Мыстың өндірісте қолданылуы

Садуакасова Гулизат Кенжебековна, лаборант
Асылханова Мадина Ержановна, лаборант
Политехнический колледж Корпорации Казахмыс

Мыс, Cu – элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63Cu және 65Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10–3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 г/см3, балқу t 1084,5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды. Қыздырғанда ауада CuО және Cu2О-ға дейін тотығады, галогендермен, S, Se, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Аммиак, цианидтермен, т.б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту арқылы; гидрометаллургиялық әдіс – құрамында мысы бар минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH3 ерітіндісімен) өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола, мыс-никель, т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.

Мыс және оның қосылыстары мен қорытпалары өндірісте кеңінен қолданылады.

Мыс электротехникада таза күйінде: кабельді өнімдерді жасау, өнеркәсібінде электрогенераторлар, телефон және телеграф жабдықтарын, радио аппаратураларын жасауда қолданылады. Мыстан жылуауыстырғыштарын, вакуум-аппараттарын, құбырөткізгіштерін дайындайды.

Мыстың қорытпалары басқа металлдармен қосылып машинажасау, автомобиль, және трактор өнеркәсібінде (радиаторлар подшипниктер) химиялық аппараттарды жасауда қолданылады.

Электролиттік өңдеуде мыс анод болып табылады. Таза мыс – ақшыл-қазғылт түсті, талшықты, тұтқыр және жұқа табақшаларға оңай оратылатын металл. Ол жылуды және электрлік тоқты өте жақсы өткізеді,бірақ күміске қарағанда төмен. Мыс құрғақ ауада мүлдем өзгермейді, оның бетінде пайда болған оксидтер жұқа қабыршығы мысқа қаралау түс береді және оның әрмен қарай тотуғыунан сақтауға ықпал жасайды . Бірақ ылғалдың және көміртектің диоксиді мыстың беті гидpоксокаpбонаты - (CuOH)2CO3 жасыл тот болып өзгереді.

Мыс өндірісте жоғарғы жылу өткізгіштігімен, жоғарғы электроөткізгіштігібен қыздырғыштығымен күшті құю сапасымен жоғары химиялық төзімділікке, кемістікке қарсыласу үшін өндірісте қолданылады. Мыстың 40% әр түрлі электрлік сымдарды және кабельдерді жасауға қолданалыды.Машина жасау өндірісінде және электротехникада әр түрлі мыс қорытпалары басқа заттармен кенінен қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздысы жез (цинкпен мыстың қорытпасы), мыстыникельді және қола боп табылады. Мыстың барлық қорытпалары атмосфералық коррозияға үлкен қарсы төзімділікке ие. Мыс химиялық тұрғыда – төмен активті металл. Бірақ галогендермен бөлме температурасында реакцияланады. Мысалы, дымқыл хлормен хлорид CuCl2 . Қыздырған кезде күкірпен де әрекеттеседі мыс сульфидін түзеді Cu2S. Мыс сутегімен бір қатарда орналасқандықтан қышқылдан оны ығыстыра алмайды. Сондықтан тұзды және араластырылған күкірт қышқылы мысқа әсер етпейді.

Мыс көркем өнерде мыс дәуірінен бері қолданылады.Одан бұйымдар, скульптуралар, ыдыс-аяқтар,аспаптар жасалынады. Мыстан және оның құймаларынан құйылған және жасалған бұйымдарды оюлармен қалыптайды. Мыс жеңіл өнделгендіктен (оның жұмсақтығына байланысты) шеберлерге әр түрлі қалыптағы бөлшектің өнделуінде оның нақты моделін алуға көмектеседі. Мыстан жасалған бұйымдар алтындай әдемілігімен немесе қызғылт түсімен, сонымен қатар тегістеу кезінде жылтыр қасиетімепн ерекшеленеді.

Техникалық таза мысты катодты табақша түрінде, немесе жартылай фабрикатты құйманы әрі қарай прокат түрінде қояды. Сонымен қатар құю әдісімен алынған және қысыммен өнделген дайын мысты бұйымдар қойылады. Мыстың жез және қола құймалары кең таралған.

Мыс шатыр және материалды қаптау ретінде кенінен қолданылады. Мыс шатыр әдемі көрінеді, сонымен қатар жел мен боранға төтеп беру қабілеті жоғары. Мыстан қапталған шатырлар мәңгі, қызмет ету мерзімі 150 жылдан астам. Мыс шатыр- өте қымбат, сондықтан да оны көбінесе сәндік үшін терезе жақтаулары мен шатырдың бөлшектеріне қолданады.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно