
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оқыту технологиясында өзгерістер болып жатыр.
Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалуда.Бүгінгі таңда мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың "менін” ашу, сол "менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Кәсіби білікті мұғалім болу — заман талабы.