Дүние жүзілік көлік географиясы

Аймбетова Лаззат Музафаровна
Преподаватель истории и географии
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»
Сабақтың түрі: Экскурсия сабақ
Уақыты: 90 минут
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көлік және байланыс географиясы туралы білім беру; көлік түрлері, олардың дүниежүзілік экономикалық байланыстағы рөлі, жолаушы және жүк айналымы, негізгі көрсеткіштері, даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру; Көліктің материалдық өндіріс салаларына жатқызылу себептерін түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттер халықаралық экономикалық байланыстағы орнын анықтау, көлік түрлерінің елдер бойынша орналасу және даму көрсеткіштерін сипаттау, « Жолаушы және жүк айналымдарын » талдау.
Тәрбиелік: Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзит автомобиль жолының құрылысында Қазақстанға тигізетін әсері туралы пікір алысу.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Модульдік оқыту технологиясынан – экскурссия сабағы
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
«Заман тынысы»- аптадағы саяси жаңалықтармен танысу;
Тесттілеу арқылы «Ауыл шаруашылық және балық шаруашылығы» бойынша үй жұмысын бағалау
« Миға шабуыл»-жаңа сабақты түсіндіру кезінде сұрақтар қою арқылы;
Картамен жұмыс бойынша - Дүниежүзінің саяси картасында «Ауыл шаруашылық және балық шаруашылығы» дамыған елдерді тауып көрсету және «Көлік географиясы» тақырыбы бойынша кескін картадағы тапсырмаларды орындауын тексеру.
«Сызбанұсқамен жұмыс»- «Көлік жүйесі», «Құрлық көлік құрамы» тақырыбы бойынша «Тауыс құсы » әдісін пайдаланып тақырыпты пысықтау.
Аралас және ауызша сұрау.
Өзін-өзі бағалау диагностикасы негізінде орташа түсінгендік баллын анықтау.
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14 тақырып. 15-17 беттерді орындау арқылы сабақты қорытындылау
Пәнішілік байланыс:
«Көлік және байланыс» - Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы.
Пәндер аралық байланыс(қамтитын, қамтылатын пәндер):
Экономика, дүние тарихы, қоғамтану, саясаттану, көлік және байланыс.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
«Дүние жүзінің көлік жүйесі» картасы;
«Дүниежүзілік көлік жүйесінің ұзындығы»,
«Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы»,
«Кеме жүзетін ірі каналдар»,
«Елдің телефонмен қамтамасыз етілуі» атты оқулықтағы кестелер.
Дүниежүзі бойынша жалпы жүк тасымалындағы басты көрсеткіштер сұлба картасы (2000 ж.),
Дүнижүзінің жеке аймақтары бойынша мұнай тасымалдау сұлба картасы (2000 ж.)
Дүние жүзінің саяси картасы мен 10 сынып география пәні атласы.
Үлестірме материалдар:
Тестер және үлестірмелі тарқатпалар.
Техникалық оқу құралдары:
Интерактивті тақта, электронды оқулық География 10 сынып. Проектор, компьютер, экран, слайдтар, дискілер.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі: География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 ж.
Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім Жалпы шолу. Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова – Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14тақырып. 15-17 беттер
Қосымша: География 10, қоғамдық- гуманитарлық бағыты, Алматы «Мектеп» 2006 ж
В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы. Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.
Сабақтың жоспары мен хронокартасы.
1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут
2. Оқытушының кіріспе сөзі - 5 минут
3. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру - 25 минут
4. Оқушылардың білімін бағалау - 5 минут
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 30 минут
6. Сабақты қорытындылау - 15 минут
7. Үйге тапсырма беру - 5 минут
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Сәлемдесу, студенттердің және аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, түгелдеу және көңіл-күйі, ден-саулығымен қызығу және «Заман тынысы» апталық саяси жаңалықтармен танысу.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
1. Дүниежүзiндегi көліктің даму сипаты
2. Дүниежүзі елдерiнің қазiргi көлік жүйесi
3. Теңiз және өзен көлігі
4. Темiржол көлігі
5. Автомобиль көлігі
Көлік материалдық өндірістің үшінші жетекші саласы. Құрлық көлігінің үш басты түрі бар. Су көлігінің ерекше қызметі бар. Әуе көлігі көліктің ең жас және серпінді түрі. Көлік айналадағы ортаға ықпалы да өсіп келеді.
3. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау (25 мин):
Үйге берілген тапсырманы «Ауыл және балық шаруашылық географиясы» бөлімі бойынша: Студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғату, «экскурссия сабағы», интерактивті модульдік технологиялар арқылы төмендегі тест сұрақтарымен қорытындылау:
Тест сұрақтары эталоны: 1-В, 2-А, 3-С, 4-С, 5-В, 6-Д, 7-А, 8-В, 9-А, 10-В.
1.Зығыр өндіруден алдыңғы орынға шыққан ел.
А) Батыс Еуропа
В) Қытай
С) Корея
Д) Үндістан
Е) Индонезия
2. Шарап, ірімшік, сыра дайындаудан дүние жүзінде 1 орын алатын аймақ.
А) Батыс Еуропа
В) Шетелдік Азия
С) Шығыс Еуропа
Д) Солтүстік Америка
Е) Италия, Греция
3. Қантты экспорттауда алдыңғы орындағы елдерді көрсетіңіз.
А) Ресей, Украина, Беларусь
В) АҚШ, Мексика, Канада
С) Бразилия, Куба, Үндістан
Д) Аргентина, Венесуэла
Е) Қазақстан, Украина, Ресей
4. балық өнімдерін сыртқа шығарудан алдыңғы орында
А) Ресей, Норвегия
В) Жапония, Корея
С) Чили, Перу
Д) Канада, Мексика
Е) АҚш, Канада
5. Негізгі кофе экспорттаушы елдер
А) Эфиопия, Алжир
В) Бразилия, Колумбия
С) Ява аралы, Кения
Д) Шри-ланка, Ливия
Е) Египет, Ұлыбритания
6. Негізгі шай өндіруші ел.
А) Грузия
В) Шри-Ланка
С) Кения
Д) Үндістан
Е) Ұлыбритания
7. «жасыл революция»-ұғымының басты мәселесі: (мәні)
А) Мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру
В) Бір немесе бірнеше өнім түрлерін алуға мамандану
С) Интенсивті және экстенсивті шаруашылық түрлеріне көшу
Д) Жоғары маманданған тауарлы шаруашылыққа көшу
Е) Жаңа техналогиларды қолдану
8. 60 жылдары «жасыл революция» негізін салушы ел.
А) Бразилия
В) Мексика
С) АҚШ
Д) Швеция
Е) Филиппин
9. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары:
А) экстенсивті, интенсивті
В) тауарлы және жартылай тауарлы
С) дәстүрлі, тұтынушы
Д) жоғары маманданған тауарлы
Е) плантациялық, жайылымдық
10.Адамзаттың азық-түлік проблемасын шешудегі басты жол-
А) Экстенсивті
В) интесивті
С) прогрессивті
Д) жайылымды ұлғайту
Е) мелиорация
4. Оқушылардың білімін бағалау (5 мин):
Сабақты бағалау параметрлері
Дүние жүзілік көлік географиясы

5. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру - (30 мин):
Көлік географиясы
1. Дүниежүзiндегi көліктің даму сипаты
2. Дүниежүзі елдерiнің қазiргi көлік жүйесi
3. Теңiз және өзен көлігі
4. Темiржол көлігі
5. Автомобиль көлігі
Дүниежүзiндегi көліктің даму сипаты. Көлік – қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең маңызды саласы.Ол географиялық еңбек бөлінісінің негiзi
болып саналады. Көлік саласына 100 млн-ға жуық адам тартылған.
Жеке елдердегi көлік дамуының деңгейi мен сипаты көптеген факторларға тәуелдi. Ол экономиканың даму деңгейiне, дүниежүзінік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне, т.6. жағдайларға қатысты. Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседi.
Дүниежүзі елдерiнің қазiргi көлік жүйесi. Дүниежүзi елдерi мен аймақтарында көлік жүйесiнің арақатынасы әртүрлі. Өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердің көлік жүйесi құрылымы өте күрделі және онда көліктiң барлық түрлерi кездеседi. Көлік жүйесiнің жоғары деңгейде дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады. Дүниежүзінік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиедi. Батыс Еуропа елдерiне темiр жолдағы жүк тасымалының 25%-ы, теңiз көлігі мен құбыр көлігі тасымалына 35%-ы тиесілі.
Дамушы елдердің көлік жүйесi шаруашылықтың аумақтық құрылымын көрсетедi. Мұндай жолдар көбiне елдің минералды шикiзат өндіретiн аймақтарымен байланыстырады. Сонымен бiрге плантациялық шаруашылықтар мен және портты қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібi дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесiнің техникалық деңгейi төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлерi дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесiнің қалыптасуын айтуға болады.Қазiрдің өзiнде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдiспен тасымалданады. Дүниежүзілік «контейнерлік көпірлерді» теңiз көлігі, темiржол тiзбегi мен автомобиль, темiржол комбинациялары қалыптастырады.
Теңiз және өзен көлігі. Теңiз көлігі дүниежүзінік көлік жүйесi ішіндегi ең
арзаны болып саналады. Дүниежүзінік жүк тасымалының 62%-ы осы су көлігіне
тиедi және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80 %-ын қамтиды.
Дүниежүзінік теңiз сауда флотындағы кемелердің жалпы құрамының 1/3 бөлігi өнеркәсiбi дамыған елдердің туы астында тiркелген. Оның 1/3-i Батыстың кеме жүзу компанияларына жатады (олар «ыңғайлы тулар» астында), 1/5-i дамушы елдерге, ал қалғандары постсоциалистiк елдер үлесiнде.
Дүниежүзінік теңiз сауда флотының жетекшi елдерi: Либерия, Панама, Жапония, Грекия, АҚШ, Кипр, Қытай «Тулар » астындағы елдер (Либерия, Панама, Сингапур, Кипр, т.б.) жүк тасымалының өзіндiк құнын З есеге жуық арзан тасиды. Негiзгi теңiз жолдары: Атлант, Тынық және Үндi мұхиттар. Тек Атлант мұхитына дүниежүзінік жүк тасымалының 50%-ға жуығы тиесілі. Бiрақ кейiнгі жылдары жүк тасымалы Тынық мұхитта да қарқынды дамып келедi (Жапония және Жаңа индустриялды елдер).
Теңiз жүк тасымалында бiрiнші орынды мұнай және мұнай өнiмдерi алады. (Дүниежүзiнің жеке аймақтары бойынша мұнай тасымалдау сұлба картасын қараңдар.) Олардың үлесіне 1 млрд т жүк тасымалы тиедi. Iрi жүк ағыны Парсы шығанағында қалыптасады да, ол Батыс Еуропаға, Жапонинға, АҚШ-қа бағытталады. Қазақстанның су көлігінің жалпы ұзындығы — 5,5 мың км. Оның ішінде кеме жүрiсi бар су жолының ұзындығы — 4,0 мың км. Су көлігінің бiр түрі — теңiз көлігі. Ол Мақат — Бейнеу — Маңғыстау темiржолының салынуына байланысты 1964 жылы қаланды. Қазiр Ақтау қаласында елмiздегi ең iрi теңiз-сауда порты жұмыс iстейдi. Онымен Иранға (Наушахр қаласы), Әзірбайжанға (Баккы, Сумгаит қалалары), Ресейге (Астрахан қаласы), Түрікменстанға (Марата, Түрікменбаши қалалары) құрғақ және сұйық жүктер тасымалданады.
Темiржол көлігі — құрлықтық көліктердің iшiндегi ең маңыздысы. Дүниежүзіндегi темiржол желілерiнің ұзындығы — 1,2 млн км. Ең ұзын темiржол АҚШ-тың үлесіне тиесілі (240 мың км). Одан кейінгі орында – Канада (90 мың км) және Ресей (86 мың км).
Батыс Еуропада темiржол желілерінің тығыздығы өте жоғары (Бельгияда 100 км квадрат аумаққа 100 км темiржолдан келедi).
Дамушы елдерде темiржол желісінің жилігі экономикасы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Көптеген темiр жолдар бiр-бiрiмен байланыспаған. Нәтижесiнде, елдер мен аудандар арасында тұрақты қатынас жоқ.
ХХ ғасырдың соңында жоғары жылдамдықтағы темiржол желілері көбейiп келедi. Мұндай темiр жолдарға Париж— Лион, Рим—Флоренция, Токайдо мегаполисiнен бастап, бүкіл Жапония аралдары арқылы өтетін темiржол желілері жатады.
Электрлендiрiлген темiржол Ресейде жақсы дамыған (ұзындығы жағынан дүниежүзi бойынша бiрiншi орынды алады). АҚШ- та темiржолдардағы бүкіл жұмыстың 90%-ын тепловоздар орындайды. Жапония мен Батыс Еуропа елдерiнде электр күшiмен iстейтiн темiржолдардың үлесi 50%-ды құрайды (Швейцарияда — 100%).
Автомобиль көлігі. Қазіргi кезде дүниежүзінде автомобиль жолы өте тез дамып келедi. Оның жалпы ұзындығы — 24 млн км. Соған байланысты көліктің жолаушы тасымалындағы рөлі артуда. Автомобиль көлігі дүниежүзiндегi жолаушы тасымалының 80%-ын қамтиды, сонымен бiрге орта және жақын қашықтықтағы жүктасымалында (өте қысқа жол арқылы жеткiзудегi) маңызы зор.
Дүниежүзіндегі автомобиль паркi 0,5 млрд автомобильдiқұрайды. Бұлардың 80%-ы экономикасы дамыған елдердің үлесінде.
Жүкжәне жолаушы тасымалында трансконтиненттiк магистральдардың маңызы зор. Белгiлі шосселік жолдарға Сахара (Африка) арқылы өтетінжол,Атлант мұхиты мен Тынық мұхитты жалғастыратын АҚШ-тағы және АҚШпен Канада аралығындағы автомобильмагистральдары жатады. Сонымен қатарСолтүстiк және Оңтүстiк Американы жалғастыратын Панамериқалық шоссеТрансамазоналық шоссемен байланысқан.
Экономикасы дамыған елдерде жүктасуда автомобиль көлігініңмаңызы зор. АҚШ пен
ГФР-де ел ішіндегi бүкіл тасылатын жүктің 25%-ы, Ұлыбританияда 80%-ы көліктің осы түрініңүлесiнде. Дамушы елдерде автомобиль көлігінің үлесiне ел iшiндегi жүктасымалының 1/З-i тиесілі. 2000 жылдың басында Қазақстанда халықаралық жүктаситын 90 компания болған.
Халықаралық автомобиль көлігімен жүктасудың негiзгi 7 бағыты бар.
Олар: 1) Ырғыз — Алматы Ташкент; 2) Ресей — Орал Ақтөбе — Қызылорда Шымкент;
3) Ресей Петропавловск — Астана Алматы; 4) Омск (Ресей) — Павлодар — Семей — Майқапшағай; 5) Челябинск (Ресей) — Петропавловск — Новосибирск (Ресей); 6) Ресей — Петропавловск — Рузаевка — Жезқазған — Кызылорда — Өзбекстан; 7) Астрахан (Ресей) — Атырау — Бейнеу — Түрікменбаши (Түрікменстан).
Қазақстанда автомобиль жолының жалпы ұзындығы — 82 мың км, оның iшiнде республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 19 мың км.
Құ6ыр көлігі. Дүниежүзінік знергетиканың дамуына сәйкес мұнай және газ құбырларының арақатынасы өзгерiп отыр. Сонымен қатар мұнай және газ құбырларымен қоса, қатты өнімдердi таситын құбыр көлігі пайда бола бастады. Олармен, негiзiнен, көмiр және темiр кендерi тасымалданады.
Дүниежүзiндегi мұнай құбырының қазiргi кездегi жалпы ұзындығы 400 мың км-ден астам, ал газ құбыры желісінің ұзындығы одан да көп (900 мың км).
