Шар қаласының топырағы

Реклама
Тоқтағанова Еркегүл Ерланқызы
8 сынып оқушысы
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ

Жетекшісі: География пәнінің мұғалімі

Кусайнова Асемгүл Курмангалиевна

Шар қаласының топырағы

 

Зерттеу мақсаты
:

 

Шар қаласының топырақ экологиясының қасиеттерін және механикалық құрамы мен экологиялық проблемаларын айқындау

Зерттеу нысаны:

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде жалпы Шар қаласының топырақ экологиясына сипаттама беру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Ғылыми жұмысқа қойылған мақсат міндеттерге орай анықталды.

Шар қаласының топырақ экологиясының көздерін кеңдігінен дәлелдеу

Зерттеу болжамы:

Топырақ түрлерін сипаттау.Топырақтың механикалық құрамын және маңыздылығын тәжірбие жүзінде дәлелдеу.

Жұмыстың зерттеу әдістері:

Зерттеудің негізгі әдіс тәсілдері саралау, зерттеулер, экологиялық бағалау, салыстыру, жалпылау, бақылау.

Жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден, тараудан және қортындыдан тұрады.

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі соңынан берілді

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Бұл жұмысты география сабағында, оқушылардың реферат баяндама жұмыстарына қолдануға болады .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын , өзен-көлін , тарихы мен байлығын, жалпы алғанда геграфиясын білуден басталады . Осынау өркениетке ұмытылып отырған кезеңде өз жеріміздің әрбір обьектілерін білу және олардың қыр сырына үңілу басты міндет болып саналады.

Осы тұрғыда жергілікті Шар қаласының топырақ экологиясын зерттеу мол ізденіс пен асқан жауапкершілікті қажет етеді.

Бүгінде алтын, әктас қорына бай Шар қаласының топырағы әлі де толық зерттелмеген. Аудан тарихы туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан өзге топырағы жөнінде жазылған материалдар өте аз. Алтын қорына бай Шар топырақ экологиясын зерттеу-кезегін күтіп тұрған мәселе. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қабілетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.[2]

Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылыми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағдай жасау.Сол себепті осы мәселе тақырыптың өзектілігін айқындайы.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты Шар қаласының топырақ экологиясын зерттеу,халық шаруашылығына пайдалануын анықтау.Осы аталған жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:

Шар қаласының физика-географиялық сипаттама беру.

Қаламыздың топырақтарын жинап,сол топырақтарға сипаттама беру.

Топырақтың шаруашылықтағы пайдалану ауқымының кеңдігін дәлелдеу.

Топырақтың экологиялық проблемаларын анықтау.

Проблемалардың шешу жолдарын көрсету,ұсыныстар беру

Шар қаласына физика-географиялық сипаттама

Географиялық орналасуы.Шар қаласы Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы қала Түрксіб теміржолының Семей, Аягөз теміржол торабының бойында орналасқан теміржол торабының бойында орналасқан теміржол бекеті. Аудан орталығы-Қалбатаудың солтүстік-батысында 46 км-дей жерде, Ертіске құйылатын Шар өзенінің бойында орналасқан. Шар құмының жер асты тұщы су көзі малға қоныс өрісі мен құнарлы шөбі, табиғи ерекшелігі мен шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауданның жалпы аумағы 1478 км2, оның ішінде тыңайған жер-0,447, шабындық-13,5, жайылым-1231, басқалай жер 232,98 км2. Арнаулы жер қоры 819км. Жер бедері ойлы маңы ойпатында орналасқандықтан,аудан аумағы геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі көпшілік бөлігінде теңізге қарай көлбеулене кеми түседі. Топырағы құмды сазды.

1.1 Шар қаласының топырағы және оның қасиеттері

Топырағы: Қалба жотасының топырақ жамылғысының таралуы ендік белдемге байланысты қалыптасқан, яғыни топырақтың бір түрінің қабаты ендік бақытқа қарай созыла шашыла түзеледі де, теңізге жақындаған сайын келесі түрмен жиі және әлденше рет ауысып отырады десек , бұл Шар қаласының аумағына да тән . Аудан аумағы негінен шөлейт зона құрамына кіреді. Мұнда бозғылт құмды топырақ, батпақты тұзды саз топырақ, ойдым-ойдым тақырлар және үлкенді-кәшілі сорлар кездеседі. Кейбір жерлерде көшпелі,сусымалы құм массивтері ұшырасады. Қасиеттері аудан аумағының топырағы алуан түрлі: бір жері сазды,құмды болып келсе,екінші бір жерлері қайыршақты және тастақты болып келеді.Аталған топырақ түрлерінің қасиеттері бір-бірінен ерекшеленеді.Топырақтың қасиеттерін қарапайым тәжірибе жасап көру арқылы байқауға болады. Мысалы,суда тұндырып,қайнатып майлылығын, илеп отқа күйдіріп біріккіштігі мен беріктігін және дәмін татып тұздылығын анықтау тиімді. Аудан жерлерінен топырақтың түрлері мен оның қабаттарынан шыққан минералдар жинақталынды.Олар: Қараш ауылының оңтүстік батысынан 5км жерден алынған күкірт пен майлы қара топырақ,солтүстік батысынан алынған су мен тұз және қоймалжың күрең түсті батпақ, батысынан 20-30 см дей тереңдіктен шығып жатқан ақ топырақ және солтүстігіндегі қайыршақ. Ең әуелі майлылығын анықтау үшін алынғандардың бәрін жеке-жеке ыдысқа салып,суға қайнатылды. Сол кезде қайыршақты қайнатқан су аппақ болды,оның суының дәмін татып қарағанда тұщы болды. Кезенсу елді мекенінің құмды топырақтарын суға қайнатқанда тұщы болды,оны илеп көргенде бірікпеді және отқа қыздырғанда да өзгеріске ұшырамады.Ал Шар тұзының дәмі кәдімгі ас тұзымен бірдей,тамақ үшін қолдануғатиімді болып көрінеді. Қараш ауылының солтүстік батысынан 6км қашықтықтағы жерден алынған қоймалжың күрең түсті батпақты кептіру үшін отқа қойылды.Ол лаулап жанып,ауаға өткір иісін таратты және кепкен соң батпақ ақ сортақ болып кеуіп, бетіне тұзы шықты.Сондай-ақ бұл батпақтың құрамында тұз бен күкірт бар деген болжам айтуға болады.

1.2 Топырақтың механикалық құрамы

Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану қалпына келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта, азоттың жиналуына әсер етеді. Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді. Топырақ бөлшектерінің көлденеңі 1 мм-ден артық болса, онда оларды топырақтың қаңқасы деп атайды, ал 1 мм-ден кем болса, ол бөлшектерді топырақтың ұлпасы (мелкозем) деп атайды. Топырақтың қаңқасына жататын механикалық бөлшектер тастар (көлденеңі 10 мм-ден ірі), ірі қиыршық (5—10 мм), орташа қиыршық (3—5 мм) және ұсақ қиыршық (1—3 мм). Топырақтың ұлпасына кіретін бөлшектер ірі құм (0,5 мм), орташа құм (0,25—0,5 мм), майда құм (0,05— 0,25), ірі шаң (0,001-0,005 мм), тозаң (0,001-0,0001 мм) және коллоидтар (0,0001 мм-ден аз бөлшектер Механикалық тұрғыдан топырақ тасты, қиыршықты тастақты, құмдақ (80 пайызға астамы құм, 10 пайыз дейін сазы бар), құмдауыт (құмы 70 пайыздан астам, сазы 30 пайыз аз), ұсақ сазды (10-80 пайыз саз, қалғаны құм), саздақ, сазды, борлы, әкті (20 пайыздан астам әк), қара топырақ (20 пайыздан астамы гумус) және қара шірік (торф) болып бөлінеді. Аталмыш құрылымы топырақтың табиғи құрылу процесінің және жерді пайдалану әсерінен пайда болады. Органикалық заттардың кейбір ыдырау өнімдері (мысалы, гумин және ульмин қышқылдары) кальциймен қосылыс түзіп, майда топырақ бөлшектері бір-бірімен жабысып, бірігіп ірі бөлшектер құрайды. Сондықтан топырақ құрылысы саңлаулы-түйіршікті, үйінділі, діңгекті, қатпарлы түрде болуы мүмкін.

1.3 Шар қаласының топырағының экологиялық проблемалары

Шар қаласы –өндіріс орындары көп орналасқан бірден-бір аудан.Сондықтан да мұнда экологиялық проблемалар жиі туындап тұрады. Сондай проблемалардың бірі топыраққа келіп тіреледі. Топырақ экологиясы табиғи және антропогендік жағдайлармен тікелей байланысты. Қуаңшылық әсерінен жердің тақырға айналуы құмды көшкін табиғат жағдайы әсерінен келетін экологиялық проблема болса,мұнай қалдықтары мен топырақтың ластануы,терикондардың көбейуі,топырақтың тұзды сорға айналуы адам қолымен жасалған залал болып табылады. Сусымалы құмды Шар қаласында үнемі құм көшкіні болып тұрады. Көшпелі құмдарды қатайтудың басты жолдары- оларды битумдау, механикалық жолмен тоқтату(қорған,қайшы соғу),сексеуіл,жыңғыл,дала жусаны,ала бота,тізгін,қара шағыр сияқты өсімдіктерді себу болып табылады. Бұл екі тұрғыдан пайдалы,біріншіден көшпелі құмдардың қаупінен елді мекендер құтылады,құнарлы жерлерді сақтап қаламыз; екіншіден,көшпелі құмдарды қатайтқаннан кейін бұл жерлерде ағаш люцерна егіп жақсы өнім алуға болады. Тоқтағанова Еркегүл Ерланқызы кен орнының маңына барып қарағанда ол жерден тұзды сор көл табандары қалыптасғандығын байқауға болады.Тұзды көл табандар тұзды шаңға айналды.

2.1. Топырақтың ластану көздері

Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.

Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.

Химиялық ластаушылар (неорганикалық және органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады. Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян.

2.2 Топырақ жәндіктері мен микроорганизмдері

Топырақты табиғи тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын әр түрлі тірі организмдер; топырақтың кабаты. Онда топырақ микроорганизмдерінен — бактерия, саңырауқұлақ, сәулелі саңырауқұлак, т.б. және көптеген омыртқа-сыз жануарлардан қарапайым жэндіктер, кұрттар, былқылдақденелілер, ересек бунакденелілер мен олардың дернәсілдері, жер қазғыш омырт-калылар, т.б. кездеседі. Олардың санының өзгеруі жыл маусымына да байланысты, көктем мен күзде кобірек болса, қыс пен жазда азаяды.

Топырақ жәндіктері мен микрорганизмдері жүйесі табиғаттағы зат айналымында, топырак құрамынқұрылу процесінде, оның құнарлылығының түзілуінде белсенді рөл атқарады. Олардың барлық табиғи органикалық қосылыстарды табиғи немесе бірнеше органикалық қосылыстарды ыдырата алады.. Топырак құнарын тиімді пайдалану үшін оның құрамындағы организмдерге жағдай жасап, ауыспалы егіс жүйесі мен агротехниканы дұрыс колдану қажет. Топырақтың 10 — 15 см-ге дейінгі беткі құнарлы қабатында га-на 10 т бактериялар, сол шамада саңырауқұлақтар, 4 т жауын құрты,140кгбалдыр,17кг-дай әр түрлі жәндіктер кездеседі.

Қорытынды. Мемлекетіміздің табиғи байлығы – жер ресурсы,бабаларымыздың аманаты,қазақ жерінің экологиялық жағдайы мен болашағы әрбір отанды сүйер азаматты толғандыратын мәселе.Сондықтан да жер қойнауын қорғауда өмірдің өзі талап етіп отырған үлкен ұлттық бетбұрыс,заңдылықтармен бекітілген серпін керек.Сондықтан да ала,топырақ,су құрамында үнемі тиісті деңгейде көңіл бөліп,олардың табиғи құрамының сақталуына және қорғалуына мүмкіндігінше қолдау көрсету бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуге болады. Топырақтың экологиялық жағдайына баса назар аудара отырып, оның халық шаруашылығына маңызына көңіл бөліу керек. Осының нәтижесінде топырақты қорғау шараларын тұрақты түрде іске асырып отырудың да өзіндік маңызы бар.Өйткені,топырақ тіршіліктің басты нышаны. Ал өнімнің сапалы табиғи таза болуы ол топырақтың сапалы әрі таза болғанының нәтижесі екенін ұмытпау керек. Қаламыздағы экологиялық жағдайды сауықтырып,тұрғындардың денсаулығын жақсартудың негізгі шараларының бірі- елді мекендерді көгалдандыру. Ата-бабамыз айтып кеткендей, «Ана көркі-алдындағы баласы,жрдің көркі-желкілдеген ағашы». Олай болса,туған өлкені жасыл желекке бөлеу –өзіміз үшін де,өзгелер үшін де,келешек үшін де үлкен міндет.Ал жасыл желектің жайқалуы үшін топырақтың құнарлы болуы шарт. Соңғы кездері Шар қаласының топырағының құнарлылығы күрт төмендеп кетті. Бұған қуаңшылықтың жиі болуы мен өндірістің қоршаған ортаға залалы себеп болып отыр.Мұндай жағдайлар топырақпен қоса өсімдіктер

дүниесіне де зиян,әрі сиреп кету қаупін туғызады.Олай болса, топырақ экологиясын жақсарту- алда тұрған үлкен мәселе. Өйткені,топырақ табиғат байлығы және оның ажырамас құрамдас бөлшегі және байлығы оның ажырамас құрамдас бөлшегі. Сонымен,елді көгалдандыру оның топырағын құнарландырумен тікелей байланысты.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер

1. 12. Бараева.А.И. Почвозащитное земледелике. Под. Ред.акад. 1998жыл 10-15б

2. Жиенқұлов.Е облыстардың физикалық географиясы. 1998ж

3. Қаженбаев.С. Табиғат қорғау.Алматы;1993ж 3-8б

4. Баешов.А.және т.б., Экология негіздері,Түркістан,2000ж 12-15б

5 .Бисенова.А.с., Ж. Шілдебаев, Экололгия,Алматы,1998ж 10-12б

6. Есназарова. Ұ.Ә. «Қазақстанның физакалық географиясын оқыту» әдістемелік құралы ,Алматы 2004 ж 5-6б

7. Қаженбаев.Е. «Географияны оқыту әдістемесі» оқу құралы , 2002ж 8б

8. «География және табиғат» журналы 2005\6 11-14б

9. «География және табиғат» журналы 2003\2 30б

скачать dle 11.0фильмы бесплатно