Ел-еркесі ескендір

Каргина Гулимжан Тлепбергеновна
Қоғамдық пәндер оқытушысы
Батыс Қазақстан индустриалды колледжі

Ел-еркесі ескендір

Мақсаты:

Оқушыларды жерлес сазгер Ескендір Хасангалиевтің шығармаларымен таныстыру, туындыларымен таныстыра отырып отансүйгіштік тәрбие беру;

Музыка арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сезімін, эстетикалық тағылымын, творчествалық қабілетін дамыту.

Сабақ жоспары:

1.Өмірбаяны.

2.Әнші әлемі.

3.«Ескірмеген махаббат».

4.Әке жолы.

«Ең сүйікті әндерім сағыныштан жаралған...»-деген сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі, Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де дарынды жандар болған. Әкесі Құбаш Ыбырашев 21 жасында мұғалім болып жүріп 15 жасар шәкірті Қанашқа үйленеді. Әкесі скрипкада шебер ойнаса, анасының тамылжытып ән салатын өнері болған. Бірақ үйленгеннен кейін көп ұзамай әкесі қайтыс болады да, Ескендір нағашы атасы Өтеген мен әжесі Балқияның қолында тәрбиеленіп, соларды әкем-шешем деп атайды. Ал туған анасын апасындай сыйлап өтеді де, оның екінші жолдасы Қуандықты жездем деп кетеді. Ескендір 1956 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, ауылда үш жыл қызмет істеген. 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның ән-хор факультетінің дайындық курсына түскен. 3-4 жыл негізгі бөлімде оқып, соңғы курста сырттай оқу бөліміне ауысып, композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен Қазақ радиосында музыкалық редактор болып жұмыс жасайды. Содан кейін Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіреді. 1970 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің шешімі бойынша Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болып атанады.

Ескендірдің тұңғыш әні «Анаға сәлем»деп аталды.Ол оны жиырма екі жасында жазады. «Мереке күніңмен...»деп басталатын осынау ән елдің аузынан түспейтін болды. Сөйтіп Ескендір Хасанғалиев қазақ радиосының редакторлығынан әншілікке ауысады.

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ!

Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз-деп «Анаға сәлем» әнін бәріміз бірге орындайық. Орындайтын 4К топ оқушысы Закария Ақтөре

Содан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында дирижерліктен сабақ беріп, «Айгүл» вокалдық квартетінің жетекшісі болып қызмет істейді. Әрі қазақ радиосы мен телевизиясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің жеке әншісі болып қабылданады.

Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.

Алдын ау сен баурап менiн еркiмдi!

Көрiп сенiң ғашық болдым көркiмдi!

Қарай берем көзiмдi алмай өзiне!

Жеткiзе алмай жүрегiмнен сертiмдi!

Махаббат тақырыбында жазылған әндерінің бірі-«Адемі-ау» орындайтын 31К топ оқушысы Калиуллин Алмасбек

Ескендірдің «Есіңе ал, «Елігім еркем», «Жанарым», «Жан жарым» сияқты әндерінің көбі жары Дарикоға арналған.

Дариконың өзі Қарағандының қызы. Дарико Сопыжанқызы Қарағандының медициналық институтын, Москваның ординатурасын бітірген. Алаш рет екеуі Қарағандыда әнші Ескендір гастрольмен концерт қоюға келген кезінде танысады. Арада талай жыл өтіп, «Сағынсаң мені сәулем-ай, Жолдармен таныс жүргейсің...»-деген сағынышқа толы әндер дүниеге келгеннен кейін ғана, Москвадан Алматыға жолдамамен келген дәрігер қызды Ескендір ағай іздеп, тауыпты. Сөйтіп Дарико жеңгеміздің әсерімен көптеген тамаша-тамаша әндер дүниеге келген. Солардың бірі «Ескірмеген махаббат» әні.

Енді осы әнді лицейіміздің өндірістік оқыту шебері Айнұр Аскаровнаның орындауында тыңдайық.

Олардың ұлы Біржан Алматы қаласының №12 қазақ орта мектебінен білім алған. Ол 5-6 жасында Республика сарайында өткен авторлық кеште тұңғыш рет әкесімен сахнаға шығып, ән айтып, елді сүйсіндіреді. Біржан №12 мектепте оқи жүріп, Әміре Қашаубаев атындағы музыка мектебінде қабаттастырып оқиды. Мектептен кейін музыкалық училищені қызыл дипломмен бітіреді.Училищеден кейін консерваторияға түсіп, Алматы консерваториясының композиторлық бөлімін бітіреді. Бүгінде әкесімен бірге қос дауыста ән шырқайды.

«Жан досым»- Орындайтын 4К топ оқушысы Закария Ақтөре

Ескендір Хасанғалиев шығармашылық сапармен шетелдерді көп аралап, өнер көрсеткен жан. Ұлт мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» (2000) орденімен марапатталған. Композитордың бірінен-бірі қастерлі әндерінің ішіндегі шоқтығы биік туындысы «Атамекен» әні. Бұл ән арқылы адам баласының бойындағы намыс, жігер, ұлт жандылық, туған жерге деген шексіз махабатты оятып, алыс армандарға жетелейді. Осы «Атамекен» әнінің жазылғанына да 40жылдай уақыт болыпты.

Бүгінде туған өлкесінің орталығы Орал қаласында 2жыл сайын әнмен аттас «Атамекен» халықаралық байқауы өткізіліп келеді. Алғашқы кезде әнші-композитор ағамыздың әндерін орындаушылардың байқауы республикалық деңгейде өткізіліп келсе, 2006 жылдан бастап ол Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылуда.

Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың І-ші республикалық «Атамекен» ән фестивалі алғаш рет облысымызда 2000-шы жылы , композитордың 60 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Сол жылдардан бастау алған ән байқауы дәстүрлі түрге айналып,бүгінгі күнде Хасанғалиев әндері өнер аспанында өз байрағын желбіретті. Ән фестивалінің жағырафиялық ауқымы кеңейіп, жылдар өткен сайын эстрада әлемінде жаңа есімдер танылуда. Мәдениет және ақпарат Министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық дәрежеде өткізілген «Атамекен» ән фестивалі өнер ұлт пен ұлысқа , шекараға бөлінбейтіндігін дәлелдеп шықты.Бұл фестивальде Е.Хасанғалиев әндері арқылы алыс-жақын шет елдік азаматтардың қазақ әніне деген сүйіспеншіліктері жарқын көрініс тапты. Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі ән саласында өзіндік ізін қалдырып ,өнерге үлес қосуға талпынған жастардың болашағына жол ашып,өнер көгінде қанаттарының қатаюына зор септігін тигізуде.

Туған елін сиқырлы әуенмен тербеп ,тарихы мен дәстүрін әнмен өрнектей білетін композитордың өнер қазанында әліде сүбелі саздың қайталанбас иірімдері қайнап, буырқана келіп халық қазынасына құйыла түсетіні сөзсіз.

Осындай ешкімге ұқсамайтын ерекше тартымды да, мәнді әндерді дүниеге әкелген - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор- Ескендір Хасанғалиев.

Армысың, ардақ – мекен, асыл-мекен!

Айрықша топырағын, тасын бөтен,

Балалар бақыт іздеп кезуші еді.

Білмепті, бақыттары қасында екен

Ғасырлар сілемімен басулы екен

(М. Макатов)

«Атамекен» әні Е.Хасанғалиевтікі Сөзі Қ. Мырзалінікі. Орындайтын Қайыров Қуаныш

Қазақтың қазіргі ән өнеріндегі орны бөлек үлкен тұлға, халқымыздың ардақ тұтар композиторы Ескендір Хасанғалиев біздің жерлес ағамыз. Оның әншілік өнерінің өзі –бір мектеп. Ескендір табиғат берген әсем үнін жүрегінің даусымен жұптастырып айтатын әнші. Сондықтан да оның әнші әлемі үлкен үндестікке толы әлем.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно