Кәсіби қазақ тілі мен арнайы пәндердің пәнаралық бірігуі арқылы оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдану тәсілдері

Кәсіптік білімнің сапалы жаңару бағыттарының бірі – кәсіби міндеттерді жүйелі шешу үшін арнайы және тілдік пәндердің мүмкіндігін саналы түрде қолдана алатын мамандарды дайындау болып табылады. Осыған тек пәнаралық бірігу (интеграция) негізінде ғана жетуге болады. Пәнаралық бірігу білімді дүниетанымдық жалпылау негізінде жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі оқу пәндеріне бірыңғай көзқарасын қамтамасыз етуге міндеттеледі. Сондықтан кәсіби қазақ тілі оқытушысы тек «өз» пәнінің теориялық білімін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің түрлі кәсіптік сұрақтарын шешу бойынша кеңес берудің заманауи әдістерін де білуі тиіс.
Подробнее