Себетті өңдеу. Себеттің тұтқасын әшекейлеу. Материалдарды көркемдеп өңдеу шеберлігі пәні

Смагулова Жанар Султанбековна
преподаватель специальных дисциплин ДПИ
Сарканский гуманитарный колледж
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тоқыма тоқудағы білімін жетілдіру, тоқу технологиясына сай себеттің тұтқасын өндеу, шалу әдіс- тәсілдерін үйрете отырып білім, білік дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Сарамандық жұмыс жасау кезінде шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережесін сақтауға, құралдармен жұмыс жасағанда икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Кәсіби шығармашылық бағытқа жетелей отырып, өз бетінше еңбектенуге, сарамандық жұмыс барысында бір – біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі-иллюстративті
Сабақ әдісі: Сұрақ–жауап, ауызша (түсіндіру, шолу), көрнекілік (иллюстрациялау, көрсету), тәжірибелік (сарамандық), В.Ф.Шаталовтың тірек, сызбалары, Ш.А.Амонашвиллидің білімді ізгілендіру технологиялары.
Құрал – жабдықтар: Ілмек біз, түрлі – түсті тоқыма жіптері, қайшы.
Сабақ көрнекілігі: Буклет, нұсқау – карталар, сурет, слайд, тоқылған себет.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика, әдебиет .

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, даярлығын тексеру.

II.Өткен сабақты қайталау:
Оқушыларменбірлесе отырып себеттің жұмыс сапасын талқылап, жұмысының сапасы мен кемшіліктерін көрсете отырып,тест, сұрақ- жауап арқылы оқушылардың білімін тексеріп бекіту.
Тест сұрақтары
1.Себеттің түбін қандай шалумен тоқыдық?
А) 0-үлпілдек шалу
Ә) І-жай шалу
Б) -қысқашалу
В) + бос жіп қосылған шалу
2.Себетті тоқуда қандай жіптер қолдандық ?
А) тоқуға арналған жіптер
Ә) ирис
Б) мулине
В) кестеге арналған жіптер
3. Бұйым тоқу кезінде жарықтың қай жағынан түскен дұрыс?
А) жоғарыдан
Ә) жанынан
Б) шетінен
В) үстінен
4. Ілмектер неден жасалады?
А) металлдан
Ә) сүйектен
Б) ағаштан
В ) пластмассадан
5. Тоқыма тоқу үшін қандай жіптер қолданады?
А) жүннен
Ә) мақтадан
Б) синтетикадан
В )синтетикадан аралас иірілген жіпті
6. Бұйымды тоқыған кезде көз бен қолдың арасы неше см болу керек.
А) 15-20
Ә) 25-30
Б) 35-40
В) 45-50
7.Қандай бұйымды крахмалдайды?
А) бұйымды
Ә) бас киімді
Б) шәркейді
В) салфетка
2. Сызбаны ауызша оқу.

3. Себетті өңдеу эскиздерін оқушыларға алдын – ала берілген тапсырмаларын тексеру, бекіту.

III. Жаңа сабақ.
а) Жаңа сабақ алдында ой-сергіту жұмысын жүргізуде “Сөз жұмбақ ” шешу, сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығару.

1. Қазақтың қолданбалы өнерінде кеңінен тараған және ең сәндік қолөнерінің бір түрі?
2.Тігетін құрал?
3. Тоқымада тұтынатын темір құрал?
4. Іліп тоқуға арналған біздің бір түрі?
5. Бірнеше үлпілдек шалудан жасалған шалу?
6.Ілмек бізбен орындау әдісі?
7. Иірілген жүннен не жасалады?
8. Ою деген сөздің жалғасы
9. ....... түбі береке
10. Бұйымды тоқу барысында кандай шалу аламыз?
11. Жұмыстың техникалық қауіпсіздігі?
12.Тоқыма тоқудағы қолданылатын әдіс?
ә) Оқушыларға алдын ала себет туралы көріністер дайындап келу тапсырмасы бойынша слайд көрсету. Ондағы себет түрлерін өңдеу бойынша таныстыру.

IV. Сабақтың практикалық бөлімі.
Сабақтың тәжірибелік кезеңін бастамас бұрын оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруда қазақ халқының өнер, еңбек туралы мақал-мәтелдерін еске түсіру:
Бізбен және қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
1. Бізбен тоқудағы қауіпсіздік ережесі.
1. Бізді абайлап ұста, кез-келген жерге тастама!
2. Тот басқан бізбен тоқыма!
3. Жүн жіпті тіспен үзбе.
2. Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
3.Жолдасың қайшымен жұмыс жасап жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
4.Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Оқушылармен бірлесе себет тоқу технологиясы кезеңдерін сызба арқылы еске түсіріп, практикалық кезеңге көшу.

Ой сергіту сәті:
Гүл өсірсен терлеп, Сабағынды жөндеп ,
Мұнын аты еңбекӘзірлесен еңбек
Кесте тіксен зерлеп Қиындықтын бәрін
Мұнын аты еңбек Еңбек қана жеңбек.
(Өлең жолдарын бейнекөрініспен байланыстыра көрсету).

Олай болса, әрбір оқушының дайындаған эскиздері бойынша алдын ала әшекейлеу жұмыстарын дайындап келген, сол жұмыстьарын бірі біріміздікін талдау, ол төмендегі үш бағыт бойынша жүргізіледі:
- себет тұтқасын әшекейлеудегі фантазиясы;
- түстер үйлесімдері;
- әдемі, эстетикалық талғамға сай орындалуы.
Талдау жұмыстарын аяқтап, практикалық іс-әрекетке көшу: әшекейлеу жұмыстарын себет тұтқасына тігу, әсемдеу. Жұмыс барысында бақылай отырып, дұрыс, ұқыпты, тиянақты орындауларын қадағалау, бағыт-бағдар беру.

V. Сабақты бекіту.

VI. Қорытындылау, бағалау.
Оқушылар білімін сараптау, бағалау.

VII. Үйге тапсырма.
Тоқыған себеттердің көрмеге қоюға дайындау, қауіпсіздік ережесін, өткен тақырыптарды қайталап есте сақтау, себеттің жиектерін, қабырғаларын әшекейлеу эскиздерін дайындау.
Шеберхананы жинау.скачать dle 11.0фильмы бесплатно