Құбырмен тасымалдау темiржолмен тасымалдауға қарағанда (өзiндiк құны) үш есе арзан және онымен Дүниежүзінік жүктасымалының 11 %-ы тасымалданады. Көліктің бұл түрінің ерекшелігi — ол жүктi тасымалдауда тұрақты және сенiмдi көлік саналады және қоршаған ортаны ластамайды.
Солтүстiк Америкада құбырлар мұнай мен газды өндіретiн аудандардан құрлықтың индустриясы дамыған Шығыс аудандарына тартылған. Батыс Еуропада олар теңiз порттарынан өнеркәсiптi орталықтарға және құрлықтың шеткi аудандарына жүргiзiлген.
Дүниежүзіндегi ең iрi мұнай құбырларына дружба — Ресей — Батыс Еуропа (5,5 мың км), Канададағы Редуотер Порт-Кредит (4,8 мың км), т.б. жатады. Американың
Хьюстон — Нью-Йорк қатты өнім тасымалдайтын құбырының ұзындығы —2,5 мың км.
Су асты құбыр желілері. Жерорта теңiзi түбiмен трансжерортатеңiздiк газ құбыры тартылған. Мұндай құбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстiк теңiзде де жүргiзiлген.
Әуе көлігі. Бұл көлік — әрi жылдам, әрi қымбат көліктердiң бiрi. Оның халықаралық жолаушы тасымалдауында маңызы зор. Әуе көлігі жылдамдығымен, икемдiлігiмен, сонымен қатар басқа көліктер жете алмайтын қолайсыз аудандармен байланыстыра алатындығымен ерекшеленедi.
Дүниежүзіндегi ең iрi әуе паркi АҚШ-та орналасқан. Одан басқа iрiәуе ұшақтарыныңорналасуы Канадада, Францияда, Австралияда және Германияда байқалады. Халықаралық әуе байланысына 1 мыңнан астам әуежай қатысады.Тек Еуропада олардың саны 400-ге жуық.
Алғашқы тұрақты әуе жолы Алматы — Ташкент қалалары арасында 1924 жылы қалыптаса бастады. Осы жылдары Қазақстанның азаматтық әуе флоты басқармасы құрылды. Елімiзде 2000 жылы 62 әуе компаниясытiркелген. Олардың екпiндегi ең қуаттысы — “Эйр Астана” әуе компаниясы. Компания ұшақтары дүниежүзінің барлық дерлік елдерiмен байланыстырылған. Жалпы елімiздегiәуе жолының ұзындығы —49 млң км.
Көлік георафиясының ерекшелігіне тоқталамыз. Көлік – шаруашылықтың басты салаларының бірі.
Дүние жүзілік көлік географиясы

ҒТР көліктің барлық түрлерінің қарқынды дамуына негіз болады. Көлік қатынасы «Үлкен жетілік» елдерінде ең жоғарғы деңгейде дамыған.
Дүние жүзілік көлік географиясы

6. Сабақты тест сұрақтары арқылы сабақты пысықтау (15 мин):
1. Көлік жүйесi құрылымы өте күрделі елдердi атаңдар. Оның күрделі болуының негiзгi себептерi қандай ?
2. Дүниежүзілік теңiз сауда флотының “ыңғайлы тулар” астында тiркелуiн қалай түсiндiресiңдер?
3. Теңiз жүктасымалында бiрiнші орнында қандай өнiмдер алады ?
4. Дамып келе жатқан елдердегi көлік жүйесiнiң даму барысын сипаттаңдар.
5. Контейнерлік тасымалдың көлік саласындағы маңызы қандай ?
7. Үйге тапсырма беру (5 мин):
Тақырыбы: Модуль В.3. 6. Ғ.Т.Р. Дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалы.
Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: География 10 сынып. Алматы 2010 ж. Жаратылыстану-математика бағыты. 152-166 беттер
Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім Жалпы шолу. Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова – Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14 тақырып.
15-17 беттер
Қосымша: География 10 сынып. Алматы 2006 ж. Қоғамдық- гуманитарлық бағыт. 108-121 беттер.скачать dle 11.0фильмы бесплатно
  • 11 716
  • 0