«Білімді озады, білімсіз тозады» (сыныптан тыс сайыс сабағы)

Рысбаева Гульнар Бисултановна
Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин
Сарканский гуманитарный колледж
Сабақтың мақсаты: музыкалық-теориялық цикл пәні бойынша өтілген тақырыптарды тиянақтау.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың жоспары:
1. командаларды таныстыру
2. жюри мүшелерін таныстыру.
3. сайыс түрлері.
4. жюри қортындысын тыңдау.
5.оқушыларды құттықтау, қоштасу.
Сабақтың өтілу барысы:
1. командаларды таныстыру:
1.
2.
2. жюри мүшелерін таныстыру:
1.колледж әдіскері: Жумагельдинова З.А
2.арнайы пән оқытушысы: Оразаева К.Қ
3. арнайы пән оқытушысы: Канабекова Д.Қ
4. арнайы пән оқытушысы: Қасымбекова К.А
3. сайыс түрлері:
1. капитандар сайысы:
1. екі команданың капитандары әр біреуі 10 сұраққа жауап береді.(5мин)
2. команда сайысы:
1.дыбыстардан диатоникалық, хроматикалық интервалдарды құру.(5мин)
2. тренинг - көре, есте сақтау қаблетін дамыту (интерактивтік тақтада музыкалық сөздіктер жазылған) (1мин)
3. квинта шеңбері бойынша мажор, минор гаммаларын құру.( нақты, гармоникалық, мелодикалық) –әр түрлі өлшемде және ұзақтықта (5мин)
4. үй тапсырмасы: командалар бір-біріне музыка пәні бойынша 5 әр түрлі сұрақтар қояды. (5мин)
5. тренинг - көре, есте сақтау қаблетін дамыту (интерактивтік тақтада 2/4 өлшемінде музыкалық диктантжазылған (3мин)
6. сұрақтарға жауап беру. (әр командаға 20 сұрақ)- (5мин)
7. интерактивтік тақтадағы көріністерді көре екпіндерді анықтау (итальян, қазақша тілінде), сипаттама беру (5мин)
4. жюри қортындысын тыңдау.
5. оқушыларды құттықтау, қоштасу.

Екпіндер:
Өте жай екпіндер.
Largo ---- Кең созыңқы
Lento ---- Бәсең, жәй
Adagio---- Баяу
Grave---- Салмақты

Орташа екпіндер.
Andante---- Асықпай
Moderato---- Орташа
Sostenuto ---- Ұстамды
Allegretto---- Онша тез емес

Тез екпіндер.
Allegro ---- Шапшаң
Vivo ---- Тез
Vivace---- Тез, жылдам
Presto---- Өте жылдам

Сұрақтар мен жауабы.(капитандар сайысы)
1. модуляция дегеніміз не? (басқа тональге көшу, сол тональде шығарманы аяқтау)
2. транспозиция дегеніміз не? ( шығарманы бір тональден екінші тональге ауыстыру)
3. пентатоника дегеніміз не? (5 сатыдан құрылған лад,аралығы ү2,к3 интервалынан құрылған)
4. халық музыкасының ладттарын ата? (миксолидиялық, лидийялық, дорийялық, фригийялық)
5. минор түрлері? ( нақты, гармоникалық, мелодикалық).
6. «ми» дыбысынан ү7 интервалын құр? (ми-ре диез)
7. консонациялық интервалдарды ата? (ү3, к3, ү6, к6, т4, т5)
8. мажор тоналінде мінезді интервалдар қай сатыда орналасады?
(6с-ұл2; 7с-кр7; 6с-ұл5; 3с-кр4)
9. бес сатыдан құрылған интервал? ( винта)
10. скрипка кілті қай сызықтан басталады? (екінші)

Сұрақтар мен жауабы.(капитандар сайысы)
1. жетінші сатысы төмендетілген мажор ладын қалай атайды? (миксолидиялық)
2. диатоникалық жартытонның хроматикалықтан айырмашылығы?(негізгі сатымен оның жоғарлатқан дыбыс арасында)
3. альтерация белгілері дегеніміз не?(негізгі сатыларды жоғарлату, төмендету)
4. өлшем дегеніміз не? (күшті, әлсіз үлестердің парапар қозғалысы)
5. екпін дегеніміз не? (әуендегі жылдамдық қозғалысы)
6. интервалдың сандық өлшемі дегеніміз не? (интервалдардың саты саны)
7. дыбыстың өзінің негізгі жоғарлығын сақтайтын белгі? (диез)
8. екпіннің қатты үлесінен әлсіз үлесіне ауысыуы? (ырғақ)
9. музыкалық шығарманың орындалу процесіндегі шапшаңдығы? (екпін)
10. ладтың бірінші сатысын ата? ( тоника)

Сұрақтар мен жауабы.
1. төрт басқышыты қамтитын арасында үш тоны бар интервал? (ұл.4)
2. екі дыбыс арақашықтығы? (интервал)
3. ладттың үшінші сатысы? (медианта)
4. тональ дегеніміз? (ладттың орналасқан биіктігі)
5. тоқтау, уақытша кідіріс алу? (кідіріс)
6. құрама интервалдарды ата? (децима, ундецима,терцдецима, квартдецима, квинтдецима)
7. үлкен септима интервалының тон саны?(5,5т)
8. екпіндетілген дыбыс қатары? ( қатарлас он екі жартытон бөлшегі)
9. интервалдардың айналым кестесін ата? (1-8,2-7,3-6,4-5)
10. альтерация белгілері дегеніміз не? (дыбыс биіктігінің өзгеруі)
11. екпін дегеніміз не?(әуендегі жылдамдық қозғалысы)
12. интервалдың сапасы? (тон саны)
13. энгармоникалық тең интервалдар дегеніміз не? (бір ұзақтықта орналасқан интервалдар)
14. лад дегеніміз не? ( сатылардың бір-бірімен байланысы)
15. ладтың 2, 3, 5 сатыларын ата? (төменгі кіріспе дыбыс, медианта, доминанта)
16. мажор ладының тұрақты дыбыстары? (1,3,5)
17. аттас тональдер? (атаулары бір, белгілері әр түрлі мажор, минор тональдері)
18. диатоникалық интервалдар? (үлкен, кіші таза)
19. қатарлас тональдер дегеніміз не? (атаулары әр түрлі , белгілері мажор, минор тональдері)
20. тон дегеніміз? (екі жарты тон аралығы)
21. си бемольдің әріппен жазылуы? (В)
22. энгармонизмді дыбыстар дегеніміз не? (бір ұзақтықта орналасқан дыбыстар)
23. октава дегеніміз? (8дыбыс аралығы)
24. диез белгісі? (жоғарлату белгісі)
25. си дубль бемольға тең дыбыс? (ля)
26. қарапайым интервалдар дегеніміз? (октава көлемінде орналасқан интервалдар)
27. хроматикалық интервалдарды ата? (ұлғайтылған, кішірейтілген)
28. интервалдың саны? (8)
29. ладтың алтыншы сатысы? (субмедианта)
30. мажор ладының тон саны? (1,1,1/2,1,1,1,1/2)
31. мелизмдер дегеніміз не?(әуеннің негізгі дыбыстарын көркемдейтін фигураларды атайды)
32. гармоникалық мажор? (6 саты төмендетілген)
33. күрделі өлшемдер? (4/4,4/8,6/4,6/8,9/8,12/8-
34. мінезді интервалдар түрлері? (ұл.2, кр7, кр4, ұл5)
35. ауытқу дегеніміз не? (шығарманың ішінде басқа тональге көшу, соңында бастапқы тональмен аяқтау)
36. алты тоннан құралған интервал? (октава)
37. кіріспе дыбыстар?(төменгі, жоғарғы-2,7саты)
38. халық музыкасындағы ладттар?(миксолидия,фригия,дория,лидия)
39. латын әріпінде 7 дыбысты ата? (C,D,E,F,G,A,H)
40. dur, moll, is, es (мажор, минор, диез, бемоль)

Музыкалық сөздіктер (көре, есте сақтау қаблетін дамыту)
1. Гамма
2. Аккорд
3. Арақашықтық
4. Өлшем
5. Ұзақтық
6. Септима
7. Субдоминанта
8. Үшдыбыстық
9. Диез
10. Модуляция
11. Медианта
12. Дубль бемольскачать dle 11.0фильмы бесплатно