Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оушылардың құзіреттіліктерін және функционалды сауаттылықтарын қалыптастырудағы мұғалімнің құзіреттілігі мен әрекетіндегі тәсілдері
Заман өзгеріп, қоғамдық орта мен кәсіби қызмет салалары өзгеше сипат ала бастағалы да біршама жылдар өтті.Әр кезең өзіндік өзгеріс, жаңалықтармен, талаптарымен келетіні- заңдылық. Жаңа қоғам әкелген жаңаша технология, әлемдік интеграция мен ғаламдық өзгерістер ғылымны барлық саласы мен адам санасына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Өскелең ұрпақ өмір сүрудің , білімнің сапалылығын, тәсілдің тиімдігін таңдауда. Бұл өзгерістер тіл үйрету саласында да өзіндік жақсы үлгісін, талапатарын қалыптастыруда.