Компьютерді игеру - менің болашағымның бастауы

Реклама
Мухтарова Альфира Сарсенгалиевна
Информатика пәні оқытушсы
«Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК

Сабақтың тақырыбы: «Компьютерді игеру - менің болашағымның бастауы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: білімді оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, білімдерін жетілдіру;

2. Дамытушылық - әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, дұрыс шешім қабылдауын қалыптастыру, өзіндік ізденісін, өз ойын жеткізуге және шешендік қасиетін дамыту;

3. Тәрбиелік - оқушыларды болашақта білгір маман болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта, жеке карточкалар, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

-аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру;

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

-сабақтың тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін баяндау.

ІІ. Сабақтың шартымен таныстыру

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, әділқазылар, оқушылар, көрермендер және сайысқа қатысушылар. Бүгінгі біздің «Компьютерді игеру- менің болашағымның бастауы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі ашық ойын сабағымыздың негізгі мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл, ой –өрісін жан-жақты жетілдіріп, іскерліктерін, білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін, білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бұл ойынымыздың нәтижесінде ойы ұшқыр, жеңімпаз топтарды анықтап шығару.

Ал енді бүгінгі ойын шартымен таныстырып өтейік. Сайыс сабағымыз бірнеші бөлімдерден тұрады және ойыншыларымызға әділ баға беруші әділ қазы алқасы құрылады.

Сайыс сабағымызды бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтейік.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1.Программист-дизайнер

2.Білімділер

3.Үздік оператор

4.Тапқырлар

5.Полиглот

Бірінші бөліміз «Программист-дизайнер» . Бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша әр топтың басшылары өздерінің командаларын слайд арқылы көрсетеді. Жоғарғы балл 10 ұпай.

Екінші бөліміміз «Білімділер»

Әр топтың басшылары слайдтағы шаршыдан сандарды таңдайды. Әр сұраққа тиісті ұпайларын алады.

Үшінші бөліміміз «Үздік оператор»

Бұл бөлімде сайыскерлер MS Word редакторында мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау. Орындау уақыты 7 мин. Ұпай-5 балл.

МӘТІН ТЕРУ

Программалау – хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – аппаратты құралдармен басқару.

Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын.Олардыңт бұйрықтары компьютерге түсінікті 1 және 0 символдарының тізбектерінен тұратын.Әр бұйрыққа сәйкес машиналық кодтарды жатқа білу программалаушыға қиын болғанымен , машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап қоймайды.Сондықтан оларды жүйелік программаларды , драйверлерді және трансляторларды құруға ыңғайлы.ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету ушін ассемблер типті программалар құрылды.Айнымалы шамалар символды аттармен беогіленіп , әр бұйрықтың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды.Ассемблер тілдері аз да болса адам тіліне ұқсастырылды.ЭЕМ – ді қолдану көпжақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды.Мысалы , тарихта бірінші болып процедуралық құрылымды программа пайда болды.Оған сәйкес программалаушы өз программасында қандай процедураны қолданатынын таңдап және бұл процедураларды іске асыру үшін қандай алгоритм керек екенін алдын ала білу қажет еді.Бұл идеяның пайда болу себебі , есептеулердің алгоритмдық жағынан толығымен зерттелмегендігі.

Келесі бөлім «Тапқырлар» Бұл бөлімде сайыскерлер жылдам ия, жоқ деген сұрақтарға жауап береді.

І топқа:

Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

 

ІІ топқа:

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)

4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)

8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

Ал сайысымыздың соңғы кезеңі Полиглот

 

Бұл бөлімде сайыскерлер сұрақтарға жауап беріп, жауабын ағылшын, орыс, қазақ тілінде айтуы керек

1.Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат,құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілген мәліметтер тобы

(ақпарат, информация, information)

2. Терезені жабу батырмасы?

(жабу, закрыть, exit)

3. Windows дегеніміз не?

(операциялық жүйе, операционная система, operation system)

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы?

(тышқан, мышка, mouse)

5.Дүниежүзілік компьютерлік желі?

(интернет, интернет, internet)

6.Үйлердің негізгі бөлшегі немесе объектісі терезелер мен белгілер болып табылады?

(терезе,окно, Windows)

7. Қажет емес файлдарды алып тастау пернесі?

(өшіру, удалить, delete)

8.Құжатты сақтау батырмасының аты?

А) сақтау, сохранить, save

Қорытындылау

Сонымен бүгінгі «Компьютерді игеру-менің болашағымның бастауы» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалаймыз. Жеңімпаздар марапатталады!

Сайысымыз аяқталды, тамашалағандарыңызға көп рахмет!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно