Көлеңкенің түспен жеткізілуі

Коскулаков Ералхан Аюбаевич
преподаватель
Гуманитарно- педагогический колледж
Оқыту әдісі: шығармашылыққа дамыта өтүсіндіру, практикалық бекіту,
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнерінің тарихы, перспектива, композиция, сурет
Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: «Көлеңкенің жоспарлығын жеткізілуі» тақырыбы туралы түсініктеме беру.
2. Тәрбиелік: сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға жауапгершілікпен қарап, берілген тасырмаларды уақтында орындауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: жаңа сабақты бекіту мақсатында тақырыпқа сай практикалық жұмыс орындау, тәжірибеде жұмыстар орындалу әдіс – тәсілдрін көрсету .
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, салынған суреттер үлгілері
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Топ студенттерін сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
Студенттердін сабаққа дайындығын тексеру, құрал жабдықтарын түгелдеу.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тест сұрақтарын тарату.
Студенттер өзін өзі бағалау.
Практикалық тапсырмаларды (сурет) тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру. Материалды түсіндіру жоспары.
Түсіндіру әдісі:
Жаңа тақырып бойынша теориялық мәлімет беру.
Лекция жазу.
Тақырып бойынша 1 – ші бейнетаспаны көру.
Тақырып бойынша 1 – ші бейнетаспаны көру.
Тақтада сурет салу әдіс – тәсілдерін көрсету, түсіндіру.
Тест сұрақтары
1.Бейнелеу өнерінде перспектива заңдылығы не ні көрсету үшін қолданылады?
А) көңіл - күйді
Б) кеңістікті
В) мезгілді
2. Суық түстерді көрсет:
А) сары, қоңыр
Б) көк, күлгін
В) қызыл, қызғылт сары
3.Нәрсенің пропорциясы дегеніміз не?
А) нәрсе бөліктерін өлшемдік қатынасы
Б) нәрсенің түстік шешімі
В) нәрсенің көлемі
4. Жылы түстерді көрсет:
А) күлгін, жасыл
Б) ақ, сұр
В) қоңыр, қызыл
5. Нәрсе бейнесіне жарық көлеңке не үшін түсіріледі?
А) пропорциясын көрсету үшін
Б) көлемін көрсету үшін
В) композициялық шешімін көрсету үшін
6. Ахроматикалық түстерді көрсет:
А) қызыл, сары, көк
Б) жасыл, күлгін, қоңыр
В) ақ,сұр,қара
7. Заттың көлеңке бөлігіндегі әлсіз жарық қалай аталады?
А) жылт (блик)
Б) жартылай көлеңке
В) шағылыс (рефлекс)
8. Түрлі – түсті бояулармен орындалған көркем шығарма:
А) графика
Б) кескіндеме
В) дизайн
9. Қандай түстердің қоспасынан жасыл түс шығады?
А) қызыл+сары
Б) сары+көк
В) көк+қызыл
10. Соғыс тақырыбында бейнеленген көркем шығарма:
А) анималисттік жанр
Б) маринисттік жанр
В) батальдік жанр
11. Жануарлар бейнеленген көркем шығарма:
А) тұрмыстық жанр
Б) анималистік жанр
В) пейзаждық жанр
12. Негізгі түстерді көрсет:
А) көк, сары, қызыл, жасыл
Б) сары, қызыл, жасыл
В) көк, сары, қоңыр
13. Үйдің ішкі көрінісін бейнелейтін жанр:
А) тұрмыстық жанр
Б) интерьер жанр
В) батальдік жанр
14. Қандай түстердің қоспасынан күлгін түс шығады?
А) қызыл + көк
Б) жасыл + көк
В) ақ + қара
Дұрыс жауаптар
1. Б
2. Б
3. А
4. В
5. Б
6. В
7. В
8. Б
9. Б
10. В
11. Б
12. А
13. Б
14. В
«14» сұраққа дұрыс жауап берілсе – «5» баға
«14» сұрақтан төмен болса - «4» баға
«10» сұрақтан төмен болса – «3» баға
Термин сөздер
Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету ушін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады. Жылт ала көлеңке.
Жарық – затқа күн сәулесі немесі электр сәулесі тусіп тұрған жарық жері.
Көлеңке – белгілі заттың сәуле түспеген қарсы беті.
Рефлекс – нәрселердегі бояу түстерінің шағылысуы негізінде пайда болған реңдік қатынас.
Контраст – түстердің қарама – қайшылығы, ақ – қара, кызыл – көк.
