Жігіттікке жеті өнер де аз!

Медеубаева Шынар Төлеқызы
учитель казахского языка и литературы
Школа-лицей №53 города Астаны

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту. Өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру.

Көрнектілігі:

«Біз де әскер болғанбыз!» атты әскерде болған әкелердің фото альбомдарынан көрме, «Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтірер», «Сегіз қырлы,бір сырлы» деген нақыл сөздер

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздер бүгін «Жігіттікке жеті өнер де аз!» атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер. Бүгін жігіттеріміз өз өнерлерін ғана көрсетіп қоймай, біздің салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарымзды, шеберліктерін көрсетеді.Сонымен қатар әскер қатарында болып, өз әскри борышын өтеген әкелерімізбен кездесудің сәті де туып тұр. Олай болса, жігіттерімізге сәт-сапар тілей отырып «Жігітткке жеті өнер де аз!» атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Армысыздар, халайық,

Жігіттерді байқайық.

Ата-жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдайық,

Жігіттер шықсын ортаға,

Ата-дәстүрін қолдайық

Сұлтандар шықсын ортаға

2-жүргізушісі:

Талаптарын байқайық.

Қайсысы күйші, кім биші,

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!

1-жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол соғып қошеметпен шақырайық.

2-жүргізуші:

Ал, сұлтандар, келіңдер,

Бар өнерді байқайық.

«Ер сұлтанға» лайықтап,

Жүлдені жеңіп алыңдар.

1-жүргізуші:

Жігіттерді ортаға шақырайық.

Слайдтан «қысқа-нұсқа» атты тақырыппен әр оқушыны таныстырып өту.

2-жүргізуші:

Зерделі де зейінді

Зерек кіші пейілді

Білікті жан 7«А»

Сынып оқушысы

Ділмұратты ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

Білмейтін еш кеюді

Жайнап жарқын нұр жүзің,

Бола бергін жұлдызым, деп 7«Ә» сынып оқушысы Аманжолды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Аяулы ата-анаңды,

ардақтайтын баласың!

Өзің тауып бақытты

Өмірде шыншыл боларсың деп 7«Б» сынып оқушысы Сағындықты ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

Кемелді білім іздеген

Кемесін тездеп түзеген

Жалқауға жақын қосылмай

Жақсыдан достық үзбейтін жан Ақтілектіортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Кіші қамын ойлаған

Кісі жанын сыйлаған

Өнерімен, ісімен

Өзгелерге сыйлы жан Сұлтанды ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

Ерте тұрып ерінбей

Жалқаулыққа берілмей

Еңбек етші, шырағым,

Елімізге ерінбей- деп Шахмирды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға.

Жігерленіп сахынаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен табысуға.

Қазір әр жігіт өздерін таныстырады.

1-жүргізуші:

Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын

Қыран жігіт асырар елдің даңқын,- демекші сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміздің өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

2-жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ел өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

«Ердің асылы күшімен білінеді»- дегендей, келесі тапсырма күш сынасу болмақ (жігіттер қол күреседі)

1-жүргізуші:

Талаптың мініп тұлпарын

Келдім міне жарысқа.

Белгісіз кім ұтарын,

Түстік міне сайысқа

2-жүргізуші:

Білім- ой мен арымыз,

Рухани нәріміз.

Танытатын көнені,

Жарыса біліп жаңаны.

Халқымыздың бүгінгі мен өткені, -деп енді жігіттеріміз өз білімдерін көрсетіп сұраққа жауап береді.

1-жүргізуші:

Көтер биік ата – салтын құрметтеп.

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп.

Батаменен ел көгерер,

Батаменен жер көгерер-деп

Келесі сайысымыз «ескірмейтін есті сөз» бата беру сайысы.

1-Оң жылына бастасын,

Бастарына бақ сыйлап,

Қыдыр бабаң қолдасын.

Бүгінгі мына сынақта,

Тұғырдан таймас қыран бол.

Ел жұртына ұран бол!

Жиреншедей шешен бол.

Ескендірдей бекем бол!

Атымтайдай жомарт бол,

Айбаты асқан ұлан бол,

Халқын сүйер Сұлтан бол.

Еліне ұнар Ару бол.

А, құдай жарылқа! Әумин!

2-Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарқаның мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Көк жайлауды жайласаң,

Тай құлынды байласаң

Сабаң толсын қымызға,

Шараң толсын уызға .

Амин десең маған,

Құдай берсін саған!

2-жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен, байқадым,

Жүректерде шоқ бар екенін, байқадым.

Әрқашан да осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым !

Ал, енді әділ-қазылар алқасы жігіттеріміздің ұпайларын есептегенше халқымыздың салты тыйым сөздерді қайталайық.

1.Отқа су құйма, түкірме

2.Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.

3.Қазақ түнде мал , адам санамайды.

4.Пышақтың жүзін жалама, пышақтың жүзін кезбе.

5.Үйге қарай, үйді айналып жүгір ме.

6.Айға қарай қолыңды шошайтпа.

7.Күлді, тұзды баспа, шашпа.

8.Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама.

9.Бас киімді теппе, лақтырма.

10.Итті теппе,итке су шашпа.

11.Есікті керме, табалдырықты баспа.

12.Нанды шашпа, баспа.

13.Түнде өзенге, суға түспе, су алуға барма.

14.Мойныңа белбеу салма.

15.Жұма күні кір жума.

16.Үш айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.

17.Сыпырғышты көкке көтеріп баланы ұруға болмайды.

18.Кемпір адамға күлуге болмайды.

Осы сәтті пайдаланып қыздарымыз өз өнерлерін көрсетуге болады.

Елжанова Сәния 7«ә» сынып оқушысы күй «Балбырауым»

1-жүргізуші:

Еңбек, достық, тыныштық

Елге қосып ырыс-құт,

Осындайда достасып,,

Достар сәні-туыстық!

Ырыс-құтқа бөлеңдерші қазақ халқын, - дей отырып, ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно