Темір дәуіріндегі Қазақстан тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Реклама
Дюсегулов Берикжан Оралгазиевич
Преподаватель истории
КГКП «Политехнический колледж города Аягоз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің темір дәуірінде Қазақстанда мекен еткен тайпалар мен одақтар жайлы алған білімдері толықтыру, жүйелеу.

Дамытушылық: Студенттердің ой өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұлтжанды, отансүйгіш, адал, тарихи дерексөздерді құрметтейтін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Теориялық сабақ.

Сабақтың әдісі:Аралас.

Сабақтың техникалық жабдықталуы: Интерактивті тақта.

Сабақтың көрнекілігі: Карта,плакаттар жинағы.таратпа материалдар,темір монеталар,флипчарт.

Пәнаралық байланыс: Биология, география.

Сабақтың жоспары:

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2

2.

Картамен жұмыс

4

3.

Үй тапсырмасын тексеру

5

4.

«Тұлғаны таны»ойыны

10

5.

Шығармашылық тапсырмалар

8

6.

«Өз ойыным»

51

7.

Сақтар жайлы кесте толтыру

3

8.

Үй тапсырмасын беру

2

9.

Бағалау

3

10.

Қорытынды

2

Сабақтың барысы:

1. Оқушылармен амандасу,түгендеу.Аудитория әзірлігін тексеру.Сабақтың барысымен таныстыру.

2. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Темір дәуіріндегі Қазақстан».Темір дәуірі жалпы екі кезеңге бөлінеді.Темір дәуірі Б.з.б 8 ғ мен б.з-ы 6 ғасырларды қамтиды.Бірінші кезең ерте б.з.б 8-3 ғғ және кейінгі кезең б.з.б 3 ғасыр б.з.б 6-ғасыр.Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс онда әрі жетіле түсті.Адам санының өсуі,сыртқы жаудан қорғануы ру тайпалардың өзара көбірек араласуына себеп болды.Рулар үлкен тайпаларға бірігіп,ал тайпалар өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды.Олар сақ,ғұн,қаңлы,үйсін,сармат.Соның ішіндегі ірі одақтардың бірі-сақтар.Сендер өткен сабақта үш топқа бөлініп сақтар жайлы мәлімет әзірлеулерің керек болған.Сол мәліметтеріңді тыңдасақ және олардың қоныстанған мекенін алдарыңдағы картадан көрсетіңдер. (оқушылар алдын-ала әзірленген шығармашылық жұмыстарын қорғайды).

3. «Тұлғаны таны»ойынын ойнайық.Ол үшін мен әрбір топқа бір сұрақтан қоямын.Әр сұрақтың жауабы 3 монетамен бағаланады.Сұраққа бірден жауап бере алмаған жағдайда көмектесетін ақпарат беріледі,бірақ монетаның саны біреуге кемиді.

4. Қазір әрбір топқа қандай да бір сақ дәуірінде қолданылған бұйымдарды жасау технологиясы және қолданылған шикізаттарды айтку керек көмек ретінде мен тақтаға шикізат атауларын көрсетемін.Сендер сол тізімінен өздеріңе қажетті шикізаттарды таңдап,бұйымды жасау технологиясын айтуларың керек.Дұрыс жауап үшін 2 монета иеленесіңдер.1 монета-технологиясын дұрыс айтқандарың үшін,ал екінші монета-шикізатттарды дұрыс таңдағандарың үшін.

5. «Өз ойыным»ойынын бастасақ.Ойынның шарты:Әр топтан 4 студент шығады.3 студент сыртқа шығады да,бір-бірден кіреді.Ал іште қалған студентке мен мысалдар келтіріп,сұрақ қоямын.Ол сұрақтың жауабы қандай да бір тарихи оқиға.Жауап бергенннен кейін іште қалған студент сырттан кірген студентке мен келтірмеген мысалдар айту арқылы,іс-қимылмен жауапты көрсетеді.Сырттан кірген студент ол жауапты табуы керек,және сыртттан кірген топтың келесі мүшесіне өз нұсқасын келтіруі керек.Топтың барлық мүшелері ойнап болған соң дұрыс жауап айтылады.Әрбір дұрыс жауап үшін 1 монета иегері атанасыңдар.

6. Слайдтағы кестені толтыру.

7. Үй тапсырмасы: Топқа бөлініп ғұн тайпасы жайлы ақпарат жинақтау.

8. Слайдтағы тапсырмаларды орындау.Олай болса бүгінгі еңбегімізді бағалайық.

9. Әрбір топтың жинаған монеталарын санап,оқушыларды бағалау.

10.Осымен сабақ аяқталды.Сау болыңдар!

«Тұлғаны таны» ойынының сұрақтары

1. Сұрақ:Ол сақ тайпасының жауынгері.

1-көмек.Ол «қолдарыңнан келгенін істей беріңдер»деген.

2-көмек.Грек тарихшысы жазғандай сақ көсемдерінен жәбір көрген.

3-көмек.Кир патша қайтыс болғаннан соң 11 жыл өткенннен кейін болған оқиғаға қатысқан.

Жауабы:Шырақ

2. Сұрақ:Оның әкесі б.з.б. 4 ғасырда сақ тайпаларына қауіп төндірді.

1-көмек.Грек тарихшысы Аррион сақтар оның әскерін қырғынға ұшырата жаздады деп жазды.

2-көмек.Оның әскелері Мароккана қаласында орналасты.

3-көмек.Оның әскері батыстан келді.

Жауабы:Ескендір Зұлқарнайын(Александр Македонский)

 

3. Сұрақ:Оның әскері б.з.б. 6 ғасырда сақ тайпаларының жеріне басып кірді.

1-көмек.Томирис патшайым онымен келіссөз жүргізуден бас тартқан.

2-көмек.Ол Томирис патшайымның ұлын өлтірген.

3-көмек.Томирис патшайым оның басын алған.

Жауабы:Кир

«Өз ойыным» ойынының тапсырмалары

1. Ол жердің осы картоппен байланысты

(столда шірік картоп тұрады).

Жауабы:Шірік-Рабат.Ол Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан.

2. Ол баласын «ботақаным»деп еркелете алады.

Жауабы:Түйе

3. Онымен сақтар айналысқан және ол ас атасымен байланысты.

Жауабы:Егіншілік

 

Скачать презентацию

скачать dle 11.0фильмы бесплатно