Практикалық жұмыс (Paint графикалық редакторы тарауы бойынша)

Реклама
Расулметов Кабилжан Муминжанович
Учитель информатики
СШ №93 им.Абылай хана
Сабақ жоспары
Сыныбы: 7 Күні:__________
Пәні: Информатика
Тақырыбы: Практикалық жұмыс (Paint графикалық редакторы тарауы бойынша)
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жеке жұмыс
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға қарапайым графикалық редакторында жұмыс жасауды үйрету.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
В) Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта, слайдтар,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі :
а) Амандасу
б) оқушыларды түгендеу;

І.Уй тапсырмасын тест жүргізу .
Тест сұрақтары:

1. PAINT графикалық редакторы не үшін қажет?
a) Жазу үшін
b) Сурет салу үшін
c) Есеп шығару үшін

2. Редакторды іске қосу командалары...
a) Іске қосу, бағдарламалар, қолданбалар, PAINT
b) Іске қосу, қолданбалар, PAINT
c) Жұмыс столы, бағдарламалар, қолданбалар, PAINT

3. Терезе элементтерін ата?
a) Тақырып жолы, жұмыс алаңы, мәзір қатары, құралдар, бояу таяқшасы
b) Тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу таяқшасы
c) Тақырып жолы, жұмыс алаңы

4. Негізгі түс қалай таңдалады?
a) Тышқанның оң батырмасын басу арқылы
b) Тышқанның сол батырмасын басу арқылы
c) Ешқандай батырма баспай таңдауға болады

5. Сызық қалыңдығы қалай таңдалады?
a) Сызық қалыңдығы таңдалмайды
b) Қаріпті үлкейту керек
c) Сызық құралын таңдағанда төменгі жақта сызық түрлері шығады

6. Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға болама?
a) Болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады
b) Болмайды, сурет тек сол батырма көмегімен салынады
c) Болады

ІІ. Редактордың құралдарын сәйкестендір.
Белгіленуі:
Атқаратын қызметі:
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш.
Жазу,
Эллипс,
Кисть
Белгілеу құралы,
Өшіргіш
Қисық
Түс таңдау құралы
Құю
Тік төртбұрыш
Қарындаш
Сызық
Көпбұрыш
Ерікті аймақты белгілеу
Масштаб
Бүріккіш
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Практикалық жұмыс
Оқушылар компьютерге отырмас бұрын оқушылар есеп журналын толтырады.
1-тапсырма
«Тіктөртұрыш» және «Құю» арқылы балалардың пирамидасын сал!

Сергіту сәті!
Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
Тез арада көзді ашып – жұму;
Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.
Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.
ІІ -тапсырма: Paint құралдарының атауын және қызметін жаз!

Өшіргіш –түрлі түсті өшіргіш бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған.

Құю-бұл тұйық контурдың ішін немес фон түсімен бояйды.

Түс таңдау –бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсін өзгертеді.

Масштаб-бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш-бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Қылқашлам-ерікті сызықтарды салуға арналған.

Бүріккіш –пульверизатор эффектісін береді.

Жазу-бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады.

Сызық-түзу сызықтар салуға арналған

Қисық тегістелген қабатасқан сызықтар салуға арналған.

Тік төртбұрыш- тік төртбұрыштар салуға арналған.

Көп бұрыш- ерікт пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Эллипс- шеңбер және эллипс салуға арналған.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш- бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар?
1.Қарапайым графикалық редакторы не үшін қажет?
2.Суретті қалай сақтаймыз?
3. Қарапайым графикалық редакторында сурет салуға арналған қанша құрал-сайман бар?
4.Салған суретті баспаға шығару үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
5.Құю құралы не үшін қажет?
6. Paint графикалық редакторы терезесінің негізгі элементтерін айтып көріңіз?
Үйге тапсырма Paint графикалық редакторы конспект
Бағалаускачать dle 11.0фильмы бесплатно