Демалыс кештері

Реклама
Оразаева Кенжегуль Касымовна
преподаватель специальных дисциплин
Сарканский гуманитарный колледж
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға түрлі технологиялар мен көрнекіліктерді қолдана отырып, демалыс кештері туралы білім беру, тәжірибелік жұмыс арқылы жаңа тақырыпты меңгерту;
дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды түрлі тапсырмаларды орындатқызу арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту түрі: теориялық
Оқыту әдісі: ауызша (әңгіме, түсіндіру), В.Ф.Шаталовтың тірек-сызбалары, ойын технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Көпшілік ойындары, қазақ биі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: компьютер, электронды тақта, слайд. түрлі-түсті қағаздар, шарлар.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығы мен қатысуын тексеру.

2. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін өзектілеу:
- Би дегеніміз не, оның маңызы қандай?
- Бидің қандай түрлерін білесіздер?
- Би фестивалі, би кештері дегеніміз не?
- Би кештері қалай ұйымдастырылады?
- Би флешмобы дегеніміз не?

3. Жаңа тақырып: Демалыс кештері.
Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау: Демалыс кештері мен оның маңызын ашу, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, іс-шараны жүргізу мен безендіру жұмысын үйрену.
Демалыс кештері - мәдениет ошақтарындағы сенбі-жексенбі күндері өткізілетін, көпшілікке кеңінен танымал болып кеткен мәдени іс-шаралардың бірі, демалысты ұйымдастырудың кешенді түрі.
Демалыс кештерінің құрылымдық элементтері:
• би,
• ойын блоктары,
• киім үлгілерін демонстрациялау,
• белгілі адамдармен кездесу,
• эстрадалық өнер жанры, т.б.
Әр түрлі категориядағы тұрғындар үшін ұйымдастырылатын демалыс кештерінің түрлері.

Демалыс кештері әртүрлі болғанымен олардың мақсаты мен міндеті біреу ғана –мәдениет үйіне келушілердің жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып іс-шара ұйымдастыру.
Тәжірибелік жұмыс. Ауыл тұрғындарына(жастарға) арналған «Ауыл кеші көңілді» - демалыс кешін ұйымдастыру.
Кештің безендірілуі: шарлар, гүлдер, слайд.
Кешті ұйымдастыру сәті: жүргізуші мен қатысушыларды таңдау.
Кештің өту барысы:
А) Викториналық сұрақтар:
1. Қазақ халқының ат үстінде ойналатын ұлттық ойындары (аударыспақ, көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу)
1. Қазақ халқының баламен байланысты салт-дәстүрлері (бесікке салу, тұсау кесу, тілашар,атқа отырғызу )
2. Қазақтың ұлттық билері (қиіз басу, қамажай, қара жорға)
3. Қазақтың халық әндері (Бүлдірген, Бір бала, Маусымжан, Айқаракөз)
4. Қазақ халқының қыз балаға арналған әшекей бұйымдары (шолпы, сырға, білезік, сақина)
5. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары (домбыра, қобыз, шаң қобыз, жетіген, шертер, үскірік, тастауық, дауылпаз)
6. Қазақ халқының ою-өрнектері («аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «қошқармүйіз», «өркеш», «шыныгүл», «бөрікөз»)
7. Қазақтың төрт тойы (Наурыз, Қымықмұрындық, Мизам, Соғым басы)
Ә) Би-жұмбақ ойынының шарты: Берілген музыка қандай бидің немесе халықтың музыкасы анықтау, би қимылдарын көрсету.
Билер: 1.Орыс халқының биі «Барыня»,2. Ламбада, 3.Цыған халқының биі «Цыганочка»
Б) Ән-жұмбақ ойын шарты: Берілген әннің өлең жолдарын дыбыссыз қимылмен көрсету.
Жасырылған өлең жолдары:
1. Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттың терін.
2. Куә бол жұлдыз, куә бол айым, куә бол Алатауым.
3. Талдан таяқ жас бала – ай, таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
4. Дастархан ау дастархан, мерекелі дастархан, берекелі дастархан ей.
В) Берілген суреттегі мақалды табу. (экраннан суреттер беріледі, қатысушылар суретке қарап мақалды табулары керек)
1. «Нан болса ән болады»
2. «Алма ағашынан алыс түспейді»
3. «Көш жүре түзеледі»
4. «Екі қошқардың басы бір қазанға симайды»
5. «Қарты бар елдің салты бар»
6. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»

4. Сабақты бекіту:
Демалыс кештері дегеніміз не?
Демалыс кештерінің құрылымына не жатады?
Демалыс кештерінің қандай түрлері болады?

5. Оқушылардың білімдерін бағалау.

6. Үй тапсырмасы: Кеш жоспарын дайындау.скачать dle 11.0фильмы бесплатно