Жылт - зат бетіндегі ең жарық дақ.
Суретті нақнүсқадан салуды үйренудің үш негізгі кезеңі бар:
1 кезең. Бейненің кағаздағы композициялық орналасуына және оның пішінінің жалпы өзгешелігіне дүрыс анықтама беру;
2 кезең. Пішіннің өзгешеліктерін дәлдеп белгілеу және жарық-көлеңкесін көрсету;
3 кезең. Орындалған жүмыстың қорытындысын жинақтау.
Осы кезеңдерді орын-орнына келтіріп қарайық.Бірінші кезеңде сурет салуға кірісу үшін сурет салушы алдымен нақнүсқаны ықыласпен көңіл бөліп қарап шығады. Қойылған заттарды байқап, композициялық орталығы қай жерде, заттарды жазықтыққа қалай дүрыс орналастыруын аныңтайды. Сурет заттардың бейнесін қағаз бетіне композициялық орналасуынан, яғни, бейнені үйлестіруінен басталады. Бейнеленетін заттар қағаздың өлшеміне сөйкес болу керек. Жүмыс «жалпыдан жекеге» әдісімен жүргізіледі. Негізгі пропорциялар анықталып, нақнүсңаның жалпы түрі белгіленеді. Бүл жердегі басты мәселе негізгі затты екінші, үшінші пландағы затардан айыра білуді үйрену. Егер суреттің үйлесуі басында дүрыс болмаса, сурет салушы жүмысты әрмен қарай жалғастыруға ынтасы болмай қалады.
Ол жүмысты жөндеуге кірісіп, өшіргішті қолданып, сызықтарды өшіре бастайды, ақырында.ңағаз жарамсыз күйге үшырайды. Бүл жағдайда суреттің үйлестіруін басқа қағазда іздеу салып, болмаса «бейне іздеу» әдісін қолдану қажет. Осы кезеңдегі ете маңызды мәселе - нақнүсқаны бүтіндей түтас көру өдісін қалыптастыру. Екінші кезеңде пішіннің өзгешеліктерін анықтау басталады. Үлкен пішіндердің пропорцияларын анықтап, үсақ пішіндерді талдауға кіріседі. Пропорцияларды дүрыс табу суреттің бастапқы шарты, себебі, осындай бөлшектердің өзара байланыстары жөне композициялық аяқталуы тәуелді болады. Одан әрі натураның белшектеу өзгешеліктері басталады: заттың көлемінің қүрылуы, зат беттерінің перспективалық қысқару ережелерінің сақталуы, заттың материалдылығын көрсету, фактураны айқындау. Суреттің өңдік қарым-қатынастары үқыпты түрде орындалады. Суреттегі өң штрихтар арқылы көрсетіледі.
Жарық, көлеңке зандылықтары
Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету ушін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады. Жылт ала көлеңке. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін тусіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнеленетін объектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама -қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселерге жарықтың тікелей тусіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады. Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады. Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл - заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері.
Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай-ақ олардың қырларында көбірек байқалады. Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай-ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор. Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс. Бейнелеуші объектінің түс қатынастары суреттегі өңдердің қатынастары арқылы берілуі керек. Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі (мысалы гипстегі) көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн.
Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек. Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де үмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс. Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің қуралы болып табылады. 3аттың сыртқы бетінің түсі оның өңі деп аталады.
Пропорциялар мен негізгі пішіндерді анықтағанда түсіп тұрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардың негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың пішінін мүлдем бузып, оның көзге түсіп турған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді. Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек. Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. 3аттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп турған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді. Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп турған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері булдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салыньш отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн. Сөйтіп біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Муның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дурыс пайдалана білу керек. Суретін салып отырған затымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бурын заттың жоғарыда атап өтілген анықтамасы бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек.
Көлеңкенің түспен жеткізілуі

ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Практикалық тапсырма орындау. Тақырыпқа сай қойылған компоновка суретін салу. Акварельмен жаттығулар орындау. Жұмысты акварель бояумен бояуды бастау.
Теориялық білімдерін сұрақ - жауап арқылы жаңа материалды бекіту, тест сұрақтары бойынша үйде орындалған практикалық тапсырмалар бойынша студенттерді бағалау.
V. Үй тапсырмасы:
Лекция жаттау, 1 интерьер ішіндегі натюрморт суретін салу. Техникалық жаттығулар орындау.
Скачать презентацию: Slayd.zip [118.77 Kb] (cкачиваний: 12) скачать dle 11.0фильмы бесплатно