ПВХ материалынан кәдесый жасау

Реклама
Ниязбеков Бауржан Айтжанович
технология пәнінің мұғалімі
Түркістан қаласы, № 27 жалпы орта мектебі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:оқушыларға ПВХ материалынан кәдесый жасауды үйрету.

ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Теория тұрғысынан алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке, Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, жұппен жұмыс жасау.

Пән аралық байланыс: математика, физика, тарих.

Сабақтың көрнекілігі:стендтер, құралдар-саймандар, проектор, слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин)

Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10-12 мин)

Өткен сабақта біз құрастырып, бекітудің түрлерін өткен болатынбыз. Құрастырып, бекітудің түрлерін бір қайталап өтейік.

І Деңгей

1.Қатты ағаштарға шеге қалай қағылады?

Қатты ағаштарды құрастырып бекіту үшін шеге мөлшерінің жартысына тең етіп ағашты бұрғымен тесіп алып барып қағамыз.

2.Ағаш ұсталығында кеңінен қолданылатын шеге ұзындығы?

Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатын шегенің ұзындығы 8мм-ден 50 мм-ге дейін жететін шегелер.

3.Бұрама шегелердің қандай түрлері бар?

Жалпақ бұрауышқа арналған, кесік ойықты, крест ойықты.

ІІ Деңгей

4.Желімнің қандай түрлерін білесіңдер?

Синтетикалық желімдер, шел желімі, сүйек желімі, казеин, шайырлы желімдер және т.б

5.Біздің өнеркәсібімізде қандай бұрама шегелер шығарылады?

Біздің өнеркәсібімізде 6 мм-ден 120 мм-ге дейін, диаметрі 1,5 мм-ден 10 мм-ге дейін жететін шегелер жасалып шығарылады.

6.Бөлшектерді тұтастыру мен біріктіруді не үшін қолданады?

Бөлшектерді тұтастыру мен біріктіру жиһаз өңдеу саласында кеңінен қолданылады. Дайындамаларды біріктіру үшін қолданылады. Музыкалық аспаптарды жасауда да тұтастыру мен біріктіру қолданылады.

ІІІ Деңгей

7.Тиектеп бекітудің қандай элементтерін білесіңдер?

Тиектеп бекітудің мынадай элементтері бар: тиекті-кертікті тетіктер арқылы құрастырып-бекіту, ұзындығы мен енін тиектеп бекіту, бұрышты тиектеп бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ (15-20 мин)

Біз бүгінгі сабақта ПВХ материалынан кәдесый жасауды үйренеміз. ПВХ (поливинилхлорид) – түссіз, не ақ түсті пластмасса, винилхлоридтің термопластикалық полимері. ПВХ материалы минералды майларға төзімді. Ыстықта +70 градусқа дейін, ал суықта -15 градусқа дейін төзеді. ПВХ электр кабельдерін жасауда, құбырларды жасауда, термопластикалық есік-терезе жасауда қолданылады. ПВХ-ны тіпті киімге де, аксессуар жасауға да қолданады. ПВХ материалынсыз қазіргі таңда өндірісті елестете алмаймыз. Кез-келген жерлерде ПВХ-дан жасалған материалдар табылады.

Жұмыс жасау алдында оқушыларға мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі ескертіледі.

Техника қауіпсіздік ережелері:

1.Пышақтың жүзі өткір болуы тиіс.

2.Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.

3.Кесу кезінде пышақты дұрыс пайдалану қажет.

4.Пышақты берген кезде жабық жүзін өзіне қаратып беруі керек.

5.Пышақтың сынған бөлігін тастауға болмайды.

6.Желім тез жабысатын болғандықтан, оны абайлап пайдаланған жөн.

7.Желімді қатты қысып сығуға болмайды.

8.Кесу кезінде пышаққа саусақты тым қатты жақындатуға болмайды.

9.Пышақтың өткірлігін саусақпен тексеруге болмайды.

Жұмысты бастау үшін оқушыларға технологиялық карта таратылып беріледі.

ПВХ материалынан кәдесый жасауға арналған

технологиялық карта

қ/с

Жұмыс түрі

Графикалық кескін

Материалдар, құралдар

1

ПВХ материалын дайындау

ПВХ материалы

2

Дайындаманы өлшеп әзірлеу

Сызғыш, карандаш

3

Өлшемдер бойынша кесу

Сызғыш, пышақ

4

Дайындаманың бөлшектерін өзара желіммен біріктіру

Сызғыш, пышақ, желім

5

Арнайы дайындалған суреттерді өлшеп қырқу және жапсыру

Сызғыш, пышақ, қайшы, арнайы суреттер

ІV. Сабақты бекіту (5-8 мин)

Сабақты бекіту бөлімінде оқушылар жасаған бұйымдарындағы суреттер бойынша өз ойларын ортаға салып, қорғап шығады.

V. Сабақты қорытындылау (3-4 мин)

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: ПВХ материалының өндірісте қолданылуы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Технология, 7 сынып
  2. Интернет материалдары
скачать dle 11.0фильмы бесплатно