Қазақ музыкасының бәйтерегі – М.Төлебаевқа 100 жыл! / Композиторды еске алу кешінің сценарийі

Заманбекова Алия Заманбековна
Заведущая музыкальным отделением
ГГПК «Педагогический колледж им. Ж. Мусина»

Музыка ойналып тұрады. Сахна төрінде композитордың портреті

Бейне баян көрсетіледі.

1-ж: Армысыздар, құрметті өнерсүйер көрермен қауым!

2- ж: Қайырлы кеш, қазақ музыка өнерінің тыңдармандары!

1ж: ...Сұлу үннің шабытты ақыны, ән мен күйдің жаңа аққуларын, бұлбұлдарын ұшырған Мұқан қашан да туған халқымен мәңгі бірге,- деген екен Әбділда Тәжібаев.

2-ж: Бүгін, міне, қазақ елінің мәдени әлеміне ерекше қолтаңба қалдырып, классикалық музыка өнері арқылы қазақ операсының туын көкке көтерген жарық жұлдызы, халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, даңқты композитор М.Төлебаевтың 100 жылдығына арналған еске алу кешіне жиналып отырмыз.

1-ж: «Өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің қашанда мәртебесі жоғары»,- деп Елбасы Н. Ә.Назарбаев атап көрсеткендай, біз бүгін ұлы композитор М.Төлебаевтың музыка саласындағы мұра етіп қалдырған ұлағатты жолын тағы бір мәрте саралап өтпекпіз.

2-ж: Халқымыз «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», - дейді. Жиырма жылға толар-толмас шығармашылық ғұмыр ішінде 100-ден астам ірілі-ұсақты шығарма жазып,қазақ мәдениетіне елеулі үлес қосқан Мұқан мұрасы ұлттық өнеріміз бен әлемдік музыка саласының қайнар бұлағына айналып үлгерді.

1-ж: Соның бір айғағы ретінде Түрік мәдениетінің халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 2013 жылды белгілі қазақ композиторы «Мұқан Төлебаев Жылы» деп жариялады.

2-ж: Әлемге қазақ халқын танытқан алып тұлғаның 100 жылдық мерейтойы композитордың туған жері жер жаннаты Жетісу өлкесінде тойланып өтті. Мерейтой аясында композитордың екі ескерткіші бой көтеріп, 4 кітап шығарылды. Республикалық «Алтын таяқша», «Кестелі орамал» атты дирижерлер мен композиторлар мен вокалистер байқауы өтті.

1-ж: Осы байқауға біздің колледжімізден де, музыка бөлімінің оқытушысы,Композиторлар Одағының мүшесі, көптеген балалар әндерінің авторы ,М.Төлебаевтың ізін басып келе жатқан композитор Сақай Құрмет қатысып қайтты.

2-ж: Олай болса ортаға осы мерейтойдың басы-қасында болып қайтқан композитор ұстазымыз Құрмет Сақайды ортаға шақырамыз.

Қ.Сақай сөз сөйлейді, слайд көрсетіледі.

1-ж: Мұқан десе есімізге бірден қазақтың өткен ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі саналатын «Біржан - Сара» операсы оралады.

2-ж: Өйткені бұл шығарма дарынды композиторға Кеңес Одағының Мемлекеттік сыйлығын әперген туынды болатын.

1-ж: Операның негізінде Көкше өңірінің атақты ақыны Біржан сал Қожағұлұлы мен дарынды ақын Сара Тастанбекқызы арсаында шынында да болып өткен айтыс алынған.

2-ж: Біржан сал мен Сара ақын екеуінің сахарадағы елеулі адамдар екенін айта кеткен жөн. Біржан сал ел іші бұзылып , бүлік шыққан 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті әнші, ақын. Оның әндерінде қазақтың сол кездегі тұрмыс салты айна қатесіз берілген.

1-ж: Ендеше ендігі кезекті «Біржан - Сара» операсынан үзінді тамашалауға берсек.

..............................

2-ж: Мұқан Төлебаев – лирик, Қазақ романсының атасы. Лирикалық шығармаларының көңіл-күйі, жан-құбылысы, жарқын сезімге бөленген табиғат, махаббат сырлары тыңдарман жүрегіне мөлдір бұлақтай құйылып, адамның ең нәзік эстетикалық сезімдерін оятып жатады. Композитордың «Кестелі орамал», «Тос мені, тос», «Келші сәулем», «Жастар вальсі» әндері осының айғағы.

1-ж: Олай болса сахна төріне композитордың «Тос мен, тос» әнімен музыка бөлімінің 4- курс студенті Болат Қуанышты шақырамыз.! Қарсы алыңыздар!

2-ж: Бірде қызып, самал ессе белді орай

Бірде түнде құйылғандай көлге арай.

Байтақ жатқан даламыздай созылып,

Қазағымның жанға жайлы әндері-ай, - демекші келесі тыңдайтын әндеріңіз Мұқан Төлебаевтың «Бақыт вальсі»

Орындайтын музыка бөлімінің 4-курс студенті Әйгерім Маширова.

1-ж: Әуенді аппақ әлем құп алады,

Ашылып сиқыр саздың тұмалары.

Өнердің өресінен бүршік жарған,

Қазақтың тамсанады нұр алабы

2-ж: Мұқан Төлебаевқа арнаған арнау өлеңдерін оқуға ортаға филология бөлімінің студенттері . Хавсемет Нұрғайып пен..Нұртай Назгүлді шақырамыз!

1-ж: Қазақ музыка мәдениетінің тарихына М.Төлебаев сыршыл дарын, биік адамгершілік әуен иесі ретінде келді. Оның барлық шығармалары асқақ әуен, терең сезімге бөленген және сол шығармалардың әрқайсысында композитор әуенді жеткізудің тамаша пішінін таба біледі.

2-ж: Шын мәнісінде,ол қазақтарға тән емес, таныс емес романс жанрының негізін салушы. Оның «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын». «Еске алу», «Келщі сәулем» сияқты романс әндері республиканың айтулы әншілерінің репертуарынан берік орын алды.

1-ж: Сахнаға «Келщі сәулем» романсымен музыка бөлімінің 4- курс студенті Биахмет Романы шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

2-ж: Жаңалық пен бет түзеп ертеңіне

Бағыт берді арманның желкеніне.

Колледжіміздің өнерлі әнші ұлы,

Шашу шашсын қалқытып жыр төріне.

1-ж: «Біржан - Сара» операсынан Жанботаның ариясы. Орындайтын музыка бөлімінің 3-курс студенті Төлеубай Бахтияр

2-ж: Қайта түлеп қазақтың халқы тағы

Мұхиттан да асырды даңқын әрі

Тәуелсіздік аспанын күмбірлетіп

Күйсандығың сазды әуен шалқытады

1-ж: М.Төлебаев «Жастар вальсі»

Орындайтын музыка бөлімінің 4- курс студенті Сымбат Талипова.

2-ж: Ендігі кезекті композиторға арнаған арнау өлеңін оқуға филология бөлімінің 2-курс студенті Абзал Балтабаев

1-ж: Өнердің биігінде дара тұлғаң

Жампозым елден ерек жаратылған

Өр бейнең жұлдыз жанып жарқыраса

Әуенің әлем асып таратылған

2-ж: Келесі тыңдайтындарыңыз Мұқан Төлебаевтың әні «Қыздар-ай»

Орындайтын музыка бөлімінің 3- курс студенті Бабажан Мәдіхан

1-ж: М. Төлебаев – қазақ музыкасындағы үлкен құбылыс. Ол орыс пен батыс Еуропа музыкасының озық үлгілерінен нәр алған, ал табан тіреген тиянағы қазақтың төл мәдениеті мен қазіргі тіршілік-тынысы еді.

2-ж: М.Төлебаевтың стилі – қазіргі дәуірден туындайды, дүниені жаңаша пайымдаудың үлгісі.

1-ж: М.Төлебаетың музыкасы – біздің рухани дүниеміздің ажырамас, қымбат бір бөлшегі. Ол музыка біздің бойымызда биік ізгілік мұраттарды қалыптастырады.

Екеуі бірге: Мұқан Төлебаев музыкасы мәңгі жасамақ!!!

Біріккен хор «Самғау»

«Біржан-Сара» операсынан үзінді

Музыка ойналады.

Өнерімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Бірге: Хош сау болыңыздар!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно