Біздің заманымыздың батыры

Қарағұл Кәусәр Кемеңгерқызы
3 сынып
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Ғарыш толығымен зерттелмеген қызықты әлем. Ғарыш әлемі ерте заманнан қазіргі таңға дейін зерттеліп келеді. Адамның ғарышқа ұшуы адамзаттың қол жеткізген бір ғажабы деп білемін.

Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар. Барлық зымыран ұшақтар ғарышқа саяхатын осы жерден бастайды. Қазақстаннан ең алғаш Тоқтар Әубәкіров ағамыз ғарышқа ұшты. Екінші болып Талғат Мұсабаев ғарышқа сапар шексе, үшінші болып Айдын Айымбетов ұшты. Кез келген адамның қолынан келмейтін іс істеп, ғарышқа ұшып, елімізді әлемге танытқан ағаларымызды мақтан етеміз.

Айдын Айымбетов қазақ елінен шыққан үшінші ғарышкер болса, әлем бойынша 545-ші ғарышкер. Ол ғарышқа ұшып барып зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ тарихында ерлігі алтын әріптермен жазылды. Көп жыл бойы жаттығулар мен зор еңбектің арқасында қазақ елінің батыры деген құрметті атқа ие болды. Айдын аға білімді, ақылды еңбекқор, нағыз патриот деп білемін. Айдын аға ғарыштан 10 күндік сапарынан аман-есен оралып, өзіне жүктелген тапсырманы орындап ерекше табандылық пен жауакершілік көрсетті. Айдын Айымбетов ғарышқа ұшады дегеннен бастап еліміздің назары сол кісіде болды. Міне, нағыз батыр! Міне, нағыз қазағының қыраны, елінің отансүйгіш ержүрегі! Ғарыш сапарынан міндеттелген тапсырмаларды ойдағыдай орындап Отанына аман-есен орал­ған Айдын Айымбетовке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Халық Қаһарманы» атағын өз қолымен тапсырды. Ғарыштан оралғаннан кейін Айдын аға өз сөзінде тек қана осы сапармен шектелмей бұл салада еңбегін жалғастыратынын айтты. Елімде Айдын ағадай ғарышкер болғанын мақтан етемін. Ол кісі қазіргі заманымыздың нағыз батыры. Қазақстанның әр аймағында жас балалар Айдын Айымбетов ағаны үлгі тұтып, қазақ елінен болашақта ғарышкерлер көптеп шығады деп сенемін. Өз басым Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов ағалардың бастаған жолын жалғастырып, қазақтың қара домалақ ғарышкер қызы болғым келеді.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно