Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның маңызы

Искакова Асел Молдахметовна
Преподаватель химии и экологии
Многопрофильный медицинский колледж «Туркестан»

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі:

·сабақта жалпы топпен жұмыс істеу.

·көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсіндіру.

·интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

·пысықтау.

·сараптау, саралау.ы

·кестелер мен сызбалар құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Жарғақшаның қызметі мен молекулалық құрылымын;
  • Жарғақшадағы липидтер мен белоктардың қызметі иен типтерін;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың жасушалық құрлымын;
  • Жарғақша арқылы тасымалдануын;
  • Жасушаға берілу сигналдарының негізгі кезеңдерін.

Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Молекулалы биологияның қырлары туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: Мамандығын сүюге және пәннің болашақ дәрігерлерге маңыздылығы туралы айту. Молекулалы биологияның зерттеу жетістіктерін қолданудың этикалық эстетикалық нормаларына түсінік беру. Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнішілік байланыс:

Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның маңызы

Жасуша жарғақшасының құрылысы. Жасуша жарғақшасының құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі. Электрондық микроскопты пайдаланып жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік және жануар жасушасы жарғақшасының құрылысы толықтай анықталды. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік жасушасы жарғақшасының жасұнықтан (клетчатка) тұратындығы және оның тірек қызметін атқаратындығы дәлелденді. Егер өсімдіктің жапырағын бірнеше рет бүктеп қайта жазса, біраздан кейін бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылыс жасуша жарғақшасының серпімділік қасиетін білдіреді. Сонымен қатар бұл - өсімдік жасушасы жарғақшасының физикалық қасиетіне тән құбылыс.

Табиғи талшықтардан тоқылған маталарды бүктегенде және үтіктегенде, бұрынғы қалпына қайта келеді. Ендеше, өсімдік жасушасы жарғақшасының физикалық қасиетіне оның серпімділігі, жұмсақтығы, қаттылығы және майысқақтығы жатады.

Жануарлар жасушасының жарғақшасы үш қабаттан тұрады. Ішкі және сыртқы қабаттары ақуыз (белок) молекулаларынан, ал ортаңғы қабаты екі қатар фосфолипид молекуласынан тұрады.

Жануарлар жасушасының сыртқы қабықшасы жұмсак, созылғыш келеді, ол гликокаликс молекуласынан түзіледі. Жасушаның сыртқы қабаты оны сыртқы ортадан беліп тұрады, ал ішкі қабаты көпіршік түрінде болады да, құрамындағы заттарды цитоплазмалардан ажыратады. Жасуша жарғақшасы шалаөткізгіштік қасиетке ие, оған дәлел кейбір заттар жасушаның ішіне тез өтеді, ал кейбіреулері өте алмайды.

Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер):

Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның маңызы

Тасымалдау қызметі. Сыртқы ортадан жасушаға су, әр түрлі иондар және т.б. молекулалар плазмалемма арқылы өтеді немесе керісінше одан шығады. Ірілеу молекулалар баяу өтеді де, ұсақ молекулалар тез өтеді. Ең жылдам өтетіндер - су молекуласы. Плазмалеммадан су молекуласының тез өтетіндігіне мынадай қарапайым мысал дәлел болады. Егер эритроицитті концентрациясы өте төмен тұзды ерітіндіге салсак, онда сыртқы ортадан су жасушаға көп сіңіріліп, көлемі ұлғаяды да, соңынан эритроциттің жарғақшасы жарылады. Керісінше, эритроцитті концентрациясы жоғары тұзда суға салса, онда жасушадағы су бөлініп сыртқа шығады да, ол жиырылып қалады. Бұл тәжірибе судың өту жылдамдығының тез екендігін көрсетеді.

Плазмалемманың адгезиялық (жабысу) қызметі құрамындағы арнайы адгезиялық гликопротеиндердің көрші жасушалар бетінің немесе қоршаған жасушааралық заттың сәйкес құрамдастарымен өзара әрекеттесуі арқылы бірін-бірі танып байланысуы.

Липидтер – бұл суда ерімейтін, бірақ бензин, эфир және ацетонда еритін органикалық заттар болып, олар жануар және өсімдіктердің барлық жасушаларында кездеседі. Оларға майлар, глецитин, холестерин, А,Д,Е витаминдері және жыныстық гармондар жатады.

Ақуыздың құрлысы. Ақуыз молекуласы химиялық құрылымы жөнінен гетерополимерлер болып табылады. Себебі, оның құрамына кіретін аминқышқылдары құрылысы жөнінен әр-түрлі болып келеді. Оны былай бейнелеуге болады: А-Б-В-Б-А-В-Г және т.б. Табиғатта кездесетін 200-ден астам аминқышқылының 20-сы ғана ақуыз молекуласының құрамына кіреді. Ақуыздар құрамына байланысты екі топқа бөлеміз: жай ақуыздар протеиндер, және күрделі ақуыздар протеидтер.

Ақуыздың қызметі. 1. құрылымдық 2. катализаторлық 3. қозғалтушы 4. тасымалдаушы

5. қорғаныштық6. энергетикалық

Жасушаралық байланыстар. Жасушалар бір-бірімен жасуша-орталық байланыстар арқылы бірігеді. Жасушаның жарғақшасы тегіс болмайды, бір жасушаның өсіндісі екіншісінің ойығына кигізіледі де, берік байланыс түзеді. Сондықтан жасушаларды жекелеп бір-бірінен бөліп алу мүмкіндігі болмайды.

Уақыты: 90 минут.

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар: Плакат: Жануар жасушасындағы пино- және фагоцитоз.

Үлестірме материалдар: кеспелер, тесттер, сөз жұмбақ, интернет материалдары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі- 5мин

Студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына назар аудару, журнал толтыру және студенттердің эейінін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау(2-3мин): Студенттерге жаңа пәннің, жаңа тақырыптың міндеттері мен мақсатын және мақсатқа жету үшін студент нені білуі тиіс екенін айтып өтемін.

2 Білім деңгейін бақылау (актуализациялау) -20 мин

Білім деңгейлерін тексеру әдістері: сұрақ-жауап, тест сұрақтары.

Бақылау сұрақтары:

 

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

Тақырыбы: : Жасушаның тіршілігіндегі жарғақшаның маңызы.

1.Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның маңызы;

2.Плазмалемма дегеніміз не?

3.Плазмалық жарғақшаның қызметі;

4.Плазмалық жарғақшаның транспорттық қызметі.

5.Активті транспорт дегініміз не?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру- 40мин

Тақырыбы: : Жарғақша арқылы тасымалдану.

қолданатын әдістер: түсіндіру, көрсету, мәселелі, инновациялық технологияларды

қолдану т.б.

тақырыпты түсіндіру жоспары:

·Жарғақша арқылы тасымалдану;

·Жасушаралық байланысты;

·Плазмалемманың адгезиялық (жабысу) қызметін;

·Липидтер

·Ақуыздың құрлысы.

4. Жаңа тақырыпты пысықтау 10 -15 мин

  • қолданатын әдістер: фронтальді сұрау, жалпылама сұрау, әнгімелесу, дискуссия.

Оқушылардың тақырып бойынша материалды қалай игергендігін байқау және алған білімдерін бекіту мақсатында жоғарыда көрсетілген әдістермен тексеріледі.

5. Қорытындылау 5 – 7 мин.

Оқушының сабақ барысында белсеңді, жақсы немесе нашар қатысуы айтылып, қорытынды баға шығарылады.

6.Үйге тапсырма беру 5 - 7 мин

Тақырыбы: : Жарғақша арқылы тасымалдану.

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Тасымалдау қызметіне сипаттама

2. Плазмалемманың адгезиялық (жабысу) қызметі

3. Қарапайым жасушааралық жалғау

4. Липидтер

5. Ақуыздың құрлысы

6. Жасушааралық байланыстар.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно