымырандардың ұшуының көбеюі. Транспорт қоршаған ортаның көптеген бөліктеріне өзінің зиянды ықпалын тигізуде. Әлемдегі автомомиль жолдарының жалпы ұзындығы 24 мл/км дамыған мемлекеттер авто жолдардың территорясы қалалардың территориясымен бірдей. Мысалы АҚШ-та автомогистраль, теміржолдар, аэродромдар алып жатқан жер 10.1 мың га, ал қалалар ауданы 10, 9 ил/га. Авто көлік жолдары Ұлыбританияның, 2 пайыз жерлерін, АҚШ-тың 4,5 пайызын, Бельгия, Нидерланд, Жапонияның 5 пайыз жерін алып жатыр.

Шар қаласы үлкен станция. Күніне қаншама жолаушылар поездімен жүк поездері өтеді. Қаншама автокөліктер бар. Солардан шығатын түтіннің құрамында әр түрлі химиялық заттар ауаны ластайды. Сол ластанған ауаны жұтып денсаулығымызды бұзамыз.

2.2. Шар қаласын ластайтын негізгі көздер.

Қазір ауаның судың топырақтың ластануы көптеген табиғи ресурстардың сарқылуын, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, жылудың эфектісі қоғамның өзекті проблемасына айналып отыр. « Жер шарын ұшы-қиырсыз Ғалам кеңістігімен салыстырғанда бейне бір үзіліп түсер моншақ па дерсің, сонша нәзік қорғансыздығына ие боласың» (Ғарышкер батыр Тоқтар әубәкіровтың Галактика төрінде түйген ойы)

Бақылаусыз, бағдарсыз жалғаса берсе, осы өзгерістер экологиялық дағдарысқа әкелуі ықтимал.

Елбасымыз да « Қазақстан-2030» бағдарламасында « Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өмірінің 20 пайзы себеп болып отыр.»-деп « табиғат апатын» болдырмаудың алдын алу керектігін атап өтті.

Сол себепті мені өзім тұратын мекенім Шар қаласының экологиясы толықтай алаңдатады. Қаланың ластануында шаң мен аэрозольдарды жатқызамыз. Шаң мен күлден өрттерден ұшқан түтіннің қатты заттары нитраттар мен сульфаттар газдық реакциялардан таралады. Шілде айында болған 6 өрттен нитрат және сульфат газды реакция ауаға тарады. Соншалықты зиянды болмасада, бірақ оның өндірістің шаң тозаңдарымен жағдайды қиындататыны сөзсіз. Осындай жағдайлардың бәрін ескере отырып мен Шар қаламыздағы мүгедектер санын көрсетіп отырмын.:

Мүгедектер 1-ші топ 26

Мүгедектер 2-ші топ143

Мүгедектер 3-ші топ 38

Туғаннан кемтар болған балалар -38

Қазіргі кезде туу көрсеткіштен өлім көрсеткіші өте жоғары. Соның ішінде жүрек ауруы 40 пайыз, өкпе ауруы 28 пайыз, қан ауруы 35 пайыз құрап отыр. Осының барлығы экологиямыздың нашар халде екенін көрсетіп отыр. Экологияны ластайтын факторлардың барлығы топыраққа , ауаға желге, суға өсімдікке, жануарларға, және адамға кері әсерін тигізеді. Экологиялық зардаптарды айта келе соның ішінде « шаң және аэрозолдар», « өндірістік ластану», « транспорттық ластану», осының барлығы « Шар орман қорығы,» ластануына және « Шар өзенінің бүгінгі халіне әкеп соқты», климаттың өзгеруі сипат алды.

2.3. « Шар» орман қорығының қазіргі ахуалы.

Шар орман қорығы 1940 жылы құрылған. Ең басында халыққа ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамассыз ету үшін соғыс жылдарында жұмыс атқарып, халыққа көмегін тигізіп тұрды. Шар қорығының өте жақсы сапалы қызметі 65-90 жылдары болды. Шар решоны топырағының тұздылығы 72-73 пайыз. Желді жерге соған орай әр түрлі ағаштар отырғызу агрономиялық жағынан тиімді. Топырақтан тұзды сорады. (дренаж) Отырғызылған ағаштар ауа-райының тұрақталып, тепе-теңдік жағдайын сақтайды. Шар орман қорығының көлемі 200 кг. 1980-ші,1990-шы жылдары Шар қорығында отырғызылған ағаштар, соның ішінде қайың, үйеңкі, алма, қарақат, облепиха бар еді. Бүгінгі күнде осы отырғызылған ағаштардан ештеңке қалмай отыр. Барлығы оталып, бүгінгі халі нашар. Халық отынға алып, өзінің тұрмыс тіршілігіне жарамды қылып күн көріске айналдырып отыр. Желсіз Шарда бірде-бір күн болмайды. Шарда жел үнемі құрғақ, ыстық күйде. Тұзды топырақ ұшып жатыр. Желді ұстап тұру өсімдіктің бөрік басына байланысты екенін байқадым. Бұл күнде әсем де-әдемі қорығымыз құрдымға кетті. 1990 –шы жылдары жылына 1000 тоғай отырғызылып, жаңартылып толықтырылған. Бұл күнде жалаңаштанған қорықты көреміз. Әр өсімдікті отырғызғанда желдің бағытына қарай отырғызу керек екенін ұмытпаған жөн.

2.4 Шар өзенінің бүгінгі халі.

Шарда туып, Шардың мөлдір суына шомылып жүріп, ер жеткен адамға Шар ерекше. Оның арғы тегі қазақ сөзі емес екенін зерттеушілер айтып жүр. Өзен бұрын 18 ғасырда Гурбан Шар деп аталған. Олай деп айтылуы өзеннің үш саласына байланысты болуы мүмкін. Қорық Шар деген саласы бар. Шар-Ертіс алабындағы өзен. Ұзындығы-253 км. Су жинау алабы-14900 км шаршы. Қалба жотасының оңтүстік шығыс беткейінен басталып, Киров аралығының тұсында Ертіске құяды. Шар өзені жауын –шашынмен қар суларымен толысады. Суы тұщы. Шар қаласы Қалбатау селосы т.б. елді мекендер тұрғындары ауыз суға пайдаланада. Жылдық орташа су шығыны Исабек қонысы тұсында секундына 4,0 м куб. Егістік шабындық Бөген- Шар бөгені салынған. « Су- ырыстың көзі, еңбек –кірістің көзі.», « Ағын суда арам жоқ» дегендігі халық өзеннің суын ішеді. Су таза, табиғи сүзіледі.

Санитарлық-эпидемиялық станцияның Шардағы қызметкерлерінің айтуы бойынша 1980 жылдан бастап Шар өзеніне ДЕПО қалдықтарының төгілуі тоқталынды. Шар өзенінің жағалауына көз салсақ түрлі-түрлі қоқыстарды көресің, менің өз пікірімше сол қоқыстарды бір жерге ғана төктіріп, үйіп, бетін сеткамен жапқызып, оны енскі жіппен де тоқытуға болады. Сонда қоқыстар улы заттарды ауаға өте аз мөлшерде, қауіпсіз бөлініп, бірте-бірте иіріп ыдырайды. Сонда ғана біздің таза су, таза жағалауымыз болады. Өзендерге көптеген құстар келіп, табиғат сәніне енеді.

Әрине бұндай шара тек әкімшілік тарапынан ғана жүзеге асу керек., ұйымдастырылуы керек. 1968-1969 жылдар Шар өзені қатты тасыған. Судың деңгейі 1-1,5 метрге дейін көтеріліп, қазаіргі Сулейменов, Береговая, Шар жағалауы, Маметов, Береговой көшелеріне дейін су алып үйге кіріп кеткен. Ахмет атаның айтуы бойынша сол жылдары су қатты тасығандықтан халық орталыққа көшуге мәжбүр болған. Сол жылдары суы мол Шар өзені өте әсем еді. Көптеген құстар ұя салып, табиғаттың бір бөлігіне келіп қоныстанған. Сол жылдары қазіргі көпір салынды. Өзен жағалаунда қамыс, көптеген бұталы ағаштар әсем еді. Қазір судың түбі анық көрініп тұр. Көктем кезінде судың деңгейі 1 метрге көтеріледі де, бара бара судың деңгейі қайтадан түседі. Қазіргі мені ойландыратын мәселе су деңгейінің төмендеуі.

2009 жылы 40 см

2010 жылы 37 см

2011 жылы 36 см

2012 жылы 34 см

2013 жылы 34 см

2014 жыл 30 см

2015 жыл 30 см

2016 жыл 28,5 см

2015-2016 жылы көрсеткіш бойынша судың деңгейі 1-1,20 см деңгейге дейін төмендеп кетті. Бүгінде суы азайып , арал пайда болып жатыр. Шар қаласының өзі географиялық орны жағынан жазық жерде орналасқан. Жауын-шашын сирек, құрғақшылығымен ерекшеленеді. Жер асты жауын-шашынмен судың молаюы аз. Осының ең басты себебі не деп ойлаймын. Сондықтан судың көзін есепке алып, зая жібермей, қадірлеп, қастерлей білу әр адамның төл ісі деп білемін. СЭС мамандарының айтуы бойынша Шар аймағында халық тұтынатын құдық суының сутектік көрсеткіші РН 7. Ал өзен суының көрсеткіші РН-7. Осы көрсеткішке қарап Шар өзенінің тұщы екенін көреміз. Шар өзенінің табиғаты жөнінен таза десек те, халық меншік машинасын, кір жууда, көптеген әр түрлі негіздер, қышқылдар суға кетеді. Міне осыны қадағалап халықты үйретуге ат салыссақ, түсіндіріліп әкімшілік тарапынан жұмыс жүргізілуі керек. Шар өзенінде аудандық зерттеу лобороториясының мәліметі бойынша аз мөлшерде гексохлорон, кдмий бар химикаттар пайдаланылған ол ауылшаруашылық ағындылар, жануарларды тотығу барысында дезенфекция үшін қолданылған олда зиян.

2.5. Шар қаласының климаты мен ерекшеліктері.

Шар қаласының климаты күрт континенталды және құрғақ болып келеді. Шар ақаласында да климаттық көрсеткіштердің қалыптасуы осы жердің физико-географиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Әлсіз ылғалды , салқын Қалба районы. Бұл жерде гидротермиялық коэфицент 10-13, тем суммасы 1000-2000 С. Жылы маусымда Шар өңірінде 1 мм жауын –шашын түседі. Тұрақты қар жамылғысы 150-180 күн сақталады. Ал қарлы жамылғысының қалыңдығы 50-60 см, қардың су қоры 120-140 мм. Гидротермиялық коэфицент 0,7-1,0 тем қосындысы 2000-2500 С. Бұл аймаққа Жарма , Аягуз, Аксуат, Көкпекті аудандарының кейбір бөлшектері кіреді. Шар қаласында ең ыстық ай-шілденің орташа температурасы таулы жоталы аймақтарда 18-19 С, ал жазықтарда 20-22 С Кей уақыттарда ауа температурасы максималды көрсеткіш 40-43 С жеткендері аз. Ауаның жылдық орташа тәуліктік температурасы 34-42 С Жалпы мерзімнің ұзақтығы 195-205 күн, ал оңтүстікте 2010-230 күн.

Қорытынды. Туған табиғатты аялап, қорғау табиғи ортаның бірі- биосфераның құрам бөлігін ғана емес, бір –бірімен тығыз байланысқан біртұтас ғаламшарлық жүйені қорғау.

Туған өлке табиғатын қорғау экологиялық проблема,и бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Солай болса да соңғы жылдары табиғи жайылымдар мен шабындықтар көлемі азайып кетті. Бұл табиғат құрамдас бөліктерінің бір-біріне әсерінен жерді жүйесіз пайдалану нәтижесі. «Жер ұйығы өзімнің қасымда екен деп Мұқағали Жырлағандай жырлағандай мен де елім үшін, жерім үшін, халықтың денсаулығы үшін аз да болса өз үлесімді қосып, жанашырлық танытамын.

Осындай жағдайлардың бәрін ескере отырып мен Шар қаламыздағы мүгедектер санын көрсетіп отырмын.:

Мүгедектер 1-ші топ 26

Мүгедектер 2-ші топ143

Мүгедектер 3-ші топ 38

Туғаннан кемтар болған балалар -38

Қазіргі ақпараттарға сүйенсек туу көрсеткіштен, өлім көрсеткіші өте жоғары. Табиғат адамға жақсылықты аямай берген. Табиғаттың тозуы экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден-бір жолы халықтың түгелдей табиғаттың адамның санасыз әрекетінің тозуына қарсы күрес жүргізуге шақыра отырып, мен өзімнің жобамды ұсынып отырмын. Қорытындылай келсек атмосфераның ластануы да жылдан-жылға адам шаруашылығының әрекетінің үлес салмағы артуда. Көріп отырғанымыздай ластанудан әр біреуін терең зерттейтін тақырыптар жетерлік. Қаламыздың экологиясф кешенді зерттеуді қажет етеді, сондықтан көптеген ғылым салалары бірігіп ортақ қорытындылар шығаруы керек. Шар қаласының экологиясын зерттей отырып, табиғатқа көптеген зиян келтіретін факторларды ұсындым. Қазір ауаның, судың, топырақтың ластануы көптеген табиғи ресурстардың сарқылуы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, жылудың эфектісі қоғамның өзекті проблемасына айналып отыр. Бұл мәселелермен тікелей экология ғылымы айналысқанмен жоғарыда көрсетілген білім салалары тәуелді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер

1. География және табиғат 2010 ж № 5 8-10 бет

2. География және табиғат 2008 ж №6 3-4 бет

3. Табиғат . Алматы-1999 жыл 174 бет

4. Ландшафттану. Алматы 2004 жыл 114-116 бет

5. География және табиғат 2007 жыл №6 35 бет

6. Баешов.А.және т.б., Экология негіздері,Түркістан,2000ж 12-15б

7. Қаженбаев.С. Табиғат қорғау.Алматы;1993ж 3-8б

8 .Бисенова.А.с., Ж. Шілдебаев, Экололгия,Алматы,1998ж 10-12б

скачать dle 11.0фильмы бесплатно