Біздің заманның батырлары

Сейтжаппар Жанерке
2 курс
Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі

Осы кезеңдегі балаларға таң қаламын. «Бетмэн, Супермэн» деп шауып жүреді. Қолдарында семсерлері, көздерін тұмшалап алып,арқасына қайдағы жоқ жамылғыны жауып алып, айғайлап, өздерін батыр көріп жатады. Бірақ сол балалар өз батырларын біледі ма екен деп таң қаламын. Өмір солай ма? Заман солай ма? Түк түсінсем бұйырмасын. Бейбіт елдің бейбіт ұрпағымыз. «Не ішем? не жеймін?» демей өмір сүрудеміз. Бақытты балалық шақты да армансыз артта қалдырдық.Сенесіздер ме? Менің кішкентай кезімде ауыл жақта алаңсыз арық жағасында батпақ илеп, өрік-шие теріп, қаланың балаларындай емес, үстімізге сүртіп алып, жеп жүре беретін едік. Кім ойлапты? Осындай азамат пен азаматша боларымызды.

Арманым қазіргінің батырларындай емес, ескінің жұрнағының бірі болғым келеді. Менің арманымды айтсам кітап жазуға да болар еді. Бірақ оны кім оқысын? Қазір бәрі интернет емес пе? Теледидар. Сол теледидарда бір жетіскен сериал мен фильмдер беріп жатырған секілді.Қосып қалсаң қайдағы жоқ бірін-бірі өлтіріп жатқан тас жүрек жауыздар.Барлығы қиянатшыл.Оны көрген қазіргі жастар не болмақ?Тіпті ақымақтық емес пе? Қазіргі кезде осы оқиғалардың ұшқыны аздап ене бастауда.Көшеде келе жатқан кішіден ақша алып, сексен–жүзге келген ақсақалдарды ұрып, мәртебе табам деп ойлайтын жастарды көріп жүргеніміз де өтірік емес.Соларды соққыға жығып жатып «әкем бар-ау,інім бар-ау»демей ма екен солар? Әрине, жоқ. Соның барлығы да жаңағы мен айтқан аяусыз фильмдердің зардаптары шығар,бәлкім... Одан да әжемнің алақанында еркелеп, ертегілерін тыңдар едім мен.Әжем айтқан ертегілерін айтсаңшы! Құлақ құрышын қандырып, ебін келтіріп айтады ғой, шіркін!Ақ әжетайымның ертегісін тыңдағанда көз алдыңда жаңа әлем елестей бастайды.Ол әлем бұл өңірдің сипатынан мүлдем басқа, қияли әлем болатын еді. Менің батырым, менің батырым болсыншы. Менің болашақ жарым да осылай болса ғой деп жанымдағылармен жармаса сол тіпті осы әлемде бар секілді таласатынбыз. «Алпамыс менің батырым, менікі болсыншы» дегенде әже жарқыным «әй, жүгірмектер,не дейсіңдер,таласып отқаны несі ей» деп айғай салатын. «Менің әжем алтын ғой! Ақ әжем ғой» деп коңілін басып қоятынбыз. Сонда да, мен қияли, армандайтын едім. «Шіркін-ай! Осы батыр бар болса ғой» деп қиялдап жататынмын.Осылай-осылай ұйқыға батып кететін едім.Бір жолы да осылай ұйықтап кетіппін. Түсімде, айдалада жүр екенмін деймін. Жан жағымда тірі жан жоқ. Жалаң аяқ, әжем тоқыған кілем секілді қызылды-жасылды гүлдермен айналаға өрнек салған,жап-жасыл екен деймін.Аяғымды алға қарай басқан сайын қобалжып, денемнен айналған қан төбе құйқама дейін шымырлап,толқу сезімде жүріп келемін.Алдымнан сылдырап аққан судың дыбысы бірде қыздардың сыңғыр күлкісіне ұқсаса, бірде әшекей сылдырына ұқсайды.Күнге шағылысып,жылт-жылт еткен өзенді бойлап әлі де жүріп келемін.Бірде төбесі бұлтпен таласқан асқар биік ұштары үшкір қылыштай аспанмен астасып жатқан тау баурайында тоғыз он шақты қараша үй бар екен деймін. Жақындап келіп, жан жағыма қарасам жүздерінде жылуы бар, көздері күліп, жүректері мейірімге толы жандардың ортасында тұрғандай сезімдемін. Балалары алаңсыз ойын үстінде анадай жерде қара бала басында тақиясы, қолында таяғы,аузына қамыс шыбық қыстырған, қой бағып келеді екен. Айнала шаттыққа толы. Мәз-мейрам болып жүр екен деймін. Сұлу қыздар жанына жөн сұрамақ болып беттей бергенім сол еді, беткейден екі өкпесін қолына алып атты жігіт шауып келеді. Айдаладан естілген ащы даусы құлақты шулатып, ішкі пердесін жарып барады. Сондағы ентігіп келіп айтқаны: «жау шапты, елге жау келеді» деп айғай салып келе жатты. Қорыққан сол ауылдың адамдары тапырақтап,балаларын жинай бастағаны сол еді, төргі жақтағы үлкендеу, түндігі ашық тұрған,жанында,маңдайында қасқасы бар,қызыл қоңыр тұлпары байлаулы тұрған киіз үйден екі иығына екі ер отырғандай,жауырыны қақпақтай,жұдырығы тоқпақтай ер шықты да, қасқа тұлпарына мініп,шаба жөнелді.Қасқа тұлпары шапқан сайын жер дүрсілдеп, ел ккөшкендей белгісіз бір жағдай болып жатты. Жауға қарай беттеп барады деймін. Бір қолымда күнге шағылысқан күнге көрінбестей семсері мен бір қолында найзасы бар жалғыз өзі беттеп барады.Ішімнен «ойбай-ау,жалғыз өзі жауға шапқаны несі-ей» деп ойлап қоям. Бірақ,мен күлмегеніммен,жанымдағылар жайбарақат жүруде.Жауға шапқан жалғыз батыр, бір-ақ өзі құмырсқаша үймелеген жамыраған жауды бір-ақ өзі қырып салып,қанға малынған семсерін қынабына сала салып, кері шауып келеді.Құстар ән салғандай,шықылықтап,бұлт торлаған аспанды қайта шуақты күн торлап алды.Енді батыр күлімсіреп,маған қарай беттей бергені сол еді әжемнің «әй,жүгірмек,тапа тал түске дейін жатпақпысың,тұр» деген сөзі оятып жіберді.Тұра сала «шіркін-ай,қазіргінің батырлары осындай болса екен» дегенім болмайынша әжетайым «мынау алжиын деген бе ей» деп қояды-мыс.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно