Мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеу және мемлекеттік тілді үйрету

Ақбалта Күнменай Қайратқызы
Қазақ тілі мұғалімі
КМҚК «Алпамыс» балабақшасы

Уақыт ағынды. Біздің бүгінгі бөбектеріміз ертеңгі ел иелері. Қазіргі заманның оқыту жүйесінің мәдениет кеңістігінде дамып және тәрбиеленетін центі адам болып табылады. Ұлттық өзін-өзі тану тез көтерілуі, этникалық және этномәдениеттікке өзін теңестіруге ұмтылу, өзінің ұлттық мәдениетіне көп мүддесін ескертіп қоймай, сонымен қатар айналасындағы және жақын ұлт мәдениетін білуге ұмтылтады.

Мектепке дейінгі жастан бастап білім, бір жағынан бала өзінің түп тамырын ұғынып және сонымен әлемдегі өзінің орнын анықтауға жағдай жасауға екінші жағынан оған басқа халықтар мәдениетін сыйлауды үйретеді.

Бала тәжірибедегі қарым қатынаста бірте-бірте басқа адамдармен сәйкестігін және өзгешеліктерін ашады. Сондықтан барлық мектепке дейінгі оқу ұйымдарының мақсаты- балаларды түрлі этномәдениетпен таныстыру ғана емес, сонымен қатар жаңа күрделі мәдениет конгломераты құрылған жерде өмір сүруге үйрету.

Кеңейтілген мағынада ұлтаралық қатынас- әлеуметтік қатынастың түрі, халықтардың негізгі қарым-қатынас негіздерімен ескертілген- экономика, саясат, ғылым, мәдениет, тіл.

Ұлтаралық қатынас мәдениеті, жоғарғы дәрежедегі осы қатынастарды жетілдіру және дамыту, ол түрлі халықтардың ұлтаралық және рухани байланысынан көрсетіледі, анықталған бір өнегелі және адамдардың бір-біріне деген сыйластығы.

Осыған байланысты ұлтаралық қатынас мәдениетіне жатқызуға болатыны:

·Түрлі ұлт адамдарына құрмет;

·Тілге, ұлттық дәстүрге және салтқа өнегелі такті сақтау;

·Басқа мемлекеттің және халықтардың өміріне және мәдениет жетістіктеріне мүдде көрсету;

·Жалпы адамдық құндылықтарды дамытуға құлшыну.

Әр түрлі елдердің өкілдерінің өмір тәртіптері мен мәдениет іскерліктер қатынасы әр түрлі саяси, діни көзқарастардың және ырымдардың, ұллтық дәстүрлер мен психологияның табиғи, әдепті және өзін - өзі ұстауын талап етеді. Этникаралық ерекшеліктерді қабылдауы жастық және әлеуметтік даму жағдайына байланысты. Екінші жағынан 6 жасқа дейін балалар өз ұлты туралы жеткілікті шайылған елес сияқты ұғымда болады, осыған қарамастан 4 жастан бастап балада басқа ұлттың адамына деген қатынас қалыптаса бастайды. Бұл кезеңде балада эмоционалдық қайырымдылық , ашықтық, сенімділік және этникалық стереотип болмайды. Ол оған түрлі халықтың адамдарымен бос қатынасқа енуге мүмкіндік береді. Сондықтан ата-аналар мен педагогтардың мақсаты мектепке дейінгі жастағы балаларға басқа этникалық ұжымның өкілдерімен тілектес , сыйластық қатынасты орнатуды үйрету, басқа халықтардың мәдениет құндылықтарына бейімдеу:

1. «Этникалық еңжарлылық» үрдісі, атап айтқанда ұлттық фактордан жеке адам аралық қатынасқа абстракциялау.

2. Басқа ұлт адамдарымен қатынастағы сыпайыгершілік. Сыпайы адам басқа ұлт өкілдерін ешқашан төмендетуге немесе қорлауға жол беремейді.

3. Әр ұлт өкілдеріне өзіне тән салт-дәстүрге, рәсімге құрметпен қарау және осындай қатынас табиғи таза және дұрыс болып келеді.

4. Ұлттық этникалық мәселені талқылауда , осы сұрақ бойынша қанша, қандай білім керектігін нақты ұғыну керек.

5. Адам қандай ортада өмір сүрсе, сол этникалық топтың салты, дәстүрі, рәсімдерін білген жөн. Айналасындағы этникаға тән этникалық талаптарды меңгеруі керек.

6. Ұлтаралық қатынас мәдениетіндегі ең маңызды аспектінің бірі – тілдік болып келеді. Негізгі ұлттық тіл білімі адам өмір сүріп жатқан ортасында, бұл маңызды ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің бір көрсеткіші.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғарыда келтірілген принциптер ұғымының көбісі «қабылдауында, қабыл алуында». Жүздеген ережелерді есте сақтау керек емес, ең бастысы басқаларға көңіл бөлу қажеттілігін есте сақтау. Мектепке дейінгі балалардың көпұлтты мәдениет ортасының құндылықтарын бекіту мен нақтылау өздерінің меншікті қызметінде іске асуы тиіс: ойындық, бейнелік, сахналау театры, сонымен қатар жалпы әлеуметтік жүйеде бала барлық жаңа білімнің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне ие болады. Заманауй деңгейде қоғамның дамуы, мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тілдің оқытылуы ең бірінші маңызды қозғалушы мәселенің бірі болып келеді. Балабақшада баланың екітілді қатар алып жүруі, яғни қазақ тіл мен орыс тілін игеруі қатынас түрінде тәжірибеде болжам жасайды. Тілді үйрену оңай емес. Дегенмен бірнеше тілді білген адамның жан дүниесі бір ғана тілді білетін адамға қарағанда бай болып келеді. Өз елінің азаматтылығы мен патриоттылығына, тіліне деген құрметтілігіне тәрбиелеуде әрбір қоғамда терең берілген. Бала тілді ұйренуді неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым тез үйренеді.

Балаларды ұлтаралық қатынасқа тәрбиелеудің түрлі түрлері бар. Ол түрлі ұлт өкілдері мен мекеменің тікелей байланысынан бастап, мектепке дейінгі мекемедегі кішігірім этникалық мұражайлардың жасалуына дейін. Дегенмен көбінесе түрлі тәсілдерді қолдану педагогтың шеберілігі мен өнегелілігіне байланысты. Осы шартта ғана мектепке дейінгі мекемедегі педагогтың нақты өзіндік мәдениет өнегелілілігі балалардың жоғары даму өнегесін анықтайды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін үйретудегі негізгі тапсырмалар: ойынмен қаратпа сөйлем арқылы сөздерді түсініп, ұғуға үйрету, қарапйым сөздерді қолдану арқылы қоршаған ортамен байланыска түсе білу: өз ойындағы мен алған әсерін жеткізе білу: сөздікқорын толықтыру: қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру. Балалармен ойын ойнап, ойын арқылы қоршаған ортаны тану – бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыптылық ерекшелігінде. Осы жастағы балаларда көрнекілік бейнелік басым болып келеді. Сондықтан тек қана айта салмай, көрсете білген дұрыс. Ол үшін түрлі көрнекі құралдар қажет (суреттер, ойыншықтар, пішіндер, лото, кітаптар, сызбалар)

Бірінші сабақта балалар заттарды қазақша атай білуді үйренеді. Берілген деңгейдегі ойындық технологияны былай жасауға болады: «Дұрыс – дұрыс емес», «Қатесін тап», «Көрсет, ата» т.б. Келесі деңгейінде балалар затты бейнелеп, санап, түсін айтады. Балалармен қайталауды міндетті түрде диалог пен ойын түрінде өткіземін. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ тілінде оқытуға үйрету баланың дамуына осы жастан бастап үлес қосуда.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеу және мемлекеттік тілді үйрету әрбір баланы патриоттық сезімге тәрбиелей отыра, елінің құндылықтарын қастерлеп, құрметтеуге, тілдің тазалығын сақтап, түсінуге мүмкіндік береді

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Айтқұлова М.М. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. №6, 2010 ж.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2012 ж.


скачать dle 11.0фильмы бесплатно