Біздің заманның батырлары

Нағашбекова Айым
10 сынып
Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ

Батылды,ержүректі,

Қайратты, қайсар мінезді.

Батырды ел қолдайды,

Батырсыз Отан болмайды.

Батылдық,Отан сүйгіштік, мейірімділік-нағыз батырдың сапалары.Батыр болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. «Біздің заманның батырлары» ол Отанның даңқын арттыру үшін аянбай еңбек етіп, жеңіске ұмтылатын спортшылар, күн сайын бір отбасының өмірін, үйін сақтап қалуға тырысатын өрт сөндірушілер, балаларға білім беріп, оларды Отан сүйгіштік пен тәрбиеге баулыйтын мұғалімдер, ауруға шалдыққан адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күні-түні еңбек ететін дәрігерлер, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер –отанға қызмет борышымен ғана емес, жүрек қалауымен қызмет етуге әзір адамдар.

Соның ішінде батыр деп мүмкіндігі шектеулі болса да, рухы мықты Қазақстан Республикасының азаматшасына тоқтала кетсем.

Зульфия Габидуллина жүзгіш. 1965 жылы 22 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Алты жасында жол апатына түседі. Осы апаттан кейін Зульфия бір жыл ауруханада жатады. Жұлыннан басқа қол,аяқ және басы қатты жарақат алады. Көптеген оталардан кейін, қолын қозғалтып, отырып, балдақпен бірнеше қадам жүру, бәрі-бәрі өте қиын болады. Балалық және жастық шағын емдеу орталықтарында өткізуге тура келді, онда гимнастика, жаттығулар жасау керек болды. Бұл спорттық жаттығулар кейінірек оған спортпен айналысуға көмегін тигізді.

Зульфия спортпен 1990 жылдан бастап айналысып,2007 жылы кәсіби жүзумен айналыса бастайды. Ал 2008 жылы Зульфияны Қазақстан паралимпиада командасына алады. Рио-Де-Жанейрода өкен паралимпиада ойындарында Зульфия 50,100 метр еркін стильде, 50 метршалқалай, 50 метр брасс пен 150 метр кешенді жүзді.

Зульфия Габидуллина Қазақстан тарихында алтын жеңіп алған бірінші спортшы. Рио олимпиядасында ол еркін стильде 100 метр жүзу әлемдік рекордын озып шығып, ВВС өкілдері «Өз өмірінің тарихын жасаушы» - деген атақ берді. Зульфия Габидуллина: «Спорт – бұл өмір». Көлік апатына түскеннен кейін спортпен айналыса бастап өмірден өз орныны тауып, ақырындап бәрі жақсара бастағаны осы жаттығуларға байланысты деп ойлайды.

Біздің батырларымыз туралы айта берсең таусылмайтыны мәлім. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз,аға- әпкелеріміз.Біздің ендігі болашақ ұрпақтарымыз осы адамдарға ұқсауы керек.

Ең бастысы- өзі үшін емес, туған елі, жері үшін өмір сүруі тиіс деп білемін.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно