Біздің заманның батырлары

Жанатұлы Ахмедияр
2 сынып оқушысы
Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы-

деп айтылғандай әр заманнаң өз батырлары бар.Халқымыздың қай батырын алсақта ,олардың ерліктері орасан зор және еліміздің ежелгі тарихымен байланысып жатады.2015 жылдың екінші қыркүйек күні қазақ халқы үшін есте қаларлықтай күн болды. Тікелей ұрпақтарының ынтасымен ,көпшілік қолдап ,ғарышқа ұлтымыздың сүйікті перзенті Айдын Ақанұлы Айымбетов Байқоңыр ғарыш станциясынан үшінші болып көкке көтерілді.Батыр ағамыз өзінің осындай ерлігімен қазақ халқын бір дүр сілкіндіріп,қуанышқа бөледі. Бұрын көпшілік біле бермейтін ағамызды қазақ халқы ғана емес ,бүкіл дүние жүзі таныды.Айдын ағамыз үлгілі отбасында мын тоғыз жүз жетпіс екінші жылы дүниеге келді.Алматы облысы Талдықорған қаласының маңындағы Өтенай ауылында туып өсті.Яғни, батыр ағамыз өзіміздің жерлесіміз болғанына мен қатты қуандым.Мен өскенде осы Айдын ағамыздай атақты ғарышкер болғым келеді.

«Шын батыр сын үстінде танылар» - демекші мен де оқуымды үздік бітіріп ,халқыма қалтқысыз қызмет етсем деймін.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно