Пенитенциарлы мекемеде сын тұрғысынау ойлау арқылы оқыту мен жазуды дамыту

Бекетаева Макпал Рахметуллиновна
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
«Жалпы беретін кешкі (аусымдық) орта мектебі» ММ

Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Мұғалімнің міндеті – сотталғанның өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген адам әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны оқушының өзі ізденіп дәлелдеуі..

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.

Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Пенитенциарлы мекемеде  сын тұрғысынау ойлау арқылы оқыту мен жазуды дамыту

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

 

Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.

Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ой-­пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.СТО технологиясын қолданып өткізген сабағым

Қазақ тілі 12 «В»

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра»

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы- домбыраның түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат бере отырып, домбыраны жазықтықта салып үйрену.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Домбыраны дұрыс жазықтықта бейнелеуді қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.
Сабақ құрал-жабдығы: Компьютер слайды, Домбыра

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезең

II.ІІ. Қызығушылығын ояту Домбыра арқылы көңіл көтеру
ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдату. Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.

• Естіген музыка қай жанрға жатады? (күйге)

Күй деген не? (музыкалық шығарма)

Күйді шығарушы кім? (адам, күйші)

• Кімнің күйі деп деп ойлайсыңдар? (Құрманғазы)

• Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?(Дина, Құрманғазы, Ұзақ, Тәттімбет, Дәулеткерей)

• Күйдің мәтіні бар ма? (Жоқ)

• Әннен айырмашылығы қандай? (Әнде мәтіні бар, ал күде - жоқ))

ІV. Жаңа сабақ: «Домбыра»

«Көрнекілік» стратегиясы»

Домбыра туралы айту A) Компьютер слайды бойынша суреттер көрсету арқылы мәтінмен таныстыру.

В) Мәтінімен жұмыс. (мұғалім мәтін үзігін карточка арқылы топтарға бөліп таратады).

І бағыт – мазмұндау

І топ – Домбыра

ІІ топ – Домбыраның шығу тарихы

ІІ бағыт – Атақты күйшілер туралы таныстыру

І топ – Күй атасы – Құрманғазы

ІІ топ – Күй анасы- Дина

ІІІ бағыт –трек сызба жасау

(Оқушыларға мәтіндер таратылады өздік жұмыс жүргізіледі)

Бүгін біз домбыра туралы білімімізді толықтыратын боламыз.
Ең алдымен домбыраның шығу тарихы мен таныстырайын. (мұғалім оқушыларға домбыраның шығу тарихы мен аңызы туралы айтып береді.Домбыраның суреті слайдтта көрсетіледі.)
Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй,терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5-7 дейін болса, кейін 9- 19 дейі жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.
Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр дейді маман. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Жұмагелді Нәжімеденов егер зерттеу жұмыстары жүзеге асырылатын болса, ежелгі домбыраның үні қайта оралар дегенді айтады.

1-оқушы шығады

Домбыра – қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы.

Домбыраны самырсын, шырша, қарағай, т.б. ағаштан жасайды.

Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған.

  • Домбыраның құрылысы:
  • Мойын
  • Ішек
  • Перне
  • Шанақ
  • Тиек
  • Домбыраның тарихы ( Оқушы шығып оқып береді), сосын екінщі аңыз айтылады Ақсақ киік туралы

·Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз — әңгімелерге жүгінуге болады.

"Ертеде бір хан қызын кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді.Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. "Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар”деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. "Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Маңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.
Слайд

Пенитенциарлы мекемеде  сын тұрғысынау ойлау арқылы оқыту мен жазуды дамыту

 Мұғалімнің сөзі

 

ž Атақты домбырашылардың бiрi Қазақ халқының музыканты және Қазақ музыкалық мәдениетiнiң дамуына үлкен ықпал еткен Құрманғазы мен Дина Нүрпейсова болып табылады. Ол шетелде де, Қазақстанда да музыкалық композицияларымен әйгiлi.

ž Оқушылар таныстырады

Халқымыздың күйші – домбырашыларымен және олардың шығармашылық өмір баянымен танысады.
1. Құрманғазы
2. Дина
Слайд

Пенитенциарлы мекемеде  сын тұрғысынау ойлау арқылы оқыту мен жазуды дамыту

 

Пенитенциарлы мекемеде  сын тұрғысынау ойлау арқылы оқыту мен жазуды дамыту

Күй анасы- Дина .

 

Атақты күйші композитор – Дина Нұрпейсова 1861 жылы қазіргі Орал облысы , Жаңақала ауданы, Бекетай құмында қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесінің аты Кенже болған. Ол Динаның музыкаға зеректігі ерте байқалған. Жеті – сегіз жасында қолына домбыра ұстады. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады.

Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады.

1888 жылы Құрманғазы Динаға : « Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз» , - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады.

Динаның кең тараған күйлері : «Әсемқоңыр» , «Тойбастар», «Ана Бұйрығы», «Бұлбұл» .

 

Күй атасы – Құрманғазы

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі.

Күйші 1818 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әртүрлі әңгіме тыңдаған.

Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайсына түскен.

Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақбай», «Ақсақ киік», «Адай», т.б. күйлерін шығарған.

 

 

Слайд V. Тілдік талдау

 

«Домбыра», «Күйші» сөздерін септеу, тәуелдеу, жіктеу, көптеу, фонетикалық талдау жасау.

Слайд VI. Ой толғау.

«5 жолды өлең» стратегиясы бойынша домбыра сөзіне өлең жазады.

 

 

1.Домбыра

2.Әдемі, оюлы.

3.Жасау, ойнау, әзірлеу.

4.Шебер өте әдемі домбыра жасады

5.Аспап.

1. Күй

2. Сазды, көңілді, сөзсіз.

3. Тындау, шерту,ойнау.

4. Күйші сазды күй шертті.

5. Әуен


Күй-қазақ халқының ұлттық өнері, сөзсіз қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізе білген.

«Ақсақ құлан» күйі туралы бейнефильмнен үзінді көрсету.

Мұғалімнің сөзі.

ž Домбыра - әрбір қазақ үйінің қымбатты заты. Домбырамен күй тартуға, ән сүйемелдеуге болады. Оны халық күнделікті қолданады.

 

Слайд

VIІ. Бекіту. Тірек сызба:

Домбыра Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.

Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.

 

VIІІ. Бағалау-

Үйге тапсырма

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/

2. Мектеп директоры. /№1,2014ж/

3. Қазақстан мектебі. /№5,2012ж/

скачать dle 11.0фильмы бесплатно