Берет тоқу

Досанаманова Инара Алтаевна
преподаватель специальных дисциплин
Сарканский гуманитарный колледж
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға біркелкі тоқу технологиясы арқылы берет тоқу, сызба бойынша әдіс - тәсілдерін үйрете отырып, білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Сарамандық жұмыс жасау кезінде шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережесін сақтауға, құралдарымен жұмыс жасағанда икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Кәсіби шығармашылық бағытқа жетелей отырып, өз бетінше еңбектенуге, сарамандық жұмыс барысында бір – біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі-иллюстративті
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, ауызша (түсіндіру, шолу), көрнекілік (иллюстрациялау, көрсету), тәжірибелік (сарамандық), сызба бойынша оқу, дамыта оқыту технологиясының элементі.
Құрал – жабдықтар: екі біз, түрлі – түсті тоқыма жіптері, қайшы.
Сабақ көрнекілігі: сызба бойынша нұсқау карталар, эскиз, тоқылған берет
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, даярлығын тексеру.
II.Өткен сабақты қайталау:
1.Оқушыларменбірлесе отырып тоқылған сызба бойынша үлгілер сапасын талқылап, қатесіз жасалған және кемшіліктері болса көрсете отырып, білімін тексеріп бекіту:
2. Сызбаны ауызша оқу
3. Беретті өңдеу эскиздерін оқушыларға алдын ала берілген тапсырмаларын тексеру,бекіту.
III. Жаңа сабақ.
а) Жаңа сабақ алдында ой-сергіту жұмысын жүргізуде “Сөз жұмбақ ” шешу, сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығару.

Б И С Е Р
И Н Е
Е Р Е Ж Е
Е С Е П
М А Қ Т А
Т О Қ Ы М А
О Ю
Қ А Й Ш Ы
Т О Қ У

1. Ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік ?
2. Жіңішке жылтыр көзі бар темір зат ?
3. Жұмыстың техникалық қауіпсіздігі?
4. Бұйымды тоқымай тұрып не істеу керек?
5. Мата түрі?
6. Бізбен орындалатын жұмыс?
7. Ұлттық бұйым өрнегі?
8. Екі басты жалмауыз келіп аузын ашады, алдына түскен нәрселер, өзінен-өзі қашады ?
9. Иірілген жүннен не істеуге болады?
ә) Оқушыларға алдын ала берет туралы көріністер дайындап келу тапсырмасы бойынша слайдтар көрсету. Ондағы берет түрлерінің өңдеу жағы бойынша таныстыру.
б) Қауіпсіздік ережесін қайталау.
Сызбаларды білімгерлерге үлестіріп, практикалық жұмысқа теориялық бағыт-бағдар беруде сызбалармен жұмыс.
Берет 56 өлшеммен 100 г. жіппен орындалады. 5 және 2,5мм қалыңдықпен біздер керек. Орамалша тоқымамен тоқылады. Берет алты бөліктерден тұрады ,бөліктерді біркелкі тоқу. Бізге 7 ілмек шалу теріп тоқу керек .
1-қатар: * бос шалу ,1-оң ілмек шалу *, қатардың аяғында 13 ілмек шалу болу керек;
2-қатар: барлық жұп санды қатарды оң ілмекпен тоқу керек, бос шалуды айқастырып тоқимыз;
3-қатар: қатарды бірінші қатардағыдай тоқимыз, қатардың соңында бізде 25 ілмек шалу болу керек.
Түрлі-түсті жіппен әрбір 4-ші ілмекті белгілеу керек, ол бөліктердің ортасы болып тұрады. Бөліктерді қеңінен жалғастырып тоқып, белгіленген ілмектерден екі жанынан бос шалу тоқимыз:1қатар сайын 3 рет және 3 қатар сайын 6 рет тоқимыз. Түбі жалпақ болуын қадағалау керек . Екі бізде 126 ілмек шалу болу керек , енді 6 қатар тоқып шығамыз. Бөлшектердің басында және аяғында бір-бір ілмектен қысқартамыз. Осылай 3-қатар сайын тоқимыз. Екі бізде 78-ілмек шалу қалғанда, резинканы тоқимыз. Беретті айналдырып тігеміз. Соңында беретті әдемілеп, әшекейлеп өңдейміз.
IV. Сабақтың практикалық бөлімі:
Сабақтың тәжірибелік кезеңін бастамас бұрын оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруда қазақ халқының өнер, еңбек туралы мақал-мәтелдерін еске түсіру.
Бізбен және қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
1. Бізбен тоқудағы қауіпсіздік ережесі.
1. Бізді абайлап ұста, кез-келген жерге тастама!
2. Тот басқан бізбен тоқыма!
3. Жүн жіпті тіспен үзбе.
2. Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
3.Жолдасың қайшымен жұмыс жасап жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
4.Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау картаны, дайын тоқылған беретті қолдана отырып, тоқу технологиясының негізгі кезеңдері бойынша, шалу әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып берет тоқу. Оқушылардың жұмысын қадағалау. Түсінбеген оқушыға қосымша нұсқау беру. Оқушының жіберген қатесі болса өз бетінше жөндеуге бағыт – бағдар беру.
V. Сабақты бекіту.
1) Тоқуға арналған біз қандай болуы керек?
2) Қандай шалу түрлерін білесің?
3)Берет тоқу технологиясының негізгі кезеңдерін ата.
4) Тоқылған бұйымның сапасы неге байланысты?
VI. Қорытындылау, бағалау.
Оқушылармен бірлесе отырып тоқыған береттердің жұмыс сапасын талқылап, кемшіліктерін, жетістіктерін көрсете отырып, бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
1. Тоқыған беретердің көрмеге қоюға дайындау
2. Қауіпсіздік ережесін, өткен тақырыптарды қайталап есте сақтау.
3. Екі бізбен берет тоқуға қажетті құрал – жабдықтарын әкелу.
VІІІ. Шеберхананы жинаускачать dle 11.0фильмы бесплатно